Ашық сабақ. Математика. Екі өрнектің квадраттарының айырымының формуласы

Oinet.kz 26-11-2019 778

Сабақтың тақырыбы: Екі өрнектің квадраттарының айырымының формуласы.
Сабақтың мақсаты: а2 - в2 формуласымен таныстыру, формуланы өрнектерді ықшамдауда қолдану.
Сабақтың міндеттері:
Білімділігі: Формуланы көпмүшені көбейткіштерге жіктеуде қолдана білу, математика тілде сөйлеу дағдыларын қалыптастыру.
Дамытушылығы: Оқушылардың математикаға деген қызығушылығын деңгейлік есептер шығарту арқылы дамыту.
Тәрбиелігі: Оқушыларды көпшіл болуға үйрету өзара көмегін қалыптастыра отырып, жауапкершілікке дағдыландыру, өзін-өзі басқаруға тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: жаңа білімді меңгерту сабағы.
Сабақтың әдісі: сұрақ- жауап, деңгейлеп - саралап оқыту.
Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, кесте, слайдтар.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
ІІ. Теориялық материалды қайталау.
ІІІ. Жаңа сабақты меңгерту.
IV. Оқулықпен жұмыс. №152 (жұптары), №153 (жұптары), №155 (2,4).
V. Жеке топтық жұмыс. Деңгейлік тапсырма.
VІ. Белгісіз санды тап.Шығармашылық тапсырма.
VІІ. Инсерт кестесі бойынша білімді бекіту.
VІIІ. Қорытынды.
IХ. Бағалау.
Х. Үйге: №152 (тақтары) №153 (тақтары).

І. Ұйымдастыру кезеңі.
1) Оқушыларды түгендеп, сабақтың мақсатымен таныстыру.
2) Үй жұмысын тексеру.
ІІ. Теориялық материалды қайталау. Оқушыларға төмендегідей сұрақтар қойылады.
1)Бірмүше дегеніміз не?
2)Ұқсас бірмүше дегеніміз не?
3)Көпмүше деп нені айтамыз?
4)Көпмүшені бірмүшеге көбейту ережесін айт.
5)Көпмүшені көпмүшеге көбейту ережесін айт.
6)Екімүше дегеніміз не? Мысал келтір.
ІІІ. Жаңа сабақты меңгерту.

Ашық сабақ. Математика. Екі нүктенің арақашықтығы
Ашық сабақ. Математика.Жазықтықтағы тік бұрышты координаталар жүйесі.
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу