Зар заман ақындары туралы шығарма

Oinet.kz 01-01-2020 3469

«Зар заман» Шортанбай ақынның жыры, жырда қазақтың басындағы ең зарлы заманның қасіреті, қиындықтары бейнеленген. Шортанбай ақынның өзі де әдебиетіміздегі «Зар заман» деп аталатын әйгілі кезеңнің ірі өкілдерінің бірі.  Ресей отаршылдығының зорлығын көзімен көріп, жанымен, тәнімен сезінген ақын өзінің «Зар заман», «Бала зары», «Тар заман», «Опасыз жалған», т.б. толғаулары арқылы ақиқаттың астарын ашып көрсетті.

Znalezione obrazy dla zapytania зар заман ақындары

Қазақ жерінде ХVІІІ ғасырда Қазақстанның Ресей құрамына өтуі нәтижесінде зар заман кезеңі басталды. Зар заман ақындары кімдер? Олар Дулат Бабатайұлы, Мұрат Мөңкеұлы, Шортанбай Қанайұлы және Әбубәкір Кердері, Аубан Асан , т.б. Мұхтар Әуезов Аблай хан тұсынан Абайға дейінгі жүз жылға ұластырып Нарманбетпен аяқталды (2,168 б.). зар – заман тұсынан қазақ әдебиеті жазбаша сипат алғанын отан көрсетеді. Патша үкіметі құрамына өткен қазақ алдымен өзге елдерден қорғанамыз деп қуанса, бірте-бірте елге кіріп алған орыстардың саны өсті. қазақ өзінің тілі мен дініне сай өмір сүре алмай, салт-дәстүрі санасынан ысырылып бара жатқанын байқады. Ел ішінде алауыздық орнады. Ұрлық, қарлық көбейіп, қазақ орысшалана бастады. Ал ұлтым деп көтерілгендер бірден ұлтшыл деген айып тағылып, жер аударылды, лагерьлерде болды немесе азаппен өлтірілді.

Осы уақыттарда өмірге келген ақын, жазушылар мұндай табаға қарсылық өлеңдерін, туындыларын жазып жатты. Оның бәрі де ұйықтап қалған санасын оятпақ болады. Олар шығармаларында өткенін аңсайды. Орыстың отарынан хандықты құп көреді. Бұл зар заманның жырын жырлағандар қазір де әділдіктің жаршылары болып еске алынады.

Қыз іздеймін анамдай. Өлең
Толғаныс. Өлең
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу