Пәтеріміздегі сасық иіс, мәйіттің исі болып шықты

Oinet.kz 13-02-2023 8884

Пәтерден пәтерге көштік. Холодильник, стиральный машинам телевизор спальный барлығын жүк машинасына салып,саңғырлатып көшіп кеттік. Үй иесі қазақтар еді.

Screenshot_6.jpg

Өздері күшті қылып евро ремонт жасап қойған, керемет пәтер екен, барлығы новый санузел, кухня бәрі.Әрі ұзақ мерзімге деді. Жақында сатып алғанын айтты, бірақ өздерінің басқа үйлері болғандықтан бізге ұзақ мерзімге жалға берді. Қуанышымда шек жоқ, күйеуім де құдай ақырын берсін деп жүр.

Әрі үй өте ыстық еді. Бірақ қуанышым көпке созылмады, сол үйдің кемпірі, мазасыз әже күнде таң ертең келіп үйді тексере берді. Таңғы 6-7 де келіп алатын әдет шығарды. Мүмкін новый үй болған соң уайымдап жүрген болар деп ойладым.  Жоооқ - күнде күнде келе берсе мазаң кетеді екен кәдімгідей,анау не мынау неге олай тұр, балаларың неге жүгіре береді. Ол кезде екі бала. Неге кір жуып жая бересің, үйді сырысқа айналдыратын болдың ғой сен қатын деп. Тіпті маған ене болып алды. Күйеуім түнгі сменнен шаршап келген кезде оның ызыңы ұнамайды. Ақыры 3 ай ғана тұрдық.

Ендігі жолы агентство арқылы үй іздеуге кірістім, 10 мың теңге берсең любой үй тауып береміз деп жалмаңдап отыр. Таптым. Үй иесі Шымкенттік әйел болып шықты. Оған Рауан күдікпен қарады,осы Шымкентіктерге сенім жоқ, ұзақ мерзімге депу алып, любой время сатып кетеді. Қойшы тегі, олай емес деп шаң жуытпаймын. Ұзақ мерзімге беремін, өз үйім бар деді. Арзанға берді айына 35 мың теңге... Иә бұл жолы үш бөлмелі пәтерге коштік. 1 этаж. Ескі ремонт . Үш бөлмелі болғанмен, 90 жылдан бері ешкім тұрмаған үй секілді, бір терезесі жоқ, кленка қағылған. Таракандар Ассалаумағалейкум деп бір қарап өтіп кетіп жүр, қош келдіңіздер деп. Ұнамсыз іиіс бар. Көрші әжей орыс екен, бұрын бір шал тұрған екен, осы үйде өліп қалған, ұзақ уақыт бойы сол үйде мүрдесі қалып қойған. Ал енді тыныш ұйықтай алмаймын. Құран оқытып өзінше жеті шелпек тараттым, может духы ма рухыма жүрген шығар деп. Түнде кішкентай балалармен жалғыз ұйықтамай алмаймын, үйге үйрену өте қиын болды. Терезесі жоқ бөлмеден біреу кіріп кетсе қайтем, қасыма пышақ, оқтау, Рауанның темірлерін кроваттың астына толтырып ұйықтаймын, өзімше біреу кіріп кетсе, темірмен басын ұрып жарып, немесе бауыздап тастауға дайындалып жатамын. Телефон қасымда полный заряд. Сықыр еткен дауысқа елең етіп ояна берем. Үй иесі мүлдем мазаламайды, тек ақша алып кету үшін ғана келеді. 1 жылдан соң Майра мен үйді сатып жібердім, сендер тұра беріңдер ендігі жолы хозяйындарың орыс болады дейді. Ойбуйй үймен қоса бізді де орысқа сатып жіберген.

Ол орыс та тұрмайды екен, сатып алғанмен үш айдан соң Майра үйді сатуға қойдым енді клиенттер келеді, сатылып кеткенше тұра беріңдер деді. Күнде клиенттер келеді, есікке маза жоқ, үйді көрсетем, аяқ киіммен кіріп кетеді, топырлап. Ақыры сатылып кетті. Біз тағы пәтер іздеп сандалдық...

Қызыл көйлекті қыз болып көрінген жын
О дүниеде сүйгенімен қосылған жігіт...
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу