15 сәуір - Қозы Көрпеш-Баян сұлу күні

Oinet.kz 01-01-2020 1330

15 сәуірді адамдар ғашықтар күні деп ойлайтыны бар. Неліктен Қозы Көрпеш-Баян сұлу күні деп аталады деп ойлайсыз? Әрине, бұл қазақтың тарихындағы ауыздан-ауызға жеткен кіршіксіз махаббат пен өшпес табандылықпен өз сезімдері үшін күресіп, махаббат құрбандарына айналған қос ғашықтың құрметіне атау берілген. 

Znalezione obrazy dla zapytania Қозы Көрпеш-Баян сұлу күні

Ғашықтар күнін тойлау қазақтың салтында не мерекелер топтасында әуелден болған жоқ. Ол тек кейіннен тәуелсіздік алған жылдары бекітілген мерекелердің бірі. Ғашықтардың сезімдеріне қолдау көрсетіп, махаббат секілді ұлы сезімді ұлықтау мақсатында ең алғаш ғашықтар күнін тойлау идеясын Оңтүстік азаматы Дархан Мыңбай ұсынған болатын. Содан 1999 жылдан бері бұл күн ресми түрде ғашықтар күні болып бекітілді. Елімізде бұл мейрам жыл сайын тойланып келеді. Еңкейген қарттан, еңбектеген балаға дейін бұл мерекеде шын жүректен-жүрекке жететін сыйлықтар сыйлауға тырысып жатса, басқасы жыр шумақтарын арнап жататыны бар.

Ғашықтық - ұлы сезім, құдіретті күш. Ол адам бойына ерекше қуат пен өшпес естеліктер сыйлайды. Рухани байытып, бойындағы бар жақсыны оятады. 

Соңғы жылдары қайда барып басын соғарын білмей жүрген бәзбіреулер бұл мерекеге де шамданып, қазақтар ескіде ғашықтар күнін тойламаған, ол ұят қылық болған деп жатады. Алайда, менің пікірім, егер үнемі ескімен қала берсек, біздің даму мақсатымыз бен адами тұрғыдан алға жылжу жоспарларымызды қайда қоямыз? Әрине, ескі салт-дәстүрлерге айтар уәжім жоқ, алайда жаңа той-думан, мерекелерде ерсі қылық көрсетілмесе, неліктен  тойламасқа?

Махаббат туралы шығарма
21 қыркүйек - Бейбітшілік күні
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу