Ыдыстарға қатысты ырымдар

Oinet.kz 05-10-2020 1023

– Ыдыста ашық қалған тағамды жаратуға болмайды. Халық ұғымыңда ашық қалған тағамды жын-шайтан жалап кетеді деп санайды.
– Су құйылған немесе тағам салынған ыдыстың бетін ашық қалдыруға болмайды.
– Ыдыстың беті ашық қалса, улы жәндіктер түсіп кетіп, суды немесе тағамды бүлдіреді.
– Егер көршілер тамақ әкелсе, ыдысын бос қайтармайды. Бос қайтару көргенсіздік болып саналады.
– Бие сауатын көнекті төңкермейді және түбін таяқпен немесе қолмен ұруға болмайды. Ырыс-несібе кетеді.
– Қазанды ашық қалдыруға, төңкеруге болмайды. Халық ұғымыңда ашық қалған қазанды жын-шайтан жалап кетеді деп саналады.
– Қазанды төңкеріп қойса, ырыс-несібе кетеді.
– Ас ішкен ыдысты төңкеріп қоймайды. Ол ырысыңның таусылғанын білдіреді.
– Қонаққа кетік кесеге шай құюға болмайды. Бұл қонақты құрметтемеу болып саналады.
– Ішінде не бары білінбейтін ыдыстан ішуге болмайды. Ақ шыныдан жасалған ыдыстан ғана ішеді.
– Ыдыстан су ішерде азырақ төгіп жіберу қажет.
– Мыс және қола ыдыстарды тамаққа пайдалануға болмайды. Мұндай ыдыстарда тағам бүлінеді.


Пышаққа қатысты ырымдар
Өлікке қатысты тыйымдар
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу