Ашық сабақ: Туындыны табу ережелері

Oinet.kz 30-09-2020 1404

Әбілдаева Манат

Қызылорда қаласы  №278 орта мектебінің

 математика, информатика пәндерінің мұғалімі 

Ой қозғау стратегиясы.

Оқушылар кілтті сөзді анықтандар

1) Ол пайда болғанда математика алгебрадан математикалық анализға көшті;

 2) Бірінші, екінші болады … ;

3) Ол функция өсімшесі мен аргумент өсімшесі арқылы анықталады

4)  Штрихпен белгіленеді

Сонымен біздің сабағымыздің тақырыбы: «Туындыны табу ережелері» тақырыбы бойынша есептер шығару

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Оқушылардың «Туындыны табу ережелері» тақырыбы бойынша алған білімдерін қайталау арқылы, терең меңгеруіне, ақпараттық және коммуникативтік құзіреттілік тұрғысынан жетілуіне ықпал ету;

Дамытушылық: Оқушылардың тұлғалық қасиеттерін қалыптастыру, логикалық ойлауын, математикалық дүниетанымын кеңейту, тақырып бойынша жаттығуларды орындау шеберлігін, машығын, әдет, дағды, іскерлігін жетілдіру; біліктіліктерін дамыту.

Тәрбиелік: Ұлттық сана сезімі оянған, рухани ойлау дәрежесі биік, еңбекқор, іскер, білімді және білімін пайдалана білетін, бүгінгіні түсінетін, кешегіні білетін, алдына мақсат қойып, оған жетер жол таба білетін ұрпақ тәрбиелеу. Қазақстан мемлекеті туралы айта отырып оқушылардың патроиоттық сезімдерін қалыптастыру.

Сабақтың түрі: Білімді бекіту және жетілдіру

Сабақтың әдісі:. Сұрақ жауап, саралап-деңгейлеп оқыту, проблемалап оқыту. Кубизм.

Сабақтың типі: Саяхат сабақ

Оқытудың формасы: Топтық жұмыс

Пәнаралық байланыс: Қазақ тілі, тарих, география, саясат

Көрнекілігі:  Интерактивті тақта, слайд, кестелер, формулалар , оқулық, таратпалар, плакаттар, сәйкестендіру тест, ҰБТ-ға дайындық тест.

Сабақ барысы:

І. Ұйымдастыру. (2 мин. )

оқушыларды түгендеу;

оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру;

сабаққа назарын аудару;

Топқа бөлу, ережесімен таныстыру

Жауап парағын белгілеу.

 ІІ. Үй тапсырмасын тексеру. (8 мин. )

1. Теориялық материалды қайталау. «EXPO-20171» еліне саяхат .   

       Мұғалім оқушыларға мынадай сұрақтар қоя отырып, сабақты бастайды: «Алдымызда қандай ұлы мереке келе жатыр? Қазақстан жылдан жылға өркендеп өсіп, дамуда. Жетістіктерінің саны күн санап артуда. Биылғы жылы Қазақстан қандай үлкен жетістіктерге жетті? Бүгінгі сабақта Қазақстанның тағы да бір үлкен жетістігін сөз етеміз. Олай болса іске кірісейік» 

  • Туындының анықтамасы және формуласы. Жауабы: (Функция өсімшесінің аргумент өсімшесіне қатынасының аргумент өсімшесі нолге ұмтылғандағы шегі)  

  • Аргумент өсімшесі. Жауабы: х2-х1 айырмасы немесе   белгілейді

Функция өсімшесі . Жауабы : f`(х2) - f`(х1) айырымы   символымен белгілейді

Туындытабдың неше ережесі бар. Жауабы: Туындытабдың 3 ережесі бар.

Функцияның туындысы қалай белгіленеді? f`/(х) не уʹ

Туындының 1-ережесі қандай?

Туындының 1-ережесі қандай?

  • Туындылар сөйлейді. «EXPO-20171» еліне саяхат .   

  •  

  •  Үйге берілген есепті тексеру.

  • Видеоролик : «Экспоға дайындық барысы туралы»

ІІ. Дамыту кезеңі. 2-тапсырма. 15мин «Болашақ қуаты». ЕХРО-2017 туралы мәліметті толық оқығың келсе әр топ өзіне берілген тапсырманы орындап, жауабын тиісті орынға қояды. Деңгейлік есептер беріледі.


1-деңгей. Туындысын табыңдар.

f (х)=18х2-7х +1

Шешімі: f '(х)=36х-7

f (х)= х2 -5х +2

Шешімі: f '(х)=х -5

f (х)=1+3х+√х

f '(х)= 3+1/2√х

2-деңгей.f '(х)=0 теңдеуін шеш.

f (х)= - 0,5х2 - 4х +0,1

fʹ (х)= -х – 4

-х – 4 = 0

х  = – 4

у= f (х) функцияларының х0 нүктесіндегі туындысын табыңдар.

f (х)=3х(х+1), х= - 2/3

f '(х)= 3(х+1)+3х=3х+3+3х=6х+3.

f '(-2/3)= 6*(-2/3) +3=-4+3=-1

f (х)=  , х=1

f '(х)=  =  

f '(1)=   =-3

3-деңгей. Функциялардың туындысын табыңдар.

f (х)=

f '(х)= =  

f '(х)=0 теңдеуін шеш.

f (х)= х3+3х2+3х+1

f '(х)= 3х2+6х+3

д = 0; х= -1

f (х)= х3-6х2+12х-1

f '(х)= 3х2-12х+12

д = 0; х= 2


3-тапсырма, «EXPO-2017 тарихына » саяхат .Оқушыларға мынандай мәлімет беріледі:

  • Ең алғашқы ЭКСПО Англияның принці Альберттің ұсынысы бойынша 1851 жылы Гайдпаркте өткен болатын. Хрустальды сарайда орын алған ЭКСПО-ның тақырыбы: «Барлық ұлттардың өнеркәсіптік жұмыстарының ұлы көрмесі»

болып аталды.

  • Эйфель мұнарасы . Париждің бұл нышаны уақытша ғимарат ретінде, 1889 жылғы әлемдік көрменің кіреберіс дарбазасы қызметін атқару үшін жобаланып, салынған болатын. Алып мұнара үш бөліктен тұрады. Эйфель мұнарасының бірінші бөлігі – 57 м биіктікте, екінші бөлігі – 115 м, ал үшіншісі – 274 м биіктікте орналасқан.

4-тапсырма. «ҰБТ-ға дайындық» еліне саяхат.  

ІІІ.  Қорытындылау (5 мин).  Ойлан. Бірік. Байланыс. 

Әрбір берілген тапсырмаға сәйкес жауаптары әріптермен сәйкестендірілген. Сол әріптерді тапқан жағдайда «Білім-басты құрал» деген сөз шығады.

Рефлексия. «Көңіл-күй» шкаласынан өз көңіл-күйіңе сәйкес тілек не ұсыныс жазып ілеміз.

IV.Бағалау (2 мин)

а) Оқушыларды бағалау. Топ басшылары бағалау параға арқылы оқушыларды бағалайды. Басқа оқушылар және мұғалімдер тарапынан бағаның әділдігі талданады.

ә)Топтарды бағалау. Барлық жинаған балл бойынша  есептелінеді. Балл  көп жинаған топ жеңіске жетеді.

V. Үйге тапсырма. §12 Туынды ережелері. №152,156 есеп. 

Сабақ жоспары: Қысым. Паскаль заңы
Ашық сабақ: «Алғыр информатик»
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу