Адамдарды кескілеп өлтірген ең жауыз құпия қылмыскер

Oinet.kz 07-08-2020 1827

ХХ ғасырдың басында "Ағаш кесуші" лақап атына ие болған маньяк бүкіл Луизиананы қорқынышта ұстады. Құпия қылмыскердің әрекеттері біртүрлі әрі қисыннан тыс еді. Назарларыңызға АҚШ тарихындағы ең жауыз қылмыскер жайлы мәлімет ұсынамыз. 

image.png

Қатыгез кісі өлтіру сериясы джаз музыкасына деген айқын құмарлықтың мотиві бар Ағаш кесуші  әлемдегі ең қауіпті және жұмбақ қандықол қылмыскер. Луизана тарихындағы ең жағаұстатар қылмыс жасаған кейіпкеріміздің қылмыстық жазадан қалай құтылғаны таң қалдырады. Себебі, оның кім екенін ешкім анықтай алмады. 

Ағаш кесуші 1918 жылы 22 мамырда алғаш рет қылмыс жасады.  Кісі өлтірушінің бірінші нысаны – ұйықтап жатқан күйі қастандыққа тап болған ерлі –зайыптылар еді. Түнгі сағат үш шамасында Ағаш кесуші Джозеф пен Кэтрин Мажоның жатын бөлмесіне кіріп, ерлі-зайыптылардың басын балтамен соққылап өлтіреді. Оқиға орнына келген полицейлер басы шабылған мәйіттерді тапты.Бұл қылмыс бүткіл Луизананы аяғынан тік тұрғызды. Тұрғындар қылмыскер ұсталмағандықтан «ендігі кім?» деген жанармен ертеңге сенімі аз күйде өмір сүрді. 

image.png

Ерлі-зайыпты Можолардың өлтірілуінен сурет

Көп ұзамай қылмыскер тағы ізін байқатты. Сол жылдың 6 маусымында Жаңа Орлеанның басқа тұрғындары Ағаш кесушінің шабуылына ұшырады. Қылмыскердің бұл «жортуылында» Луи Безумер және оның сүйіктісі Харриет Лоу Мажо мерт болды. Қылмыскердің құрбандары Еуропадан келген иммигранттар болды. Өлгендер арасындағы байланыс штат полициясына қылмыскер қаладдағы мафия өкілі болар деген ой әкелді. Бұл күдік қаладағы жаппай қылмыстың көбеюін қамтыған факторға айналды. 

image.png

Ағаш кесушіге арналған крикатура

Детективтердің адамдардан негізсіз күмәні артып, күдікті ретінде көп тануы қалада хаос орнатты. Полициия қала тұрғындарын күмәнді ретінде тұтқындап, қару тәркіледі. Бірақ, бұл қылмыстың тамырына балта шаппады. Нағыз қылмыскер өзінің қанды миссиясын жалғастырды. Алдыңғы кісі өлтіру факттерінен кейін 1919 жылдың 27 қазанына дейін он бір адам құран болды. Қаза болған жүкті әйелдің сәбиінің аман қалуы ғажайыппен тең еді. Екі жасар қызымен қылмыскердің назарына іліккен әйел қанша жалынса да, ағаш кесуші қос мұңлықты балтамен шауы өлтіреі. 

Ағаш кесуші кісі өлтіру үшін балта қолданатын.  Лақап атының шығуы осы факторға байланысты еді. Қызығы, ағаш кесуші құрбанының мешігіне тиеслі балта қолданған, әрі қылмыс орнынан бой тасалағанда балтаны өзімен бірге алып кеткен.  Өлтірілген адамның туысы қылмыс орын алған соң, үйдегі бірнеше киімнің жоғалғанын байқаған. Детективтер бұл әдісті ағаш кесуші ой шалғыту үшін жасайды деп болжаған. 

image.png

Ағаш кесушіның қылмыс орындарының картасы

Іс жүзінде жаңа фактілер көбейіп, маньяк шабуылынан кейін аман қалған куәгерлер пайда болғанына қарамастан, детективтер тіпті өлтірушінің шамамен портретін жасай алмады. Полиция қызметкерінің айтуынша, тірі қалған құрбандар гипнозға ұшырап, мүлдем басқа адамдарды сипаттаған. Атап айтқанда, 1919 жылы наурызда ағаш кесуші шабуыл жасаған Рози Кортимилла есімді әйел көршісі Лолрандо Джордано мен ұлы Фрэнк шабуыл жасағанын айтты. Розидің күйеуі әйелінің қателесіп тұрғанын айтты. Лолрандо мен Фрэнк қамауға алынып, өлім жазасына кесілді.  Көп өтпей Кортимилла ханым қателескенін айтып, айғақтарын қайтарып алған.Маньяктың өзі даңқ аңсап, Луизиана газетінің біріне ашық хат жазған.

 "Құрметті, Жаңа Орлеанның өлілері! Мені ешкім ұстай алмайды. Өйткені мен көрінбеймін. Мен адам емеспін, мен – рухпын. Сендерді тозаққа алып кету үшін келген жынмын. Ақымақ адамдар мені «Ағаш кесуші» деп ойлайды. Полиция жүргізген тергеу мені қызықтырды.  Оларға мені іздеуін жалғастыруға кеңес бермеймін. Себебі бұл әрекет мені ашуландырады. Мен седер  ойлағаннан әлдеқайда нашар адаммын", - делінген хатта.

Бұл жолдау тұұрғындардың зәре құтын ұшырды. Келесі жолдау біріншісіне қарағанда басымырақ резонанс тудырды. 

"Мен джазды өте жақсы көремін. Мен барлық шайтандармен ант етемін, мен джаз музыкасы естілетін үйлерге бармаймын. Сендердіңдің Ағаш кесушілерің!»

Жаңа Орлеан тұрғындарының бойын үрей биледіОлар маньяктың ұсынысын қабылдап,  19 наурызға қараған түні қалада музыкалық фестиваль ұйымдастырды.  Барлық отбасы Джаз әуенін тыңдаумен болды. 

Тіпті кей адамдар алаңқайда джаз композицияларын орындады. Айта кету керек, сол түні өлтіруші өз сөзін сақтап қалды және қарапайым адамдарға берген уәдесін орындады. 

Бірақ джазға деген құштарлық маньяктың жалғыз ерекшелігі емес. Бұл істі зерттеген детективтер оның қылмыстарының кейбір қисынсыздығына таң қалды. Қылмыскердің құрбандары әртүрлі жыныста, жаста, физикалық сипатта болған. Олар әртүрлі аудандарда өмір сүрген және әртүрлі әлеуметтік таптарға өкілдері  (бұл полицияның жергілікті мафиялар кісі өлтіруге қатысы бар деген алғашқы нұсқасын жоққа шығарды). Ағаш кесушінің адам өліргендегі таңдауы да ретсіз. Себебі ол отбасы мүшелерін түгел өлтірмей, куәгер қалдыратын кез жиі. Бірде тесіктен кірсе, бірден есіктен кіріп кісі өлтірушілік әрекеттерін жасаған. 

Қылмыскер қалай ғайыптан пайда болса, солай ізімғайым жоқ болды. Луизаналықтар 1919 жылдың соңынан бастап қылмыскерде құтылып терең тыныс алды. Күдікке ілінген адамдардың қатары көбейгенмен, нақты қылмыскер анықталмады. Ара кесушінің жолдуларына қарағанда оның тым ақылды әрі айлакер екенін ұғуға болады. Қылмыс әлемінде өшпес із қалдырған құпия жан көптеген фильмдерге арқау болды. Бүткіл штатты қорқынышта ұстаған қылмыскердің анықталмағаны әлі күнге дейін адамдарды таң қалдырады. 

Суреттер ашық дереккөзден алынды

О дүниеге саяхат: Қабірде ояну
Қазақ даласындағы тылсымға толы мекендер
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу