Сабақ жоспары: Мәтіндегі сөздер мен сөз тіркестері

Oinet.kz 30-09-2020 993

 

С.Б.Құрманбаева 

Қызылорда қаласы, 261 орта мектебінің қазақ тілі және әдебиет пәнінің мұғалімі  

Жалпы мақсаты

 

Оқушылардың мәтін туралы білетін білімдерін тереңдете түсіп, кеңейту;

Мәтін ішінде кездесетін сөздер мен сөз тіркестеріне тілдік талдау жасай білуге үйрету;

Оқушыларға топта бірлесіп жұмыс жасауды, бір-бірінің пікірін тыңдап ортақ пікірге келуді үйрету.

Күтілетін нәтиже

 

Оқушылар мәтін туралы білетін білімдерін тереңдете түсіп, кеңейтеді;

Мәтін ішінде кездесетін сөздер мен сөз тіркестеріне тілдік талдау жасай біледі;

Оқушылар топта бірлесіп жұмыс жасауды, бір-бірінің пікірін тыңдап ортақ пікірге келуді үйренеді.

Негізгі идеялар

 

Мәтін- тіл бірліктерінің ішіндегі ерекше сипаттағы бірлік.Дыбыс,сөз, қосымша, сөз тіркестері,сөйлемнің тұтасып, бір бағытта қызмет етуі нәтижесінде көлемді ой- мәтін түзіледі.

Тапсырмалар

 

Ой қозғау "Зерделі сұрақ, дәлелді жауап"

Жеке жұмыс Семантикалық кестемен жұмыс

Жұптық жұмыс Тілдік талдау

Топтық жұмыс "Кім алғыр?"

Жеке жұмыс Блум таксономиясы

Рефлексия

Сабақ бойынша мұғалімнің жазбалары: ( мұғалім және оқушы немен айналысады)

І  Ұйымдастыру кезеңі (3 минут)

1. Сынып оқушыларына жағымды ахуал туғызу

2.Сынып оқушыларын мәтін құрауға негіз болатын тіл бірліктері арқылы топтастырамыз. Олар: "Дыбыс", "Сөз", "Қосымша", "Сөз тіркестері", "Сөйлем" топтары.

Ой қозғау: "Зерделі сұрақ, дәлелді жауап" (5 минут)

Талқылау үшін сұрақтар:

1. Дыбыс дегеніміз не? Дыбыстарды зерттейтін тіл білімінің саласы.

2. Сөз қалай жасалады? Сөз тіркестері дегеніміз не?

3. Қосымша дегеніміз не? Қосымшаның түрлері.

4. Сөйлем дегеніміз не? Мысал келтіріңіз.

5. Белгілі бір тақырыпта жазылған сөздер мен сөз тіркестерінің бірігуінен не пайда болады?

Оқушыларды бармақпен бағалау.

ІІІ Жеке жұмыс Семантикалық кестемен жұмыс (5 минут)

р/с

Мәтін

Сөйлеу тілінде

Ғылыми стиль

Ресми іс-қағаздар

Көркем әдебиет

Публицистика-лық стиль

1

Данияр Ержанұлы!

Пәндік олимпиададағы алғашқы жетістіктеріңмен құттықтаймыз. Жүлделі орыннан танылып, жеңіспен оралатыныңа сенім артамыз.

   Мектеп әкімшілігі






2

- Сәлеметсіз бе?

- Қалқам, қайдан шықтың, мен сені байқамаппын.Үлкен жігіт бол! Ата-анаң аман ба?

-Бәрі аман.






3

Нұрмағамбеттің шолақ қолы Түйе балуанның беліне буынған қайысқа шап ете түсті. Белбеуді ол  қолына қапсыра бір орап алды.






4

1992 жылы Алматыда Қазақстан халықтарының Бірінші Форумы құрылды. Мұнда Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаев бұл форумның  тұрақты негізде жұмыс істеу қажеттігі туралы идея айтты.






5

Әдебиет- (арабша адаб-сөз, үлгілі сөз деген мағынада) өнердің негізгі түрлерінің бірі.






Оқушыларды бағдаршам арқылы бағалау 5-еуі дұрыс-жасыл түсті, 3-4 дұрыс-сары түсті, 0-2  дұрыс- қызыл түсті бағдаршамды көтереді.

ІV Жұптық жұмыс (7 минут)

 Бірі берілген сөйлемге морфологиялық талдау жасаса, екіншісі фонетикалық талдау жасайды.

Ананың сүті бой өсіреді, ананың тілі ой өсіреді.

Анамыздың ақ сүтімен бойымызға дарыған тілімізді ұмыту- бүкіл ата-бабамызды, тарихымызды ұмыту. 

Анамыздың, өсіреді, ұмыту.

 Жұптар өзара бірін-бірі тексеріп, екі жұлдыз, бір ұсыныс арқылы бағалайды.

V Топтық жұмыс (10 минут)

Ең алдымен топтар өз ішінде  бес рөлді анықтайды, олар: көшбасшы, баяндамашы хатшы, бақылаушы, уақыт сақшысы. Әркім өз рөлін анықтағаннан кейін өз міндеттерін жауапкершілікпен атқару керек екенін түсінеді. Әр топқа жеке тапсырмалар беріледі. І топ "Дыбыс" тобы "Қазақ тілі - мақтанышым" шағын шығарма жазу, ІІ топ "Сөз" тобы Берілген сурет бойынша мәтін құрастыру,

 ІІІ топ "Қосымша" тобы Тіл туралы өлең шығару, ІV топ "Сөз тіркесі" тобы Мәтін дегеніміз не... "Ес картасын" жасау,  V топ "Сөйлем" тобы М.Мақатаевтың "Үш бақытым" өлеңі бойынша сурет салу. Топтар орындап шыққан постерлерін бір-бірімен ауысып, критерий арқылы бағалайды.(5 минут)

                                                                Бағалау парағы

Критерийлер

   Балл

                      Түсіндірмесі

Тақырыптың ашылуы



Эстетикалық талғамға сай көркемделуі



Баяндамашының өз ойын жеткізуі



VІ Жеке жұмыс (7 минут)

                                                       Блум таксономиясы

Ойлау деңгейі

Сұрақтар

Оқушы жауабы 

Білу

Мәтін дегеніміз не?


Түсіну

Мәтіндегі сөздер мен сөз тіркестерінің берілу ерекшелігін түсіндіріңіз


Қолдану

Берілген сөздер мен сөз тіркестерін қолданып, мәтін құраңыз  (Қазақстан, қазақ тілі, Отан, өркендеп келеді, тәуелсіз, жастар, біздің, болашақ т.с.с)


Талдау

Морфологиялық талдау жасаңыз

Бар жақсылықтың басы-тіл.

Сөздің саласын табу қиын емес,

Анасын табу қиын.


Жинақтау

"Ана тілі- жүрек үні"тақырыбында шағын шығарма жазыңыз


Бағалау

Мәтін құраудағы сөздер мен сөз тіркесінің маңызы қандай?


 

VІІ Рефлексия Әр оқушы бүгінгі сабақтан қандай әсер алғаны жайлы рефлексия жазады. (3 минут)

Кейінгі тапсырмалар

"Тілім менің ғасырлардан аманат!" шығарма жазу.

Үш сөйлемге морфологиялық талдау.

Кейінгі оқу

Ереже жаттау


Сабақ жоспары: Қазақ хандығының қалыптасуы
Сабақ жоспары: Жүректің құрылысы
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу