Қош бол, даярлығым!
Дүрманова Ләззат
Қызылорда қаласы, Ы.Алтынсарин атындағы №10 мектеп-лицейдің бастауыш сынып мұғалімі
Мақсаты: Балалардың шығармашылық қабілетін арттыру, сөз қорларын көбейту, біріншіге бару үлкен мереке екенін балаларға жеткізе білу, сезіну,білімге деген құштарлығын арттыру, еліміздің білімді, тәрбиелі азамат етіп, елжандылыққа тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Суреттер, шарлар,көбелектер, қанатты сөздер, әндер, тілектер
Сәлемдесу:
Қуан шаттан алақай
Қуанатын күн бүгін
Бұл қуаныш себебін
Бізге қарап ұғарсың
Ер жетті деп бөбегім
Ата анамыз қуансын
Құрметті Ұстаздар! Ата - аналар! Қонақтар! Бүгінгі күн бәрімізге ерекше күн!
Бір жыл бойы мектепалды даярлық тобында тәрбиеленіп, білім нәрімен сусындап, оң- солын танып, білім жолына қадам басқалы отырған бүлдіршіндеріміздің даярлық топпен қоштасу ертеңгілігііне қош келдіңіздер!
Тәрбиеші:
Өтті қызық көп күндер
Жеті жасқа жеттіңдер.
Барасыңдармектепке
Бірбелестенөттіңдер!
Айналайын балалар
Алда мектеп- ана бар
Өздеріңнен өседі
Өнерпаздар даналар
Бізге сыйлап сыңғырлаған күлкіңді
Сәбилерім жүздеріңде нұр тұнды
Бізден ұшып қанат қағып есейдіңдер
Өздеріңмен қоштасатын күн туды.
Ән: «Әрқашан күн сөнбесін»
Рамазан:
Құтты болсын қадамдарың қонақтар
Біздің тойдың көрермені болыңдар
Тамашалап балалардың өнерін
Марқайып, алақанды соғыңдар
Жанерке:
Уа, жараңдар, жараңдар
Маған бәрің қараңдар
Армысыз халайық
Бармысыз халайық
Даярлықпен қоштасып
Біріншіге барайық
Шамиль:
Құрметті қонақтар армысыздар
Бәріңізде есен-сау бармысыздар
Таусылмастай ағытып ой арманның
Ал достарым қысылмастан сөйлегін
Аяулым:
Өтті ау қызық сан сабақ
Бүгін үлкен салтанат
Оқулықпен достасып
Даярлықпен қоштасып
Оқу білім үйреніп
Біріншіне барамыз
Ән: «Бала тілегі»
Тәрбиеші:
Балалар мен сендермен «иә», «жоқ» ойынын ойнағым келіп тұр. Сендерге сұрақ қоямын, ал сендер жауап бересіңдер.
Сабаққа келесіңдер ме?
Үлкендерді сыйлайсыңдар ма?
Кішіге жәбір көрсетесіңдер ме?
Айтқан тілді аласыңдар ма?
Оқулықтарды түгел әкелесіңдер ме?
Сабаққа бармаймын деп жылайсыңдар ма?
Жарайсыңдар.
Нұрдана:
Біз бақытты баламыз
Жетіліп ой санамыз
Тобымызбен қоштасып
Мектепке кетіп барамыз
Бал күндерді қиялдап
Сағынамыз әл ақ біз
Мадияр:
Қуанамыз сылаймыз
Қуаныштың мың гүлін
Алғашқы күнді қимай біз
Қоштасатын күн бүгін
Нарқыз:
Енді мен үлкен боламын
Анамның тілін аламын
Ұстаздың барлық айтқанын
Миыма құйып аламын.
Дінмұхаммед:
Мектеп біздің панамыз
Мектеп біздің анамыз
Ұлағатты ұстаздан
Оқып білім алармыз
Ақмарал:
Біз балауса баламыз
Жетіліп ой санамыз
Даярлықпен қоштасып
Біріншіге барамыз
Ән: «Анашым»
Тәрбиеші:Балалар, мен сендердің білімдеріңді тексеріп көргім келіп тұр.
Біз қандай мемлекетте тұрамыз?
Қ.Р. астанасы?
Президенті кім?
Мемлекетіміздің рәміздерін атаңдар?
1 жылда неше ай бар?
Жыл мезгілдерін атаңдар?
Апта күндері?
Қазақ алфавитінде неше әріп бар?
Неше дауысты дыбыс?
Неше дауыссыз дыбыс?
1- 20-ға дейін тура санаңдар?
1- 20-ға дейін кері санаңдар?
Жарайсыңдар.
Мұхаммед:
Қуанамыз сыйлаймыз
Қуаныштың мың гүлін
Даярлықты қимай біз
Қоштасатын күн бүгін
Досмұхаммед:
Ана тілін ардақтап
Ата салтын біз көрдік
Сурет салып ән жазып
Оқып жазып үйрендік
Айзере:
Суйген өз қыз, өз ұлын
Бөбегім деп аянбай
Даярлығым өз үйім
Апай болды анамдай
Камшат:
Үлкендердей тап таза
Жазамыз бормен тақтаға
Үлгілі бала боламыз
Жүретіндей мақтана
Тәрбиеші:
Ал, балалар ойнайық
Ойнайық та, ойлайық
Жұмбақтардың шешуін
Жылдам тауып алайық.
(Жұмбақтар шешу)
Би: Қазақ биі
Хор:
Даярлыққа келгенде
Ақ пейілмен қарсы алған
Өлең айтып үйреткен
Би билеткен, ән салған
Риза апам, әкем де
Риза атам, әжем де
Рахмет деп біз айтамыз
Тәрбиеші апайға
Тәрбиеші:
Айналайын гүлдерім
Айым менен күндерім
Маған қызық тілдерің
Естен кетпес күндерің
Сендердікі болашақ
Өтер балғын жастық шақ
Озат болып оқыңдар
Ойға білім тоқыңдар.
Ән: «Біріншіге барамын»
Тәрбиеші:
Бір ата, бір ананың тірегіміз
Бір болсын қайда жүрсек тілегіміз
Бірлік барда, тірлік бар деген бабам,
Бірлікпенен бірге соқсын жүрегіміз
Ән: «Көңілді күн»
Құттықтау сөз:
Мұғалімнің қорытындылауы, балаларға тілек білдіруі.
Осымен бүгінгі «Біріншіге барамыз» атты ертеңгілімізді аяқтаймыз.Балаларға ақ жол