Білімді мыңды жығады шығарма

Oinet.kz 01-01-2020 5060

Білім - теңіз. Білімнің шегі жоқ. Адам бұл өмірде бәрін білдім, болдым десе қателеседі. Себебі ол расымен де теңіз секілді. Ешқашан да бітпейді. Білімді адам қашан да кез келген ортаның алды болады емес пе? Сондықтан болар ата-анамыз бізді жастайымыздан білімге, ғылымға баулиды. Білім біздің болашақта жейтін нанымыз.

Znalezione obrazy dla zapytania знание

Қазақта күшті бірді жығады, білімді мыңды жығады деген асыл сөз бар. Адам егер де көп уақытын түрлі ақпараттың, кітаптардың соңында өткізер болса, ол мыңнан жүйрік атанады. Білім кез келген адамның келбетін, санасын сұлуландырып тұрады. Адам өмірінде білім аса маңызды рөлді ойнайды. Білімсіз адам жалаңаштай, ол ештеңе білмесе , онымен сөйлесетін де дәнеңе қалмайтындай. 

Білім - бұл үнемі маңызды ақпаратпен толықтырылатын қобдиша. Білім алаотырып, біз болашақта баға жетпес қызметке орналаса алатын тәжірибе жинақтаймы з.

Біз білімді кейде еріксіз алып жатамыз. Себебі білім барлық жерде. Ол анамыздың бізге айтқан ақылында, достарымызбен сөйлескен аз ғана уақытта... Білімді болу үшін адамға тау қопарудың қажеті жоқ. Тек үнемі ізденісте болсаңыз болғаны.

Қазірде білім аламын деген жастарға көптеген жағдай жасалған. Тегін үйірмелер, онлайн, оффлайн үйірмелер секілді орталарда адам тез білім алады, көп нәрсеге үйренеді.

Шымкентім менің шырайлы. Өлең
Көңіл айту. Өлең
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу