Түнде неліктен қараңғы?

Oinet.kz 12-06-2019 2047

5a463e8f370f2ccc398b45f2.jpg

Көбінесе бұл сұрақты өмірге алғаш қадам басқалы кішкентай балалар қояды. Ал бұл сұрақтың «ересек» атауы бар. Ол – фотометикалық парадокс. Ғалымдардың бірнеше ұрпағы бұл сұраққа жауап іздеген.

Жай ғана дұрыс емес..

Бірінші түсінектемеден бастасақ: жұлдыздар өте алыс, олардың жарықтары бізге жолда әлсірейді. Бұл мынандай шындыққа сәйкес келеді - жарықтандыру (жарық ағыны).  Жерден алыс болған сайын, жұлдыздар саны көбейеді. Ал осы жұлдыздар саны пропарционалды квадраттық қашықтыққа сәйкес өседі. Жұлдыздардың жарық болмауы, олардың санына байланысты екен. Қараңғылық та осыдан. Мұндай нәтижеге келген әйгілі ағылшын астраномы - Эдмунд Галлей. 1721 жылы 9 мамырда Э.Галлей Корольдік қоғамның кездесуінде «Жұлдыздар сферасының шексіздігі туралы» еңбегін жариялады. Онда ғаламды «пиязға» сәкестендіріп, пияз қабаттарының шексіздігін айтты. Бірақ өте алыс орналасқан жұлдыздарға мұндай сауалдың жақындығы төмен. Осыдан – түнгі аспан қараңғы дегені пайда болды. Бұл полемикалық ғылымға Галлей Иоганн Кеплермен бірге кірісті. Кеплер шын мәнінде осы мәселені ұзақ уақыт бойы шешуге тырысып, мынандай гипотезаға келді: Әлем шексіз емес, біз үлкен бұлттың ішінде орналасқанбыз, және біз тек осы бұлттың ішіндегі жұлдыздардың жарығын көреміз.

regnum_picture_1512366716267657_big.jpg

Егер санасақ ше?

Дегенмен, Галлейдің идеялары математикалық түрде жасалмады, тек көзқарас ретінде сақталды. Оның үстіне, кейінірек дәлелденді оның зерттеу жолы мүлде дұрыс емес. Матемтатикалық түрде нақты шешімге келіп дәлелдеген швециялық астроном және физик - Жан Филипп Луиде Шезо. 1744 жылдың соңында математикалық анализ жасап, таңқаларлықтай  шешімге келді: егер жұлдыздық кеңістік шексіз болса, онда аспан саласының кез-келген бөлігі Күн сияқты жарқылдауға тиіс, өйткені жұлдыздар бүкіл аспанды өз дискілерімен жауып тастайды. Осы пікірді қолдаған Генрих Вильгельм Маттиас Ольберс – арнайы әдебиеттерде оны асторномия саласын сүйгіш деп атайды. Бірақ оның асторономия саласына сіңірген еңбегіне ондаған ғалымдар-астраомдар әбден қызығады.

Ольберс ең ірілердің ішінен кіші планеталарды ашқан: Церера, Паллада, Веста, жәнетағы жеті комета. Сонымен қатар, комета орбиталарын анықтаудың жаңа әдісін әзірледі және Галлейдің қалыптастырған мәселесін мұқият зерттеді. 

ҰБТ-ға өзгеріс енгізіледі
Ғалымдар «қара құрдымның» фотосын көрсетті
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу