Махаббат туралы шығарма
Махаббат - ұлы сезім!
Махаббат өте ұлы сезім. Әрине, басқалары үшін аса маңызды болмауы да мүмкін, дегенмен мен махаббатты қатты құрметтеймін. Меніңше бұл сезімді сезінбеген адам жүрексіз адам ғана шығар. Себебі ұлылардың ұлысы да махаббат жырын жырлап, ғашықтық сезімін дәріптеп жатады.
Бір адамды кіршіксіз таза көңілмен сүйе білу де өнердей. Адам бойындағы ғажайыбымен, жаман қасиеттерімен де, оның дене бітімі, түр әлпетіне де қарамай сүйе білу махаббаттың ұлысы.
Ғашық болу - өзінде қаншама сезімдер шоғырын топтаған арпалысқан жүрек, албырт сезім. Сүйгеніңмен бірге қартаюды адамдар босқа тілемесе керек. Себебі жалғыздық тек құдайға жарасқан екен. Ал адам баласы бір басының екеу болып, соңынан ұрпақ қалдырып, сүйіспеншілік сезімін басынан кешіруге не жетсін.
Бақытты болу үшін адамға тек сүю жеткіліксіз, сүйікті бола білу де өте маңызды деп есептеймін. Сен сүйген жанның сені де сүюіне не жетсін. Махаббат сезімдердің ішіндегі ең тәттісі. Мына 5 күндік өмірде барша адамзаттың осы бір ғажайып сезімді бір рет болсын басынан өткізгенін тілеймін.
Махаббат жыршылардың жырында, әншілердің әнінде, күйшілердің күйінде, ақындардың жыр шумақтарында текке кездеспесе керек. Сонда байқағаным махаббат жайындағы әр адамның ойы әртүрлі екен. Бұл махаббат ерекше назарға ие. Махаббат мәңгі өшпес адам санасына берілген тәтті сезім.