Төлеген Айбергенов. Күнделігінен
Бүгін əсіресе қатты болып отырмын. Қоңыраттағы апаларыма тастаған анам еске түсіп, оның үстіне Салтанаттың əжесін сағынып ұзақты күн жылауы қанша отырсам да өлең жаздырмады... Бүгін "Анна Каренинаның" біріншісін тамамдадым. Қарақалпақ жөніндегі (барып келсем де) жазам деген тамаша халім де ойымдағыдай орындалмайды-ау деп қауіптенемін. Кім біледі, бəрін де уақыт көрсетер.
1963 жыл, 23 қаңтар, дүйсенбі