Көңіл айту. Өлең
Аға, жеңге қайғырма,
Қайғырғаннан не пайда?
Тосын болған бұл бір іс,
Сұм ажалға жоқ айла!
Өмірден озды балаңыз,
Қалай болған деп алаңбыз.
Аман болсын ұрпағы,
Орнын басар деп санаңыз.
Сабыр қыл, аға, сабыр қыл,
Жасаған берген тағдыр бұл.
Асыл бейнесін жасырды,
Сұр топырақ - жасыл қыр.
Қазаның алдын жарық қыл,
Пендеге келер қалып бұл.
Соңындағы ұрпағын,
Жақсылыққа жолықтыр.
Серік Дербісбаев