Толғаныс. Өлең
Толғанып айтам сөздің ашығын,
Сөз маржанынан естіледі асыл үн.
Қара сөздің құдыреттілігі соншалық,
Ынтызар қып алып кетеді ғашығым.
Ғашық болып қалдым неге соншалық,
Ғашықтық сырды айтайын ақтарып.
Ойымдағы мұңлы шерді жеткізер,
Өлеңдерім шығып жатса қатталып.
Болмаса-дағы ардақтайтын асылың,
Болсын жырым жанға жылу шашуым.
Құрастырған көрпесіндей апамның,
Шыға берсін өлең болып басылым.
Серік ДЕРБІСБАЕВ