Пышаққа қатысты ырымдар

Oinet.kz 05-10-2020 2100

– Пышақ қауіпті зат болғандықтан, онымен ойнауға, жүзін жалауға, адамға кезенуге болмайды. Сол себепті де оны сыйға бермейді және сұрап, қалап алмай-
– ды.
– Біреуге пышақ ұсынса ұшын – өзіне, сабын кісіге қаратып береді.
– Ет кескенде қатар отырған екі кісінің біреуі ғана пышақ ұстайды.
– Біреудің пышағымен ет кескенде құры қайтармайды. Ұшына май немесе ет шаншып береді.
– Бір нәрседен шошынғанда пышақты жастықтың астына қойып ұйықтайды.
– Мал баққан адам құр қол жүрмейді, қынды пышақ алып жүреді.
– Пышақтың жүзін көкке қаратып қоймайды. Бұл үйдің малы не жаны пышаққа түссін деген жаман ырымды білдіреді.
– Жақын адамнан пышақ, ине алмайды. Аралары суып кетеді.


Қол алысуға қатысты тыйымдар
Ыдыстарға қатысты ырымдар
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу