Қазақстан Республикасының «Мәдени мұра» бағдарламасы: қазақ тарихы ғылымы

Oinet.kz 08-09-2020 1022

Қазақстан Республикасының «Мәдени мұра» бағдарламасының аясында алыс жақын шетелдердегі мұрағаттар қорындағы қазақ тарихына қатысты құжаттары, ресми іс -қағаз құжаттамалары, нормативтік құжаттар, сонымен бірге алыс жақын шетелдердегі тарихи деректік құжаттар жинақтарының мәліметтері, баспасөз материалдары, ғылыми зерттеулер, фольклорлық туындылар дерек ретінде пайдаланылды. Сонымен бірге Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың ұсынысымен жасалынған «Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасы бойынша жарияланған тарих ғылымының дамуына қосылған еңбектердің қатарында белгілі ғалымдарымыздың еңбектері жарияланып қалың жұрт-шылықтың игілігіне айналды.


«Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасының аясында 2005 жылы елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың «Тарих толқынында» атты еңбегі жарық көрді [1]. Қазақстан тарих ғылымының алдында тұрған басты теориялық-методологиялық проблемалар мен негізгі міндеттерді тұңғыш Президентіміз


Н. Ә. Назарбаев өзінің «Тарих толқынында» атты еңбегінде тарихқа да, тарих ғылымына да терең талдау жасау арқылы бұдан бірнеше жыл бұрын көрсете білген. Жете үңіліп, Президент кітабын ден қойып оқыған оқырмандар да, зерттеушілер де еліміздегі тарих ғылымының алдында тұрған көптеген теориялық-методологиялық проблемалардың сол кітапта айқындалғанын байқар еді. Мысалы, Елбасы ұлттық тарихымыздың саналы түрде бұрмаланғандығы туралы айта келе: «Әділеттікке дес берер болсақ, біздің алдымызда төл тарихымызды қалпына келтіріп, оның жетістігі мен кемшілігін, жеңістері мен жеңілістерін барша шындығымен көрсету міндеті тұр» – деп біздегі тарих ғылымының басты бағытын айқындаса, тарихтың ұлттық идеяны қалыптастырудағы шешуші рөлі туралы: «Ұлттық идеяның қалыптасуы өзіміздің төл тарихымызды жаңаша ұғыну негізінде ғана мүмкін болады, ұлттық тарихты жиырма бірінші ғасырдың өлшемдері шеңберінде ұғыну ұлттық идеяны тұжырымдаудың алғашқы қадамы болып табылады» [1. 40 б.] – дейді. Елбасының еңбегінде қазақ халқының сан ғасырлық тарихының тағылымы мен тарихи сабақтастығымен ғасырлар тоғысындағы қазақ халқының мемлекеттігінің тарихының ғибратты ғұмыры нақты баяндалады. Қазақстан тарихы туралы моңғол деректемелеріде қазақ тіліне аударылып қалаң жұртшылықтың көңілінен шыққан қазақ тарихының құнды деректеріне айналды. Бұл еңбектердің жарық көруіне де «Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасының мұрындық болғанын айтуға тиіспіз [2].


Бізідің ғалымдарымыз «Мәдени мұра» бағдарламасының аясында алыс жақын шетелдердегі мұрағаттар қорындағы тарихи деректер негізіндезейін сала зерттеп, ұзақ уақыт бойы осы салада тынбай ізденуіміздің жемісі мен нақты нәтижелеріне негізделе отырып, Орхон-Енисей жазбаларының бұрынғы зерттеулерінде көзге шалынбай, қалыс қалып қойған тұстарын толық ашып көрсетуге, салыстырмалы түйіндерді анықтауды ең басты мақсат етті. Бұлай істеуімізге басты ойлар – шындық пен деректі тарихи салыстырма негізде ортаға салынса, көптеген ғалымдардың аталған тақырыптағы күрделілік пен қиындықтарға сәйкес қытай, түрік тектестер тілдеріндегі бесаспап біліктілікті қажет ететін шарттарының орындалуы арқылы көптеген сыңар жақты, піспеген тұжырымдар мен дәлелдемелерді қайталай көздеп көшіруден туындаған жағдайдан арылтқан тың тарихи деректер қазақ тарихының ғылымына айналысқа түскенін айта кеткеніміз жөн [3].


Далалық көшпелілер мемлекетінің әкімшілік атқару аппараты отырықшы елдікінен түбірімен өзгеше. Отырықшы елдердің бюрократиясы ауыр да з ілд і, іс қимылдың іске асуы тым баяу болса, көшпенділердің әкімшілік аппараты далалық демократияға сай ілкімді де жеңіл, сатылық жүйесі ықшам [4].


Патша үкіметінің қазақ халқының басына орнатқан зорлығын көрсет-кен Қошке Кемеңгерұлы: «Үкіметтің тарихи зорлықтарының жемісі қазақтың құбыжығы, қорқатын құдайы – «протокол», не «жылтыр түйме», не «картоз» болды. Осы үшеуі жүрген жерде қазақ албастыдан қашқандай зымырап қашатын болды» [5, 57 б.] – деп отаршылдық бұғауында болған қазақ халқының жай-күйін дәл сипаттай білген автордың еңбегі сирек кездесетін еңбекке айналмас үшін, «Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасының жоспарына енгізіліп, қайта басылып оқырман қауымның рухани игілігіне айналды.


Белгілі ғалым С.З. Зимановтың жетекшілігмен Қазақ халқының дәстүрлі билік жүйесі билер институты мен билер сотының қалыптасуымен дамуына дамуына арналған Қазақтың ата заңдары аталатын: Құжаттар, деректер және зерттеулерден тұратын 10 томдық еңбек жариияланып қазақ тарихының дамуына қосқан сүбелі еңбектердің қатарын толықтыра түсті [6].


Орыс жазба деректеріндегі қазақ тарихы атты 10 томдық құжаттар жинағы жарық көрді. «XVI-XX ғғ. орыс деректеріндегі Қазақстан тарихы» бар. Бұл еңбекте ресей мемлекеттік мұрағаттарындағы қазақ тарихына қатысты деректер жарияланып төл тарихымыздың деректік мәліметтерін байыта түскенін айта кетуіміз жөн [7]. Мәшһүр Жүсіп Көпейұлының 10 томдық шығармаларының [8] жарық көруі қазақ тарихына қатысты құжаттық төл деректеріміздің қайнар көзі тарихымыздың шынайлығын тағы да бір дәлелдей түскен деректер топтамасы шоқтығы биік еңбектердің қатарына жатады.


2006 жылы бағдарламаның аясында Қазақстан тарихы энциклопедиялық анықтамалық еңбектердің жариялануы одан әрі жарлғасын тапты [9].


Орыс жазба деректеріндегі қазақ тарихы атты 10 томдық құжаттар жинағының 8 томы 2006 жылы жарық көрді. [10]. Қазақтың дәстүрлі қару- жарағының этнографиясына қатысты еңбектіңде «Мәд ен и мұра» мемлекеттік бағдарламасының аясында тұсауы кесілді [11].


Профессор З. А. Алдамжар «Тарих: пайым мен тағылым» атты еңбегінде тарих әдістемесі ғылымының мәселелері туралы ой қозғаған тарих философиясы туралы көзқарастары да тарих ғылымының қоржынына түскен ғылым қазынансын толықтыра түсті [12].


Қазақ ұлт-азаттық қозғалысының тарихының еңбектері көп томдық болып баспадан жарық көрді [13].


Батыс деректеріндегі қазақ тарихының көп томдық құжаттар жинағы «XII-XX ғғ. Батыс деректеріндегі Қазақстан тарихы» тақырыбымен баспаханадан шықты [14]. Қазақстан Республикасы үкіметінің «Мәдени мұра» бағдарламасы аясында 2007 жылы жарияланған «История Казахстана в русских источниках XVI-XX веков» көп томдық жинақ қазақ қоғамын басқару институттары туралы деректердің көптігімен көзге түседі. Осы жинақтан қазақ мемлекеттігі жолында тер төкен тарихи тұлғалар туралы және олардың кіндігінен тараған ұрпақтарына қатысты құжаттар топтамасы бар [15]. М.Ескееваның «Көне түркі және қазіргі қыпшақ тілдерінің моносиллабтық негізі» [16] туралы еңбегінен кейін, 2008 жылы белгілі ғалым Қ.Сартқожа ұлының «Орхон-Енисей жазба ескерткіштерінің атласы» [17] атты ғылыми еңбегі жарық көрді. Бұл еңбектер қазақ тарихының рухани мәдениетінің тарихының қатарын соны деректермен толықтырған болатын.


Қазақ батырларларының ерлік жолдарының тағылымының тарихына толы батырлар жыры тарихи өлең толғаулар, дастандарының көп томдық жинағы жарияланды [18]. Кеңестік билік кезеңнің 50-60 жылдары, әсіресе, билікке келісімен сталинизмді сынай бастаған Н. Хрущевтің тұсында орнаған «жылымық» кезінде «есін жинаған» қазақ тарих ғылымы қазақтың Ресей империясының құрамында болған кезеңіне қайта оралып, жаңа зерттеулер жүргізе бастағаны мәлім. XVIII-XIX ғасырлардағы қазақ-орыс қатынастары, қазақ қоғамының қоғамдық-саяси құрылымы жүйесі, Қазақстанның саяси, әлеуметтік-экономикалық даму жағдайына арналған белгілі заңгер профессор С. Зимановтың көп томдық еңбектері 2009 жылы баспаханадан басылып шығып қалың жұртшылықтың қолына жетті [19]. Әбілқайыр хан туралы жинақта соны пікірлермен толықтырылып Арыс бапссынан 2010 жылы қайта шығарылды [20].


2011 жылы жазылған еңбектерде қазақ хан, батыр-билерінің өмірі мен қызметіне байланысты біраз деректер қамтылды. «Қазақтың ханы – Абылай» [21]. Құрастырушы З.С.Тайшыбай Абылай хан дәуірі, өмірі мен қызметі туралы 250 шақты құжаттарды тұп нұсқадан мемлекеттік тілге аударып, алғаш рет ғылыми айналымға енгізген құжаттар мен материалдар жинағында тарихымызға қатысты тың деректер ғылыми айналымға түсті [22].


«Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасының аясында белгілі тархшылар: Б.Ғ.Аяған, Х.М.Әбжанов, А.И.Исиндердің «Қазақ хандығы тарихы: құрылуы, өрлеуі, құлдырауы» атты ғылыми еңбектері де жарық көрді [23].


Қорыта келе айтпағымыз, «Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарлам асының аясында жарық көрген тарихшы ғалымдар еңбектері тарихи тұлғаларға қатысты маңызды мұрағаттық мол деректермен қатар, өткен ғасырлардағы қазақ қоғамының саяси-әлеуметтік тарихына қатысты мәліметтерді жинақтап, бүгінгі күнге дейінгі тарихына қатысты қорытынды ой-пікірлер түйіндеумен ерекшеленген тарихи еңбектер қазақ тарихының дамуына қосылған сүбелі еңбектер болып табылады.


Әдебиет


Назарбаев Н. Тарих толқынында. – Алматы: Атамұра, 1999. – 296 б.

Қаз ақс тан тарихы туралы моңғол деректемелері, (Қазақстан тарихы туралы моңғол деректемелері. Лұбсанданзан. Ежелгі хандар негізін с алған төрелік жосығының туындыларын құрастырып, түйіндеген Алтын тобчы (Алтын түйін) демек-дүр. – Алматы: Дайк-Пресс, 2005. – Т. 2. – 305 б.

Қаз ақс тан тарихы туралы түркі деректемелері. Көне түрік бітіктастары мен ескерткіштері (Орхон, Енисей, Талас). – Алматы: Дайк- Пресс, 2005. – 2 т. – 252 б.

История Казахстана в русских источниках ХҮІ-ХХ веков. Первые историко-этнографические описания казахских земель. ХҮІІІ век /сост. И.В.Ерофеева – Алматы: Дайк-Пресс, 2007.– Т. 4.– 368 с.; Қаз ақс тан тарихы туралы түркі деректемелері. Көне түрік бітіктастары мен ескерткіштері (Орхон, Енисей, Талас). – Алматы: Дайк-Пресс, 2005. – Т. 2 – 252 б.; Сыздықов С. Көне түрік жазбасы Ұлы дала Мемлекеттілігінің тарихының дерегі ретінде // Мемлекеттілік және Ұлы дала: Халықаралық ғылыми конференциясының материалдары. – Астана. 2006. – 205-207 бб.

Кемеңгерұлы Қ. Үш томдық шығармалар жинағы. Т.1. – Алматы: Алаш, 2005. – 320 б.

Қазақтың ата заңдары: Құжаттар, деректер және зерттеулер – Древный мир право казахов. Материалы, документы и исследования. 10 томдық. /Бағдарлама жетекшісі: С.Зиманов. Қазақша, орсыша, түрікше, ағыл-шынша. – Алматы:Жеті жарғы, 2005. – Т.4. – 2005. – 552 б.

История Казахстана в русских источниках ХҮІ-ХХ веков. Журналы и служебные записки дипломата А.И.Тевкелева по истории и этнографии Казахстана (1731-1759 гг.) / Составление, транскрипция, скорописи ХҮІІІ в., историографический очерк и комментарии И.В.Ерофеевой. Т. 3. – Алматы: Дайк-Пресс, 2005. – 484 с.; История Казахстана в русских источниках XVI- XX веков.– Алматы: Дайк- Пресс, 2006, - Т. 8, Ч. 2, – 962 с.

Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы. Шығармалары- Павлодар: ТОО НПФ «ЭКО», 2006. – Т. 9. – 366 б. ; Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы Шығармалары. – Павлодар: ТОО НПФ «ЭКО», 2007 . – Т.10 . – 454 б.

Қазақстан тарихы энциклопедиялық анықтамалық. – Алматы. Аруна Ltd: 2006. – 768 б.

История Казахстана в русских источниках XVI - XX веков. – Алм аты : Дайк-Пресс, 2006. - Т.8, ч.2. - 959 с.

Қазақтың дәстүрлі қару-жарағының этнографиясы. – Алматы: Алматы кітап ЖШС, 2006. – 216 б.

Алдамжар З. А. История размышления и осуждения. – СПб.:С- Петерб. ун-та, 2006. – 209 с.

Қазақ ұлт-азаттық қозғалысы. – Алматы, «Ел-шежіре», 2007. – Т. 1. А. Рязанов. «Сорок лет борьбы за национальную независимость казахского народа (1797-1838 гг.) ». – 344 бет.; Қазақ ұлт-азаттық қозғалысы. – Алматы, «Ел-шежіре», 2007. – Т. 2; Жетісу – Ыстықкөл қасыреті. Құжаттар мен материалдар жинағы. 1916-1920 жж. Жетісу- Иссык-Кульская трагедия: Сборник документов и материалов 1916-1920 гг. – 352 с.; Қазақ ұлт-азаттық қозғалысы. – Алматы, «Ел-шежіре», 2007. – Т. 7.: Көп томдық. Т. 7 Т.Жұртбай. Бейуақ. – 344 бет.; Қазақ ұлт-азаттық қозғалысы. – Алматы, «Ел-шежіре», 2007. – Т. 1. А. Рязанов. «Сорок лет борьбы за национальную независимость казахского народа (1797-1838 гг.) ». – 344 б.

История Казахстана в западных источниках XII-XXbb. – Алм аты : Санат, 2007. – Т.5. – 408 с.

История Казахстана в русских источниках XVI-XX веков. – Алм аты : Дайк-Пресс, 2007. – Т.5, – 613 с.

Ескеева М. Көне түркі және қазіргі қыпшақ тілдерінің моносиллабтық негізі. – Алматы: Арыс, 2007. - 360 б.

Сартқожаұлы Қ. Орхон-Енисей жазба ескерткіштерінің атласы. – Астана, 2008. – 155 б.

Батырлар жыры, Т.6. тарихи өлең толғаулар, дастандар. /Құраст. Е. Дүйсенбайұлы /. Алматы: Жазушы, 2008. – 288 б.

Зиманов С. Политический строй Казахстана первой полпвины ХІХ века и Букеевское ханство – Алматы: Арыс, 2009. – 496 с.; 3.Зиманов С. Полное собрание сочинений. 10 томов. – Алматы. Медиа-корпарация ЗАҢ, 2009. Т.1. – 456 с.

Әбілқайыр хан: Жинақ. / Құраст.Ғ. Әнес., К.Есмағамбетов. Толықтырған екінші басылымы. – Алматы. Арыс, 2010. – 344 б.

Абылай: Дәуірі, өмірі мен қызметі Қазақтың ханы – Абылай: Дәуірі, өмірі мен қызметі: Ғылыми басылым. / Құрастырып, қазақшаға аударып, көрсеткіштерін түзеген және түсініктерін жазған. З.С.Тайшыбай. – Алматы: Ел шежіре ҚҚ. 2 томдық. Т.1. – 2011. – 640 б.

Б.Ғ.Аяған, Х.М.Әбжанов, А.И.Исин Қазақ хандығы тарихы: құрылуы, өрлеуі, құлдырауы. – Алматы: Сөздік-Словар, 2011. – 320 б.

Байпақов К.М., Таймағамбетов Ж.Қ. Қазақстан археологиясы: Жоғары оқу орының студенттеріне арналған оқу құралы. ҚРБжҒМ, Әл- Фараби атындағы ҚҰУ. Ә.Х. Марғұлан атындағы археология институты. - Алматы қазақ университет!, 2011 – 354 б.

Баяндама: Қазақстандағы саяси қуғын-сүргін құрбандары
Баяндама: Мәдени ревалюцияның қазақ мәдениетіндегі көлеңкелі тұстары
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу