Жансүгір Берсүгіров. Баласы Ілиясқа жазған хаты
Сәлем хат
Қадірлі балам Ілиясқа. Әкең, жәкеңнен Һәм Бибіден, Нұрғанидан, Қызырбектен тегіс сәлем. Қалай, аман-есен жүрмісің. Дені-қарның сау ма. Мәскеуге бардың ба. Толық хат жаз. Бұл жақтағы мал, бас тегіс аман. Мен болсам қартайдым. Енді оқу туралы жата бермей елге қайт. Аманшадан хабар алдық. Түктіде екен. Өзім барғалы жатырмын. Биыл тамаққа сатынатын емеспіз. Салған астықтан тамақтық алдық. Ел-жұрт тегіс аман. Бөтен айтарлық хабар аз. Аман бол. Аурумын. Қартайдым. Жаз марттан қалмай қайт, бізді адам орнына көрсәнгіз деп хат йазғучы Жансүгір Берсүгіров.
Хатта жазылған Аманша — Ілиястың екінші әйелі.
Хаттың соңындағы "көрсәнгіз" (көрсеңіз), "йазғучы" (жазушы) деген сөздер — шағатай тілінде жазылған.
1926 ж. 14 қазан
Әсет Ақмолданың әлеуметтік парақшасынан алынды