Табиғат туралы шығарма
Табиғат деген не? Табиғат біздің қоршаған әлеміміз, нанынберіп отырған анамыз, паналап отырған үйіміз деп білемін. Рас-ақ, табиғаттың адам өміріндегі маңызы айрықша.
Табиғат ана өзінде қаншама адам мен жан-жануар, жәндіктер мен құстарды, бүкіл тіршілік атауын паналатып отыр.
табиғат бізге кешегі күннен аманат. Біз оны құрметтеп, қастерлеп, ертеңгі ұрпаққа аманаттауға тиістіміз. Үнемі оны қорғауымыз қажет. Себебі біз табиғат перзенттеріміз, оның нанын жеп, суын ішіп отырмыз.
Ол адам баласына ерекше қуат береді, таза ауасын сыйлайды. Біз табиғат жанашырларымыз. Оны ешқашан ластауға, кірлеуге болмайды. Табиғат барша адамзаттың айнасы.
Табиғаттың әсем пейзажы әр адамның жанына дауа, дертіне шипа саналады. Иә, дертке шипаны басқа жақтан емес, табиғаттың өзінен аламыз. Сондықтан да қоқыстарымызды жинап жүрейік, жан-жануарларға өамқор болайық, ағаштар егейік. Себебі табиғат - бәрімізге ортақ!