Ең үздік қорқынышты фильмдер

Oinet.kz 09-07-2020 1843

Қорқынышты жеңу үшін оған қарсы жүру жеткілікті. Әйтпегенде, сіз аяқ тартқан құбылыстың бәрі " қорұынышыңызға" айналады. Мистикалық сюжет- қорқытатын және қызықтыратын жұмбақ күйді бастан кешірудің тамаша тәсі. Жоғалған жасөспірімдердің жұмбақ әңгімелері, тылсым байланыс және уақыт кеңістігіне саяхат ойды шырмайды.  Назарларыңызға керемет күй сыйлайтын сериалдар тізбегін ұсынамыз!

«ОА» (2016 – 2019)

image.png

Netflix-тің 2016 жылы экранға шыққан "ОА" тележобасы драмма, мистиканың және ғылыми фантастиканың симбиозынан тұратын кинокартина.  Стандарттан тыс сюжеттің арқасында қазіргі заманның ең көп талқыланған сериалдарының бірі болды. Көптеген сыншылар бұл жобаны Дэвид Линчтың шығармашылығымен салыстырды. Мистикалық жанрда құсас элементтер жиі қайталанады, қараылық тосыннан болатын құбылыстар фильмде алдын ала болжауға мүмкіндік бермейді. 

"ОА" өмірінің жеті жылы құпияға толы  Прейри Джонсон есімді қыздың тарихын баяндайды. Ол қай жерде болғанын, балалық шағын қалай  жоғалтқанын шытырман оқиғалар желісі баяндайды. Сюжет дамуымен көрермендер маусымның соңына қарай Прейридің өмірінен көбірек мәліметтер мен құпияларды біледі.

"Өте қызық істер" (2016 – ...)

image.png

Кино жұлдызы Милли Бобби Браун ойнаған  "Өте қызық істер" жобасы экранға шыққалы төрт жыл болды. Киномандардың қызығушылығын осы уақыт аралығында еш жоғалтпаған. Хикая 1980-ші жылдары Хоукинс қалашығында орын алған тылсым туралы баяндайды.  Ғылыми фантастика мен детективтік триллердің үйлесімі, қызықты сюжет беделді рейтингтерде жоғары көрсеткішке жетіп, бірнеше номинацияларды иемденді.

"Түнек" (2017 – 2020)

image.png

Netflix компаниясы Германияда жасаған " Түнек "киножобасы Винден қаласының және онда тұратын бірнеше отбасының тарихын баяндайды. Сериал Миккель есімді балақайдың жоғаолуымен басталады. Кейіпкерлердің уақыт кеңістігінен азат әрекеттерімен толыққан сюжет жұмбақты ашуға қызықтырады. 

Көптеген көрермендер жобаның "Өте оғаш істер" сериалымен ұқсастығын айтады.  Дегенмен "Түнек" сюжеті мен атмосферасы мүлдем басқа кеңістік.  

«Касл-Рок» (2018 – ...)

image.png

Hulu сервисінің "Касл-Рок" жобасы, діни жазушы Стивен Кингтің шығармасының негізінде  түсірілген. Сюжет балалық шағы Касл-рокта өткен адвокат Генри Дивердің атауынан басқа ештеңе айтпайтын мекемеде жұмбақ жас адамның пайда болуымен басталады.

Драманың және мистиканың қоспасы бар детектив оқиға көрерменді шиеленіскен оқиғаларды қалт жібермеуге мәжбүрлейді.  Жұмбақ жігіттің рөлін орындаушы Билл Скарсгард, сыншылардың пікірінше, өте сенімді болып шықты, жобаға киноиндустрияда сенімді позицияны алуға мүмкіндік береді. 

"Үй қызметшісы" (2019 – ...)

image.png

Соңғы онжылдықтың ең танымал жобаларының біріне айналған картина 2019 жылы экранға шықты. Сюжет Филадельфия Шона және Дороти Тернермен байланысты оқиғалармен өрнектеледі.  Жұптың үш айлық ұлының қазасы ауыр соққы болады. Дороти қайғысын жеңілдету үшін  қуыршақ сатып алып баласына жасар қатынасындай мәміле танытады.  Онысы аздай «қуыршақ» ұлға күтуші жұмсайды. Бейсаналы құбылыстар көрерменді әу бастан еліктіріп әкетеді. Алдын болжап болмас оқиғалар қызық пен қорқыныш қатар байқалатын атмосфера орнатады. 

Суреттер ашық дереккөзден алынды

Кейде адам ішіне жын кіргенін байқамай қалады
О дүниеге саяхат: Қабірде ояну
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу