Ашық сабақ. Математика. Екі нүктенің арақашықтығы

Oinet.kz 26-11-2019 1143

Тақырыбы:Екі нүктенің арақашықтығы
Мақсаттары:1) Жазықтықтағы екі нүктенің арақашықтығы формуласымен танысып,есептер шығарып үйренеді;
2) ұғымдардың байланысын аша білу және есептер шығарғанда тиімді пайдалана білу машықтарын дамыту;
3)Бағамдау-бағалау әрекетіне сыни көзқарастарын қалыптастыру.
Сабақ типі: Фронтальді,топтық
Оқыту әдісі: Репродуктивті,ішінара ізденушілік
Сабақтың көрнекілігі:Интерактивті тақта,слайдтар
Мұғалім іс- әрекетінің тәсілі:Оқушыға алгоритмдік сілтеме жасау
Сабақтың құрылымы:І .Ұйымдастыру кезеңі:Оқушылармен сәлемдесу,зейіндерін топтау ,мақсат қою.
ІІ.Үй тапсырмасын тексеру: №173;177
Берілген нүктелерді коор-қ жазықтықта белгілеу;
Кесінді ортасының коор-н тап: А(-3;4),В(2;-2) х═(-3+2)/2=-0,5 у= (4-2)/2 ═1
(-0,5;1)- кесінді ортасының координатасы
ІІІ.Өтілген ұғымды жаңғырту:
Өткен сабақта қандай ұғыммен таныстық? Не туралы білуіміз керек?
Сұрақ туындатып,соған жауап береді.
ІV.Ақпарат алмасу:Слайдтар арқылы талдау
Мысал №1:
A(2,1) және B(5,5) нүктелері берілген. AB ара-қашықтығын табыңыз.
V. Құзырлылық қалыптастыру
І-деңгей : А(1;1) және В(5;5) нүктелері берілген.АВ ұзындығын тап.
ІІ-деңгей: А(-2;1),В(6;0) және С(0;0) нүктелері берілген.АВС үшбұрышының
периметрін тап.
ІІІ-деңгей А(2;1) және В(6;х) нүктелері берілген.АВ═5см.х-ті тап.

V.Шығармашылық әрекет : Топтық зерттеу жұмысы
Жұп-жұппен отырып, екі нүктенің арақашықтығын өлшейтін формуланың дұрыстығын тексеру үшін эксперимент жасаңыздар.
VІ.Рефлекция : Сабақта не өткенің туралы эссе жаз
Бағамдап-бағалау
1.Жиынтық бағалау;
2.Үйге:§14 №178; 183

Ашық сабақ, Математика. 8 сынып. Квадрат үшмүшені көбейткіштерге жіктеу
Ашық сабақ. Математика. Екі өрнектің квадраттарының айырымының формуласы
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу