Сабақ жоспары: Алкандардың қасиеттері, қолданылуы

Oinet.kz 02-09-2020 1389

Оңтүстік Қазақстан облыстық білім, жастар саясаты

және тілдерді дамыту басқармасы

«№8 колледж» МКҚК

 

Химия және биология оқытушысы

Омарова Ләззат Шабазқызы

 

Алкандардың қасиеттері, қолданылуы

 

Сабақтың білімділік мақсаты: Оқушыларға алкандардың алынуын, физикалық, химиялық қасиеттерін және таралуын меңгерте отырып, химиялық реакция теңдеулерін сауатты жазуға дағдыландыру.

Сабақтың тәрбиелік мақсаты:
Оқуға саналы сезімге, жауапкершілікке, өз бетінше еңбектенуге тәрбиелеу. Тез ойлап, тез қорытуға және сөйлеу мәнеріне тәрбиелеу.


Сабақтың дамытушылық мақсаты: Логикалық ойлау қабілеті мен есептеу дағдыларын жетілдіру. Белсенділіктерін арттыру, оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыру, дамыту.
Сабақтың түрі: Жаңа білімді игерту сабағы.
Сабақтың әдісі: Түсіндірмелі сұрақ-жауап, ой-толғаныс. Репродуктивті кестелермен жұмыс. Деңгейлік тапсырмалар ;және ойын элементтері.

Көрнекі құралдар: алкандардың модельдері, пропан-бутан қоспасы, видео көрсетілімдер.

Сабақтың көрнекіліктері:

1. Интерактивтік тақта
2. Дидактикалық ойын

3. Зертханалық құрал-жабдықтар.

Сабақтың барысы:

I Ұйымдастыру кезеңі:
1. Оқушылармен сәлемдесу.
2. Оқушыларды түгелдеу.
3. Сабаққа қажетті құралдарын түгелдеп, дұрыс отыруына назар аудару.

II Үй тапсырмасын сұрау:

1. Деңгейлік тапсырмалар кеспе қағаздармен (тақтада шығарады).

№ 1 деңгей

1.        Затты атаңыз:


                СН3

 



                СН3                                                               

№ 2 деңгей

Құрылымдық формула құрастырыңыз

А)2,2,3,3-тетраметилпентан

Б)2,3-диэтилгексан

№ 3 деңгей

 Масса 86-ға тең алканның формуласын табыңыз және құрылымдық   формуласын құрастырып,

1 изомерін, 1   гомологын атаңыз.

2.      Іскерлік ойыны «Кім білімпаз?»:

1-      деңгей
1.1. Алкандар дегеніміз не? Алкандарды басқаша қалай атауға болады?

1.2 Алкандар неге қаныққан көмірсутектер деп аталады?
1.3 Гамологтар дегеніміз не?
1.4 Гомологтық қатар дегеніміз не?

2-       деңгей тәжірибе сұрақ:
2.1 Белгісіз қаныққан көмірсутектің молекулалық моделі берілген.
Малекулалық моделъ арқылы қаныққан көмірсутекті табу және оның изомері құрастыру.
2.2  2-метил 4-этил гександа қанша изомері бар?

3-      деңгей Кестені толтырыңдар

Алкандардың формуласы

Гибридтену

типі

Валентілік бұрышы

Көміртек   арасындағы арақашықтық

Байланысы

Метанның   кеңістіктегі

пішіні








ІІІ   Жаңа сабақты түсіндіру барысы:
• Алкандардың қасиеттері
• Алкандардың қолданылуы

Физикалық қасиеті:Салыстырмалы молекулалық  массаларының өсуіне қарай алкандардың қайнау және балқу температуралары артады

Химиялық қасиеттері:
Алкандар орынбасу,айырылу, изомерлену және тотығу реакцияларына түседі. Алкандардың басқа көмірсутектермен салыстырғанда бір ерекшелігі – олардың құрамындағы көміртек атомдарының валентіліктеріне толығымен сутек атомдарымен қаныққан. Сондықтан алкандар қосылу реакциясына түспейді.

Орынбасу реакциялары:
1.Галогендену реакциялары – алкандардың практикалық маңызды реакцияларының бірі, жарықтың немесе жоғарғы температураның әсерінен іске асады.Жарықтың әсерінен жүретін реакциялар фотохимиялық реакциялар деп аталады. Алкандардың гологендермен орынбасу реакциялары хлормен жеңіл,броммен қиындау, йодпен қиын жүреді. Ал фтормен қопарылыс түзе жүретін болғандықтан, реакцияны инертті газ қатысында сұйылтып жүргізеді. Сутектің орнын гологендерге алмастырғанда, алкандардың гологентуындылары түзіледі:
СН2+CL2СН3CL+НCL
СН3CL+CL2
СН2CL+НCL
СН2CL+CL2
СНCL3+СНCL3+ НCL
СНCL3+ CL2
С CL4+ НCL
2. Нитрлеу реакциясы.
Бұл реакцияны орыс ғалымы М.И.Конавалов(1888ж) ашқандықтан, Конавалов реакциясы деп аталады:
С2Н6+ HNO3
С2Н5 NO2+ H2O
3.
Айырылу реакциясы.
СН4
С+2Н2
4. Риформинг реакциялары нәтижесінде алкандар ароматты көмірсутектерге, мысалы, гексан бензолға айналады:
С6Н14
С6Н6+4Н2
5. Изомерлену реакциялары барысында көміртектің арасындағы байланыстары үзіліп, түзу көміртек тізбегі тармақталады. Бұл үрдіс өршіткі қатысында және қыздырғанда жүреді.
6. Тотығу реакциялары: Жану реакциясы
СН4+ 2О2
СО2+4Н2

Метанның таралуы:
• Батпақты суларда
• Өсімдіктер мен жануарлар организмінде
• Табиғи газдың құрамында

IV
Жаңа сабақты бекіту:
 Баламалы тест метан мен пропанды салыстыру арқылы оқушылардың білімдерін нақтылау. Дұрыс жауапқа «+» дұрыс емес жауапқа «-» белгілері қойылады.
Сұрақтары:
•«Батпақ газы» деген атауға ие болған газ.
•Отын ретінде қолданылатын газ.
•Табиғи газдың құрамында болады.
•«Сығылған газ» немесе «балон газы» деп аталады.
•Мұнайға серік газдың құрамында бар.
•Шахтадағы жарылысты туғызатын газ.
•Қандай газ қызыл жолақты цистерналар арқылы тасымалданады.

Тест сұрақтары

А- деңгейі (1 баллмен есептеледі)

1. Метан молекуласының кеңістіктегі геометриялық пішіні:

А)үшбұрышты пирамида   Б) тетраэдр  В)түзу сызық тәріздес    

2. Қанықан көмірсутектер молекуласында көмірсутектің гибридтену типі.

          А)sp3       Б) sp2           В) sp2, sp

3. Алкандарға қандай химиялық қасиет тән?

А) қосылу реакциясы    Б) орынбасу реакциясы    В) айырылу реакциясы

 

Б – деңгейі (әр бір дұрыс жауап 2 баллмен есептеледі)

4. Пропанның салыстырмалы молекулалық массасы:

     А)42       Б)44        В) 40

5. Конавалов реакциясын табыңыз.

А) С2Н6+ HNO3 С2Н5 NO2+ H2O     Б) С6Н14С6Н6+4Н2             В) СН4С+2Н2

6. Қанықан көмірсутектер қатарындағы көмірсутектің жалпы формуласы

       А)Сn H2n+2          Б)Сn H2n          В)Сn H2n-2

 

С – деңгейі (3 баллмен есептеледі)

7.СH3-CH-CH2-CH2-CH-CH2- CH3 алканды атаңыз.

                   CH3                 CH3              

         А)1,2,5-триметилгексан           Б)2,5-диметилгептан           В)3,6-диметилгексан

 8.Мына құрылым тізбегі берілген, мұнда этан қай стадияда пайда болады?

        C→ CH4→CH3СІ→C2H6→CO2

А)1           Б) 2              В)3

9. Зат мөлшері 5 моль метаннан қанша көлем ацетилен (қ.ж.) а лады.

А) 112 л    Б) 56 л В) 22,4 л

10. Массасы 32 г метанды термиялық айырғанда зат шығымы 75% болған жағдайда түзілетін күйенің массасы неше?

А)18г   Б)24г   В)12г

 

V Оқушыларды бағалау.
VІ Үйге тапсырма: §3,3-§3,4 есептер шығару №15-16 Н.Нұрахметов «Химия 11 сынып»

 2.Алкандардың табиғатқа әсері (эссе)

3. Кестені толтырыңдар.

  Атауы

Молекулалық

формуласы

Құрылымдық формуласы

Теңдеуі

Реакция   типтері

пропан






Сабақ жоспары: Сутектің табиғатта таралуы және алынуы
Сабақ жоспары: Фосфор және оның қосылыстары
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу