Ашық сабақ: «Алғыр информатик»

Oinet.kz 30-09-2020 953

Балтабаева Раушан Булдырыковна

Қызылорда қаласы, № 278 орта мектеп 

1. Мақсаты:  оқушылардың информатика пәні бойынша алған білімдерін  сараптау, ойлау, есте сақтау, қабілеттерін дамыту, жылдам жауап беруге компьютерлік   сауаттылыққа тәрбиелеу.

2. Әділ қазылар алқасын сайлап алу.

Сайыс кезеңдері:   І тур – «Көркем сурет»

Бұл турда оқушылар PAINT графикалық редакторында сурет салады. Оқушылардың барлығына бірдей сурет беріледі. Жылдам әрі суретті айнытпай салған оқушы жеңімпаз болып есептеледі. Ең жоғарғы ұпай – 7 ұпай. Ұпайы аз оқушы ойыннан шығады.

              

ІІ тур – «Сиқырлы пернелер»

Бұл кезеңде оқушылар MS WORD мәтіндік редакторында  мәтін жазады, мәтінді пішімдейді. Мұнда да оқушыларға бірдей мәтін беріледі. Ең жоғарғы ұпай – 6 ұпай. Ұпайы аз оқушы ойыннан шығады

Алгоритм

            «Алгоритм» сөзі ІХ ғасырдағы Орта Азияның ұлы математигі әл-Хорезми есімінің латынша (algorithmi) жазылуынан шыққан. Әл-Хорезми арифметикалық амалдарды орындау ережелерін алғаш жазған ғалым.

            Алгоритмді орындаушы – құрастырылған алгоритммен басқарылатын объект немесе субъект.

            Орындаушы белгіленген мақсатқа жету үшін бағытталған әрекеттер тізбегін орындап шығаруға арналған нұсқаулар алгоритм деп аталады.

            Алгоритмнің нұсқаулары команда деп те аталады.

Орындаушының орындай алуы мүмкін командалар жиынтығы орындаушының командалар жүйесі деп аталады.

VISUAL BASIC визуальды бағдарламалау жүйесі

            Visual Basic бағдарламалау тілі дегеніміз – көпке таныс Basic стандарттық тілінің кеңейтілген версиясы. Visual Basic өзін инструменттердің үлкен жиынтығын пайдалана отырып, пішіндер мен графикалық орта ретінде ұсынады. Visual Basic алгоритмдеу негіздерін игеруге және Windows  бағдарламасы ерекшеліктерін оқып үйренуге өте сай келеді, сондай-ақ кез келген тұрпаттағы қуатты қолданбалар жасау үшін барлық мүмкіндігі бар.


ІІІ тур – «Қиын тапсырма»

 

Оқушылар MS Excel электрондық кестесінде кесте құрып, диаграмма тұрғызады. Оқушылардың тапсырмалары бірдей. Ең жоғарғы ұпай – 5ұпай. Ұпайы аз оқушы ойыннан шығады.

Сергіту сәті

Экраннан анимациялық бейне клип көрсетіледі. Сайысқа қатысып отырған барлық оқушылар, көрермендер, әділ қазылар алқасын тұрғызып, анимациялық бейнеклип бойынша жаттығу жасату.

ІҮ тур – «101 жұмбақ»

Бұл турда сайысқа қатысушы оқушыларға информатика пәніне байланысты жұмбақтар жасырылады. Әр жауабы дұрыс табылған жұмбаққа 5 ұпай беріледі. Ұпайы аз оқушы ойыннан шығады. Бұл турда барлығы 4 оқушы қалады.

1. Бір сарайда тұрады екен,

Бес атаның балалары.

Қыдырмашы біреуі

Бір бар да, бір күн жоқ.

Соны есепке алсақ,

Ұзын саны жүз жеті (Пернелік)

2. Пернетақта ауылында тұратын,

Пернелік деген атаның бар екен

Бар екен 12 ағайынды

Немерелері алғашқы.

Есімдері де өздерінің бір қызық,

Тек қана «Ғ» (эф) әрпінен басталады. (функционалдық пернелер)

3. Экранның бетінде оның тұрағы,

Қашан болсын жыпылықтап тұрады (меңзер)

4. Төртбұрышты әйнек,

Тұнып тұрған әлек. (монитор)

5. Кемірушіге ұқсайды сырт бейнесі,

Түсі оның сұр, құйрығы ұзын.

Ойланып, білгіш болсаң жауап берші,

Қалай деп аталады аты оның (Тышқан)

6. Ұзынтұра Жалқаубек,

Тұрмай ылғы жатады.

Қозғала қалса артынан,

Ешбір белгі қалмайды. (бос орын)

7. Бұтақ орнында мың бір инесі,

Компьютер жаны мекені (кактус)

8. Ақпаратты қағазға шығарады,

Бұл құрылғы қалай деп аталады? (принтер)

9. Биологияда бұл паразит,

Көзге зорға көрінер.

Информатикада өлшем бірлік,

Ақпараттарды өлшер (бит)

10. Егер білсең айта ғойшы,

Бұл қандай құрылғы.

Ақпаратты қағаздағы,

Компьютерге енгізеді? (сканер)

Ү тур -  «1001 мақал»

Оқушыларға компьютерге қатысты құрастырылған мақал-мәтелдер беріледі, осы мақал-мәтелдердің күнделікті өмірде қолданылатын нұсқаларын табу қажет. Әрбір дұрыс нұсқасын тапқан оқушыға 5 ұпайдан беріледі. Ұпайы аз оқушы ойыннан шығады. Бұл турда 3 оқушы қалады.

1. Жігітті компьютеріне қарап, бағала. (Жігітті досына қарап, бағала)

2. Байт биттен құралады. (Теңге тиыннан құралады)

3. Вирустан қорыққан, Интернетке шықпас. (Шегірткеден қорыққан, егін екпес)

4. Компьютердің жұмысы, иесіне мәлім. (Аттың сыры, иесіне мәлім)

5. Веб-дизайншының өз еркі, сайтты қалай жасаса да. (Қазаншының өз еркі, құлағын қайдан шығарса да) 

6. Антивирусы күштіні Вирус ала алмайды. (Досы күштіні-жау алмайды)

7. Компьютерде екі колонка, дауысы жер жарады.

(Айдағаны бес ешкі, ысқырығы жер жарады)

ҮІ тур – «Ойлан тап»

Бұл турда қалған екі оқушыға екі сөз: «Информатика», «Кибернетика» сөздері беріледі. Осы сөздерден оқушылар сөздер құрастыру қажет. Оқушыларға 5 минут уақыт беріледі. Көп сөз тапқан оқушы жеңімпаз болып есептеледі.

ҮІІ. Қорытынды. 

6 турдан да өтіп, ең көп ұпай жинаған оқушы – «Алғыр информатик» атанып, марапатталады.

Ашық сабақ: Туындыны табу ережелері
Сабақ жоспары: Кремний және оның маңызды қосылыстары
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу