Шымкентім менің шырайлы. Өлең

Oinet.kz 08-01-2020 2960

Шымкентім менің, шым қала ғой шырайлы,

Халқыма менің қашанда жырым ұнайды.

Елбасы өзі Оңтүстікке келіп айтқандай,

Үшінші қала боп қалатын да сыңайлы.


Жаңарып жатыр, сәулеттенуде қаламыз,

Қуана қарайды қаламызға бала-шағамыз.

Күн өткен сайын түрлене түскен мекенім,

Әр баспанада бақыттың шамын жағамыз.


Самала шаммен көшелеріміз түрленді,

Тазалығы оның шын қуанышқа бөлейді.

Гүл шоқтары қыр гүліндей жайқалған,

Ұл-қыздарым шоқ жұлдыздарға теңейді.


Келбетіңнен айналдым Шымкентім,

Шырайлы шым қалаға айнал сен.

Қазақстан туын биікке асқақтатып,

Оңтүстіктің даңқын асыр әлемге кең.

Толғаныс. Өлең
Білімді мыңды жығады шығарма
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу