Сабақ жоспары: Жүректің құрылысы

Oinet.kz 30-09-2020 867

Құрманәлиева Эльмира Мақанбетжанқызы

Қызылорда қаласы, 261 орта мектебінің биология пәні мұғалімі  

Сабақ негізделген оқу мақсаты

Жүректің құрылысын, жүректің жұмысын білу.

Қантамырлар түрлерімен танысу.

Жүректің соғысына қарай қантамырларының соғылуын үйрену

Тілдік мақсат

Негізгі сөздер мен тіркестер: Қанайналым, үлпершек, жүрекше, артерия қантамырлары, вена қантамырлары, қылтамырлар

Сыныптағы диалог үшін пайдалы тілдік бірліктер

Талқылауға арналған сұрақтар:

1.Жүретің құрылысы. Қанайналым дегеніміз не?

2. Қантамырларының түрлері

3. Қан қысымы

Жетістік критерийлері:

Жүректің құрылысын, жұмысын білемін.

Қантамырлар түрлерін ажырата аламын.

Жүректің соғысына қарай қантамырлар соғылуын үйренемін

Алдыңғы оқу

Жүрек жұмысының кезеңдері. Жүрек және қан тамырлар жұмысының реттелуі

Жоспар:

Жоспарланған уақыт

Жоспарланған жаттығулар

Басталуы

І. Сынып оқушыларына жағымды ахуал туғызу, назарын сабаққа аудару, топқа бөлу (2 минут).

   Сынып оқушыларын 4 топқа бөліп топтастыру. Топтар арасындағы    рөлдерді сайлау : топбасшы,баяндамашы, хатшы, уақытсақшысы, бақылаушы.

      1-топ: «Жүрек»     2-топ: «Артерия»

      3-топ: «Вена »       4-топ: «Қылтамырлар»

ІІ Үй тапсырмасын сұрау(8 минут).

Кім шапшаң?

     1-топ: Үлкен қанайналым шеңбері

     2-топ: Кіші қанайналым шеңбері

     3-топ: Қан қысымы

     4-топ.Тамырдың соғуы дегеніміз не?

ІІІ. Топтық жүмыс: Мәтінді талдау. Тақырыптарды оқып топ болып бір-біріне түсіндіру арқылы өз ойларын тұжырымдап жоба қорғау.

       Жоба қорғау (20 мин)

   1-топ: Жүректің құрылысы, жүректің жұмысы

1 – қолқа доғасы; 2 – өкпе артериясы;

 3 – сол жақ жүрекше; 4 – қантамырлары; 

5 – сол жақ қарынша; 6 – оң жақ қарынша;

 7 – төменгі қуысты вена тамыры; 8 – оң жақ жүрекше; 9 – жоғары қуысты вена тамыры; бағдарша қанның ағу бағытын көрсетеді.

2-топ:Жүректің жұмысының реттелуі


3-топ:Қантамырлар

 4-топ: Қан қысымының өзгеруі

Әр оқушы өзіне жүктелген рөлдің міндеттерін атқарады.

Топ пікірлерін тыңдау

Топтар бірін-бірі екі жұлдыз, бір тілек арқылы бағалау

Ортасы

ІҮЖұптық жұмыс. (7 минут)

   1-топ: Суретпен жұмыс

   2-топ: Биологиялық диктант

   3-топ: Карточкамен жұмыс

   4-топ: Сәйкестендіру тесті

Жұптар өзара бағалайды

Аяқталуы

Ү.Жеке жұмыс(5 минут).

Тест

Оқушылар өзін-өзі бағалайды

ҮІ. Кері байланыс(3 минут).

 «Рефлексия»


Сабақ жоспары: Мәтіндегі сөздер мен сөз тіркестері
Сабақ жоспары: Күрделігүлділер тұқымдасы
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу