О дүниеге саяхат: Қабірде ояну

Oinet.kz 27-07-2020 1953

 Әлемді бірінші дүниежүзілік соғыстың соңына қарай бір түрлі сырқат жайлады. Оны «ұйқы ауруы» немесе летаргиялық энцефалит деп атап кетті. Бүкіл дүние жүзіндегі миллиондаған адамдардың симптомдарын көрген дәрігерлер бұл жұмбақ ауруды зерттей алмай  бастары қатты. Кей адамдар қайтыс болып жатты. Кейбір жан тәнін басқара алмай ұзаққа созылған ұйқыдан жапа шекті.

image.png

Бұл кеселді ең алғаш рет австриялық психиатр және невролог Константин фон Экономо 1917 жылы сипаттап берді. Ол ауру түрін «летаргиялық энцефалит» деп атады:  

 «Біз ауыру барысы өте ұзақ болатын ұйқы ауруын тіркеп отырмыз. Алғашқы симптомдары әдетте бас ауруынан және өзін нашар сезінушіліктен басталып, жылдам белгілі болады. Сосын, кейде науқастың сандырағымен бірге жүретін, ұйқышылдық күйіне түседі, бірақ пациент есін жинап алады. Ол мәнді, жағдайға үйлесімді жауаптар береді. Бұл ұйқышылдық күйі бір-екі күнде немесе бірнеше апта өткенде өліммен аяқталуы мүмкін. Басқа тұрғыдан алсақ, ол ауру бірнеше апта, тіпті бірнеше ай бойы өзгеріссіз тұра береді. Науқастардың жай-күйі әдеттегі ұйқышылдықтан мелшигендікке және комаға дейін түрленіп тұрады».

Өлім – Өмірдің ең жақсы өнертабысы

image.png

Суретте Стив Джобс

Летаргиялық ұйқы – патологиялық тұрғыда, бірнеше сағаттан, бірнеше күнге дейін созылатын ұйкыға ұқсас жағдай; барлық өмір нышандарының (қозғалмаушылық, зат алмасудың төмендеуі, сыртқы қоздырғыштарға сыр білдірмеуі немесе әлсіреуі) нашарлауымен сипатталады. Өмір нышаны тек өте мұқият зерттеу кезінде анықталуы мүмкін. Ауыр формасы өлімге өте ұқсас-жүрек минутына 2-3 соққы соғады, тері бозғылт және суық болады, тыныс алу сезілмейді. Летаргиялық терең уайым тудыруы мүмкін. Тағы бір гипотеза летаргиялық ұйқыны ғылымға белгісіз вирус тудырады. Мысалы, ХХ ғасырдың басында летаргиялық ұйқы салдарынан жерлену жиі орын алды. Летаргиялық ұйқыға ангинадан зардап шегетін науқастардың шалдығу ықтималдығы жоғары. Ми тіндерін зақымдаған мутирленген стафилокококк болуы мүмкін.  Ұзақ ұйқы кейбір препараттарды, соның ішінде вирусқа қарсы препарат қабылдағанға ағза жауабыболуы мүмкін. Кейде шынайы летаргияға ұқсас жағдай бастың жарақаты, қатты улану және қанның көп мөлшерде жоғалуынан туындайды . Летаргия жағдайындағы адам маңында не болып жатқанын біледі. Бұл жағдай нарколепсия мен энцефалиттен ерекше. Ең қауіптісі: летаргиялық ұйқыда тері бозарып суынады, қарашықтардың жарыққа реакциясы тоқтайды, пульс және тыныс алу әрең анықталады, артериялық қысым төмендейді, тіпті қатты ауырсыну реакциясын тудырмайды. Адамның нәжіс пен зәрдің бөлінуі тоқтайды. Ағзадағы бұлшықет босаңсады. Бірақ шайнау және жұту қабілеті сақталады. 

Өлім – тірі ағзаға қажетті барлық процестің тоқтауы, бір сәтте емес, бірнеше сатыдан тұратын процесс.  Әуелі, мидың белсенділігі күрт артып, содан соң өледі. Дене температурасы сағатына 1,6 градус төмендеп, бөлме температурсына жетеді. Дене жасушалары оттегі жеткіліксіздігінен өле бастайды. Жасушалар ыдырағанда, дене шіриді. Бұлшық еттерге кальций жиналып ширықтырады.  Мұндай ширығу 36 сағатқа жалғасады. Бұлшық еттер босаңсып, несеп пен нәжіс қалдықтары шығады. Денедегі тері құрғағандықтан шаш пен тырнақ өсіп жатқандай көрінеді. Денені бактериялар құрта бастағанда шаш түседі. Өлім процесіне тән ерекшеліктер науқаста байқалмайынша тәні қара жердің қойнауына енгізілмейді.

Стив Джобс: «Өлім Өмірдің ең жақсы өнертабысы іспетті. Ол – өзгерістің себебі. Ол ескіні құртып, жаңаға жол ашады» деген екен. Өлетініңді сезініп өмір сүрген жауапкершілікті арттырып, жан мен тәнді үйлесімде сақтайды.

 Тірідей жерленгендер

image.png

Суретте Николай Гоголь

Тірідей жерлеу – қылмыс, тірідей жерлену – қасірет . «Өлі жандар» романының авторы Николай Гоголь өмірінде тірі күйінде жерленуден аса қорыққан. Бала кезден латергиялық ұйқы белгілері болғандықтан, 2-14 күн аралығында ұйықтағанды қалыптылық деп бағалаған.  Толық томдық шығармалар жинағының 6-шы томында 1845 жылы жазған өтініші басылған. Өлімінен алты жыл бұрын мистикалық оқиғалардың ортасында жүретін жазушының қалдырған өсиетінің мазмұны мынадай: "Есімнен танбай және ақылымнан адаспай тұрған кезімде, соңғы өтінішімді ертерек жазып кетуді жөн санадым. Мүрдем иістене бастамайынша, менің тәнімді жер қойнына тапсырмаңыздар. Мұны естеріңізге салып отырған себебім, ауруым ұстағанда өмірлік белгілерім жоғалып, жүрегім мен тамырымның тоқтап қалған кездері болған".

 Гоголь қаза тапқан соң біршама уақыт жерлемейді. Жазушының өсиеті орындалған. Тіпті ол қайтыс болғасын 3 күн емес, бір жеті өткеннен кейін жер қойнына тапсырылған.  Гоголь жерленерде  бет пішінін алып қалған Николай Рамазановтың хатында былай делінеді: "Мен өз қолыммен Гогольдің бет пішінінің көшірмесін гипспен алып жатқанда, жазушы достарына жазып кеткендей, ешқандай да летаргияның белгісін көрген жоқпын. Бетперде дайын болғанан соң оның өмірге қайта келмейтініне анық көзім жетті. Ол ұйқыға кеткен болатын. Тек бұл қайта оянбайтын мәңгілік ұйқы еді", – дейді. Гогольдің қабірін ашқанда, табытынан тырнақ пен қан ізінің табылуы, мүрденің теріс жатуы елге күмән оятқан еді. Ақиқатын өзі ғана білетін аңыздарға бай Гогольдің өлімі құпиялыққа толы болуы заңдылық шығар, бәлкім... Айтпақшы, тірі жерленуден қорқып өткен жалғыз Гоголь ғана емес, композитор Фредерик Шопен, ертегіші Ганс Христиан Андерсен. Тафофобия (тірідей жерленуден қорқу) көптеген танымал адамдардың жанарынан байқалды.  Американың бірінші президенті Джордж Вашингтон, Марина Цветаева , Альфред Нобель секілді тұлғалардың бойынан тафафобия байқалды.

 Қабірде ояну

image.png

Суретте Эдгар По

Ақмола облысындағы Калачи және Красногорск ауылдарында тұрғандарының "ұйқы дертіне шалдыққандығы" елді елең еткізген болатын. Жергілікті адамдар бірнеше күн бойы ұйқысынан ояна алмай қалатын.  Әлемде талай қызық бар, осы тектес оқиғалар әлемнің әр бұрышында жиі тіркеледі. 

Гиннестің рекордтар кітабіна ең ұзақ ұйқысы арқылы енген Надежда Лебедина 1954 жылы күйеуімен жанжалдасып   20 жыл оянбаған. Элизабет Вуардак 27 жасында автокөлік апатына ұшырап 36 жылдан соң, 63 жасында оянады, содан бері бөлмеде жалғыз ұйықтауға қорқады. Буэнос-Айресте 5 жасар қыз 25 жыл ұйқыда болған. Ұйқыдан оянғанда, ол сол баяғы сәби күйінде болған. Алайда бір жыл ішінде өзінің биологиялық жасын қуып жеткен. Индияда қызметінен босатылған министр қатты күйзелістен летаргиялық ұйқыда жеті жыл жатқан.

Классикалық детектив жанрының негізін қалаушы, америкалық жазушы Эдгар По «Тірідей жерленгендер» шығармасында былайша сипаттайды : «Тірідей жерлену, әрине, жұмыр басты пенденің пешенесіне жазылған азаптың ең ауыры екені сөзсіз. Ал мұның жиі, тым жиі болып жататынын ақыл-есі түзу адам әсте жоққа шығармайды. Өйткені, Өмір мен Өлімнің шегі қалай дегенмен де алдамшы да белгісіз. Өмірдің қай арада бітіп, өлімнің қай арадан басталатының кім айта алады? Ауырған кезде кеудеде тіршілік нышаны қалмайтын дерттің бар екені аян, әйтсе де әділін айтқанда, сол тіршілік әсте тыйылып та қалмайды, тек уақытша ғана үзіледі. Адам сырын ұғып болмас тіршіліктің күрделі механизмі бір сәт тоқтайды. Мезгілі жеткенде, сол көзге көрінбейтін құпия құдіретті күш сиқырлы қанаттар мен киелі дөңгелектерді қайта қозғалысқа келтіреді. Күміс жөргем мәңгі үзіліп, алтын шөлмек әсте сынбақ емес. Алайда осы бір сәтте адам жаны қайдан пайда болады?». 

Өмірден кәрі де, жас та өтер. Аңыз Қорқыт құтылмаған өлімнен мына біздің құтылуымыз мүмкін емес. Осы сәттің қадірін біліп күн кешейік!

Суреттер ашық дереккөзден алынды

Ең үздік қорқынышты фильмдер
Адамдарды кескілеп өлтірген ең жауыз құпия қылмыскер
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу