Мектеп оқушыларын рухани адамгершілікке тәрбиелеу

Oinet.kz 30-09-2020 764

Тажикова Мархабат

Қызылорда қаласы, №222 Т.Рысқұлов атындағы орта

 мектептің бастауыш сынып мұғалімі 

Адамгершілік тәрбиесі - адамзат қоғамын үнемі толғандырып келе жатқан күрделі мәселенің бірі. Сондықтан да адамгершілікке жеке тұлғаны тәрбиелеуде мектептің алатын орны зор. Адамның адамгершілігі-оның жоғары қасиеті. «Адамгершілік» адамның санасындағы,оның ішкі дүниесіндегі асыл қасиеттердің жиынтығы немесе биік шыңы. Адам баласында адамгершілік қасиеті қараптан-қарап туындамайтын қасиет. Ол қасиет отбасында, ортада, мектепте, айналадағы адамдармен қарым-қатынасында қоғамдық тәрбиелермен қалыптасады. Халықта «Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілесің»деген мақал бар. Тәрбие болмаған жерде адамгершілік болуы мүмкін емес. Адамның адамгершілік қасиеттері ең алдымен дұрыс амандаса білу,айналасындағылармен жақсы қарым-қатынаста болу,өзара сыйласу, қарапайымдылық, кішіпейілділік,салмақты да сабырлы болу,үлкенге ізетті, кішіге қамқор болу жатады. Сондай-ақ өз қолыңнан келгенше көмегіңді аямау,біреудің жақсылығын бағалау,оны қанағат тұту. Қазақта «Айналаңда досың көп болуы үшін жақсы бол,арың таза болсын» деген сөз бар. Сондай-ақ «жамандық-жамандықпен аяқталады»,-дейді. Қай жерде болса да біреуге жамандық жасасаң қашан да болса да өмірі алдыңнан шығады.

Адамгершілік қасиет қоғамның тарихына байланысты қалыптасып отырады. Заман өзгеріп отырған сайын,адам да өзгереді.Бірақ әркім өскен ортасында адамгершілік қасиетін берік ұстауы тиіс.

«Көргендінің қылығы,көңіл марқайтады»,-деп қазақ халқымыз тегін айтпаған. Әр бала өзін мәдениетті ұстаса, өз ортамыздың көңілін марқайтады. Адамның бойындағы жақсы қасиеттер оның істеген қылығынан,сөйлеген сөзінен көрінеді. Ең бастысы-адамгершілікті бойға сіңіре білу. Осы мақсатта біздің С.Меңдешев атындағы жалпы білім беретін мектепте «Өзгені сыйлау үшін,әуелі өзіңді сыйлай біл», «Әдеп жолы әріден басталады»деген тақырыпта шығармашылық жұмыстар, «Көргендінің қылығы көңіл марқайтады» атты анкеталық сұрақтар, «Имандылық-инабаттылық мұраты», «Тәрбиелі-тәртіптің құлы» атты баяндамалар, «Сәлемдесе білесің бе?»,«Ар-абыройыңды жасыңнан сақта» т.с.с өнеге сағаттар өткізу арқылы жас жеткіншек бойында адамгершілік қасиеттерін жоғалтпауға баулудамыз.

Мектептің есігін ашқан балдырған жарығы мол жаңаша өмірде адамдық асыл қасиеттерді қастерлеп, өмір заңдылықтарын үйренеді. Адам бойындағы жақсы қасиеттер рухтан туындайды, ал барлық жаман қасиеттер амалдың көрінісі. Адам денесі біреу болғанымен оның ішінде қарама-қарсы,яғни жақсы мен жаман екі күш болады.Ол екеуі үнемі күресте болады.Адамның жақсы не жаман болуының осыған байланысты екенін Ш.Құдайбердиевтің мына бір өлеңі айқындай түседі.

«Ақыл деген өлшеусіз бір жарық нұр, Сол нұрды тән қамы үшін жан жұмсап тұр. Тағдырдың бір қиын,сырлы сиқырымен

Жан тәнге, ақыл жанға матаулы тұр.»

Қазір адамдардың компьютер дәуірінде өмір сүріп жатқанын бәріміз білеміз. Бірақ рухани адамгершілік адамның бойынан толық көріне бермейді.Сондықтан да,білім берудің барлық кезеңдерінде рухани адамгершілік тағылымдарын негізге алған жөн. Сонда мінез-құлқы жетілген, саналы адам қалыптасады. Жетілген мінез-құлық үш нәрсенің: жүректің,ақылдың,қолдың келісімі. Бала өзінің жүрегін тыңдауға үйренсе, жүрегінің ғана айтқанын орындаса өмірден өз орнын таба алады деп сенемін. Мұндай тәрбие әуелі отбасында, мектепте,оқу пәндерінде,тәрбиелік іс-шараларда,ойындарда қойылымдар арқылы жүзеге асуы тиіс. Осыдан келіп адамгершілікке тәрбиелеудің негізгі күші мұғалімнің үлесіне тиеді. Сабақ үстінде мұғаліммен және құрбыларымен үнемі қатынасып отыру нәтижесінде баланың адамгершілігі қалыптасып, өмір тәжірибесі байи түседі.

«Адамға ең керегі білім емес, тәрбие. Тәрбиесіз берілген білім –адамзаттың қас жауы, ол келешекте оның өміріне опат әкеледі», -деп Әл-Фараби айтқандай, педагогика ғылымының зерттейтін негізгі категориясының бірі - тәрбие. Тәрбие түрлі болады. Адамгершілік тәрбиесі балаға жападан –жалғыз әсер етпейді. Барлық тәрбие біріге келіп, адамгершілік сапаларын және адамзат құндылығын арттырады. Төменгі сынып оқушысының жеке басын қалыптастырудағы міндеттердің бірі оған адамгершілік туралы ұғымдар, түсініктер байыту болып табылады. Мұғалім балаларға сыныптан тыс оқуға түрлі тапсырмалар береді. Қол еңбегі, суретті бейнелеу, сұрақтарға жауап беру, оқыған кітаптары туралы ойларын білуге, адамгершілік көзқарасын білуге болады. Мектеп жанындағы балаларға әр пән бойынша адамгершілікке тәрбиелеу үшін зор мүмкіндіктер бар. Еңбек сабағында өздері жасайтын бұйымдар балаларға тәрбиелік ықпал жасайды. Өздері істеген жұмысын көрсетуге ұялмайтындай болып істеуге ұмтылады. Ал бейнелеу пәнінде әлемді эстетикалық тұрғыдан ұғыну қажеттілігін тудырады. Баланың адамгершілік қасиеті ересектермен, құрбыларымен қарым-қатынаста қалыптасады.Ол турасында «Менің жолдасым», «Біз мектеп ауласында ойнаймыз» деген тақырыпта әңгіме құрап, суретін бейнелесе де жеткілікті. Мектепке барған баланың негізгі әрекеті оқу болғанымен, ойын бұрынғысынша олардың өмірінде кең орын алады.

Ойнау кезінде «жолдастық ережені» білген жөн.

Жолдасыңа көмектесу.

Бар затыңды жолдастарыңмен бөлісу.

Дос жолдасың жамандық істесе оны тоқтату.

Жолдастарыңмен тату болу. Олардың ескертпелерін ала білу.

Адал ойын мен жарыс ережесі.

Жарыста арамдық жолмен алға шығуға ұмтылмау керек.

Басқалар жеңіліп қалса да табаламау

Ұтылсаң еңсеңді түсірмеу.

Әрқашан сыпайы болу. Кездескенге сәлемдес, кетерің қоштасуды ұмытпау.

Үлкенге ізетті, кішіге қамқор болу.

Ешқашан кешікпей жүру.Сертіңе тұру.

Қыңырлық жасамау.

Адамдарға немқұрайлы қарамау, топшыл болуға үйрету.

Мұғалімнің адамгершілікке тәрбиелеуінің арқасында оқушы өз бойындағы жақсы жаман қасиеттерін ажырата біледі. Өзінің қалыптасуына айналадағы ортаның әсері мол екенін, өз ойын еркін жеткізе білуге, ойлап сөйлеуге үйренеді. Болашақ ұрпағымызды тәрбиелегенде жас ерекшелігін ескере отырып, мына факторларды есте ұстаған жөн деп есептеймін.

Тәрбиелеу

Еңбек жолымен байланыс


Тұрмыс салт -дәстүрді меңгерту


Ана тілін қадірлеу


Сапалы білім

Елбасы Н.Назарбаев «Оларға жастайынан имандылық пен салауаттылық қасиеттерді сіңіре білсек, тәрбиелесек, сонда біз рухы дамыған Отанымыздың гүлденуіне өз үлесін қоса алатын азамат өсіре аламыз»- деген болатын. Білім өзінің шынайы міндетіне жауап беруі үшін балаларды жас кезінен бастап ең маңызды адамдық саналарды – адамгершілікті, жанашырлықты және басқа да асыл қасиеттерді дамыту керек. Қазіргі жағдайда бұл талаптарды жүзеге асырудың мынандай мүмкіндіктері бар:

Рухани адамгершілік құндылықтарды кез-келген пәнді оқытудың мазмұнына енгізу.

Сыныптан тыс сабақтарды баланың адамдық асыл қасиеттерді игеруіне ықпал ететіндей бағытта ұйымдастыру.

3.Жеке пән ретінде жүргізілетін сабақтардың бағдарламасына енгізу.

Рухани тәрбие өзінің қуатын әлемнің әрбір құбылысынан алуы мүмкін. Олай болса кез-келген оқу пәні балалардың адамгершілігін, жақсы мінез-құлқын қалыптастыру құралы бола алады. Үлкен адам қай жерде де болмасын өзі рухани сабағында балаларды жай ғана қосуға, көбейтуге және бөлуге үйретудің орнына мұғалім адамгершілік қасиеттерді шешуге арналған есептерді ойлап таба алады. Мысалы: Болат 12 кг салмақты оп-оңай көтере алады, ал кішкентай Сәкен небары 4 кг көтере алады. Егер олар бірлесіп бір-біріне көмектескен болса, онда олар үлкен жүкті көтере алар еді. Сонда үш дос қандай салмақтағы жүкті көтереді? «Жұмыла көтерген жүк жеңіл» деген осы. Бір әже дүкеннен үйіне қарай баяу жүріп келе жатты. Оның қолында жалпы салмағы 6 кг болатын екі сөмкесі бар. Болат екіншісіне қарағанда ауырлау келетін бір сөмкені алып, үйіне жеткізуге көмектесті. Егер көмекшінің арқасында әженің жүгі 3есе жеңілденген болса, бұл сөмкенің салмағы қанша болған?

Бүгінгі таңда үлкендерге балалардың ынтасы мен назарын өзіне аударуға қол жеткізу оңайға түспейді. Баланың рухани-адамгершілік тағылымына кері әсер етуші факторлар: соғыс ойыншықтары, жат қылықтары бар фильмдер, бейне таспалар және компьютерлік ойындар бар. Сондықтан мектептен тыс кездегі сабақтарды ұйымдастыруда тапқырлық таныту қажет. Балаларға спорт, табиғатқа серуен, мектептен тыс кездесулер кезіндегі пікірталас, әсерлі әңгімелер, мұражайға, концертке бару, осының бәрі рухани адамгершілік тәрбие. Олар баланың шығармашылығын оятып, жан дүниесімен сезетін тамаша ойларға жетелейді. Ал одан тек жағымды қасиеттер туындайтыны белгілі. Баланың адамгершілігін, рухани жан дүниесін оятып, дүниетанымын төмендегіше іріктеп алуға болады.

1.Оларды тыңдағанда олардың көлеміне назар аудару керек.

2.Мазмұны сабақ тақырыбына сай болғаны жөн.

3.Оларды жас ерекшелігіне қарай іріктеп алған жөн.

Сабақ кезінде жағымды әуен естіліп тұратын болса, балалар сабақты жақсы игеріп әкетеді. «Ұйықтап жатқан жүректі ән оятар, Әннің терең мазмұнды мәні оятар.»,- деп Абай атамыз айтқандай, адам бойындағы асыл қасиеттердің қалыптасуына олардың маңызы зор.

Қош бол, даярлығым!
Ашық сабақ: Жемістер
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу