Ашық сабақ: Жемістер
Баймағанбетова Алтынай Марданқызы,
Ы.Алтынсарин атындағы №10 мектеп-лицейдің
биология пәні мұғалімі
Сабақтың мақсаты:
Білімділік – жемістердің түрлерімен таныстыру, адам үшін маңызын түсіндіру.Жемістер жайында жалпы түсініктерін қалыптастыру.
Дамытушылық – оқыту кезінде оқушыларға түрлі тапсырмалар мен жұмыстар бере отырып, оқушылардың ойлау қабілеттерін,есте сақтауын, шығармашылық қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелік – оқушыларды өз бетінше жұмыс жасай білуге және ұқыптылықпен тазалыққа , жеміс ағаштарын және қоршаған ортаны қорғауға тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: жаңа сабақ
Сабақтың әдісі: түсіндіру,сұрақ-жауап.
Көрнекіліктер: интерактивті тақта,слаид,плакаттар,тест тапсырмалары,тірек-сызба,үлестірмелер,суреттер.
Сабақтың барысы: I. Ұйымдастыру /шаттық шеңбері/
II. Үй тапсырмасын сұрау.
«Білім минуты» кезеңінде оқушылар үй тапсырмасы бойынша берілген сұрақтарға жауап береді.
1. Гүлдің құрылысы?
2. Тозаңдану дегеніміз не?
3. Тозаңданудың қандай түрлері бар?
4. Жынысты көбею дегеніміз не?
5. Аталық құрылысы.
6. Аналықтың құрылысы.
«Ұшқыр ой» кезеңінде оқушылар берілген сипаттамаларды тозаңдану түріне қарай орналастыру керек:
Ерекше белгілері | Бунақденелілер арқылы | Жел арқылы |
Гүлдері өте ұсақ, реңсіз | + | |
Гүлінде шірнесі бар | + | |
Тозаңы ірі, сырты кедір-бұдырлы | + | |
Тозаңы құрғақ, өте ұсақ | + | |
Гүлі аңқыған хош иісті | + | |
Гүлінде шірнесі жоқ | + | |
Гүлдері ірі, күлтелері ашық реңді | + | |
Гүлдерінде иісі болмайды | + | |
Майда гүлдері ірі гүлшоғырына жиналған | + |
III.Жаңа сабақ. «Жемістер»
Өткен сабақты жаңа сабақпен байланыстыру мақсатында оқушыларға сұрақ қою: Өсімдікте гүл орнына не түзіледі? /жеміс/
Дұрыс айтасыздар, олай болса біздің бүгінгі сабағымыздың тақырыбы: «Жемістер» болмақ.