15000 теңге үшін аяусыз өлтірді: Алматыда көз жұмған жасөспірімнің өлімі жайлы

Oinet.kz 26-06-2022 1272

Алматыда бір тәулік бұрын жоғалып кеткен баланың денесі табылды. Жасөспірімнің өліміне жақын досы кінәлі болып шықты деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі Еуразия бірінші арнасына сілтеме жасап. 

Screenshot_1.jpg

Жасөспірімді оның жақын досы өлтірген болып шықты. Күдікті марқұмның үйінен бұған дейін 15 мың теңге ұрлап кеткен. 

“Досы Никита телефон соғып, кездесуге шақырған. Никита Тимурдың үйінде жиналған ақшасын ұрлап кеткен. Бірақ кейін қайтарамын деп уәде берген. Анасы Тимурға бармай-ақ қой, бәрібір ақшаны қайтармайды деп айтқан. Алайда бала ересек адамның айтқанын тыңдай ма? Тимур ол жақта өліп кететінін білмеді ғой”, – дейді марқұмның туысы Татьяна Огнева. 

Күдікті 14 жастағы Тимурдың басын жарып, кейін аяқ киімінің бауымен тұншықтырып өлтірген. Бұған қоса оны өлтірген досы марқұмның картасын алып, дүкенде сауда жасап үлгеріпті. Онымен қоймай, Тимурды іздей бастағанда түк болмағандай еріктілермен бірге жүрген. 

Қазір өлімнің нақты себебін анықтау үшін сараптама тағайындалып, күдікті қамауға алынды. Ол кісі өлтіргенін мойындады. Мұндай қылмысы үшін ересек адам 15 жылға дейін бас бостандығынан айырылады. Дегенмен күдіктің жасын ескере отырып, бұл мерзім азайтылуы мүмкін. 

Шатунов жоғары деңгейлі ӘНШІ емес
13 жыл бірге тұрса да бала сүйе алмай ажырасуға бел буған отбасы
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу