Баяндама: Мәдени ревалюцияның қазақ мәдениетіндегі көлеңкелі тұстары

Oinet.kz 08-09-2020 768

Мәдени революция коммунистік партия белгілеген міндеттерге сәйкес білім беру, ғылым мен мәдениет мекемелерінің қызметін түбірімен өзгерту дегенді білдірді. Бұл кезеңде Қазақ мәдениеті кеңес елініңорталық аудандарынан айтарлықтай артта қалған еді. Халықтың басым көпшілігінің бастауыш білімі де жоқ, яғни сауатсыз еді.Соған байланысты Қазақстандағы мәдени революция басты екі міндетті шешуге тиісті болды: біріншіден, мәдени артта қалушылықты жою, екіншіден, білім беру, ғылыми және мәдени мекемелердің жаңа кеңестік жүйесін қалыптастыру болып табылады.


Мәдени революция - социалист және коммунистік құрылыс процесі кезінде қоғамның рухани өмірінің түпкілікті өзгерісі. Мәдени төңкеріс халықтың көпшілігінің қатысуымен қоғамның рухани байлығына жету, оның мақсаты мәдени-тарихи процес субъектісі ретінде үйлесімді жан- жақты дамыған тұлғаны қалыптастыру[1].


Кеңес өкіметі орнағаннан кейінгі алғашқы он жылдықтағы қазақ халқының және Қазақстан ауыл-селоларындағы мәдени құрылыстағы оқиғалар мен іске асырылған өзгерістер туралы мәселе - тарихымызда әлі толық анықтала қоймаған күрделі мәселе. Мәдени құрылыс атауына ие болған бұл құрылыстың бір тармағы республикамыздағы сауатсыздықты жою болып табылады.


Қазакстанда мәдени революцияны түпкілікті жүзеге асыру үшін бірқатар міндеттерді шешу қажет болды:


Жергілікті жерде нақты мәдени база жасау үшін сауат ашу және саяси білім тарату шараларын жүзеге асыру;

Қазақстандағы оқу-ағарту мекемелерін бір жүйеге келтіру, оқытуды бірыңғай оқу бағдарламасымен жүргізу;

рухани өмірге жаңа мазмұн беру үшін қазақ социалистік музыка мәдениетін дамыту;

кеңестік мемлекеттердің тұтас аумағында бірыңғай мәдени кеңістік жасау үшін өлкеде өнердің жаңа түрлерін — театр, кино, бейнелеу өнерін, т.б. қалыптастыру;

Қазақстанда ғылымды дамыту үшін ғылыми мекемелер жүйесін құру;

жергілікті халықтың қоғамдық және жеке өмірдегі рулық және діни наным-сенімдерін жойып, кеңес адамының жаңа өмір салтын енгізу;

социалистік қоғам құру міндеттерін шешу үшін ұлттық кадрларды даярлау;

Қазақстанда орта арнаулы және жоғары білім жүйесін құру.

Мәдени саясаттың түпкі мақсаты. Біртұтас социалистік мәдениет қалыптастыру үшін партия, бір жағынан - шығармашылық саласын халыққа жақындата түсуге, екінші жағынан - халықтың жалпы білімі мен мәдени деңгейін көтеруді ұсынды.


XVIII ғасырда қазақтардың сауаттығы өте төмен болды. Ата- аналар есебінен ұсталған мұсылман мектептерінде 28 әріптен тұратын араб әліпбиі жаттаттырылды. Содан кейін араб тілінде көп қайталанатын сөздер жатталды. «Шариат – ул - иман» атты оқулықты оқу арқылы оқушылар дұға, намаздарды үйренді. Мұнан хафтияқты, сөйтіп барып құранды үйрену қолға алынды. Ал қазақ даласында көп болмағанмен құранды білетіндер, мұсылман парызын орындаушылар бар болатын. Тіл білімінің дамуындағы келесі жетістіктердің ықпалымен XX ғасырдың басында қазақ зиялыларының тарапынан араб әліппесінің жазу үлгісін жетілдіру мәселесі күн тәртібіне қойылды. Оның бастамашысы қазақ мәдениетінің аса көрнекті қайраткері, тіл білімінің ғұлама ғалымы Ахмет Байтұрсынов болды. Ол жазу мәдениетінің, ойдағы сөз бен санадағы сан алуан пікірді ақ қағазға әріппен кестелеп, жазуға аударудың қаншалықты зор маңызы бар екенін ашып көрсетіп, 1912 жылы Орынборда шыққан «Тіл туралы» деген еңбегінде былай деп жазды: «Біздің заманымыз – жазу заманы: жазумен сөйлесу ауызбен сөйлесуден артық дәрежеге жеткен заман. Алыстан ауызбен сөйлесуге болмайды, жазумен дүниенің бір шетіндегі адам екінші шетіндегі адаммен сөйлеседі. Сондықтан сөйлей білу қандай керек болса, жаза білудің де керектігі одан да артық. Сөйлегенде сөздің жүйесін, қисынын келтіріп сөйлеу қандай керек болса, жазғанда да сөздің кебтесін келтіріп жазу сондай керек.»


Араб әліппесін қазақтың ұлттық тілімен ұтымды ұштастырып жазуға, қолдануға қолайлы, ыңғайлы, бұрынғысынан жеңілірек етіп пайдалану мақсатында Ахмет Байтұрсынов араб әрпімен жазудың жаңа үлгісін ұсынды. Ол қазақ тілінің дыбыс жүйесі бойынша дыбыс түрі бар екенін, оның дауыссыз, дауысты, жартылай дауысты болып жіктелетінін дәлелдеп, араб қарпі қазақ жазуындағы жіңішке дыбысты ажырату үшін айырым белгі – дәйекшені енгізу қажеттігін айтты. Тіл білімін жетілдірулегі аса жетістік ретінде танымал болған Байтұрсыновтың бұл жаңалығы «Айқап» журналының 1912 жылғы 4-5 сандарындағы оның «жазу тәртібі» деп аталатын мақаласында баяндалды. Бұл мақала сол жылы Орынборда жеке кітап болып шықты. Алғашқы кезде кейбір тосырқаушылық болғанмен жалпы жұртшылық бұл жаңалықты тек қазақ тілі емес, бүкіл түріктану әлеміндегі зор жетістік ретінде іліп әкетті. Қазақ зиялылары оны тез игеру, жұртшылық игілігіне айналдыру үшін жаппай ат салысты.


Кеңес аумағындағы түрік тілдес халықтарды латын әліппесіне көшіру мәселесі 1926 жылы Бакуде өткен құрылтай жиналысында талқыланды. Мұндай өзгеріске Қазақстаннан құрылтай жиналысына барған Ахмет Байтұрсынов, Елдос Омаров, Әзиз Байсейітов, Біләл Сүлеевтер қарсы шықты. Бірақ олар құрылтайда азшылық болды. Сөйтіп құрылтай жиналысы түрік тілдес халықтардың жазуына латын әліппесін енгізу қажет деп көрсетті.


Қазақ әліппесіне өзгерістер енгізу мәселесіндегі екі түрлі көзқарас қазақ халқының рухани өміріндегі екі түрлі бағыттың көрінісі болды. Оның бірін Шоқан, Ыбырай, Абай, Мұхамет Салық Бабажанов бастаған батысшылық бағыт бастап берді. Бұл бағытты қолдаушылар орыстың тілін білу, жазба өнерін игеру арқылы техникалық прогресте қарқынды дамып, шығыстан озып, әлемдегі жаңа өзгерістерге жетекші болып бара жатқан батыстың мәдениетін игеру қажеттігінің қазақтың болашағы үшін зор маңызы бар деп есептеді. Соған байланысты ол орыстың тілін, білімін игеру, арқылы дүниежүзілік мәдениетке ұмтылыс жасауды уағыздады. Сөйтіп, қазақ пен орыс арасындағы мәдени, рухани қарым – қатынасқа жол тартты.


Қазақстанның мәдениетінің қайнар көзін, қалыптасуы мен дамуын өткен ғасырлардан ала отырып, 1917 жылдан бергі кезеңді халқымыздың сан ғасырлық мәдениетінің бір кезеңі, құрамдас бір бөлімі, Кеңестік дәуірдің мәдениеті ретінде қарастыруға болады[2 ].


1917-1941 жылдар қазақ халқының тарихында өшпес із қалдырған жылдар болды. Тағдырдың талқысына түсіп, бұрын-соңды көріп білмеген,бастан кешпеген орасан зор опатты оқиғалармен бетпе-бет кездескен қазақ халқы үлкен қиындықтарға тап болды.


Ресейге тәуелді, бодан, бағынышты, тіпті оның қиыр шеттегі бір бөлігі болып келген Қазақстанда халық санасын қазан төңкерісі дүр сілкіндірді. Патшаның тақтан құлауы, одан кейін биліктен тайдырылуы, жұмысшы шаруалардың революциялық өкіметінің мемлекет тізгінін қолға алуы, қазақ халқының санасын сан-саққа жүгіртетін оқиға болды. Дамудың феодалдық сатысын әбден өтіп болмаған, қоғамның қауымдастық құрсауындағы қазақтарды таптық, әлеуметтік жіктеліске итермелеп,айрандай ұйып отырған ауылды бай, орташа, кедей деп бөліп, соңғыларының өз жағдайын жақсарту үшін байларға қарсы қалай күресу керектігіне көңіл бөлген кеңес өкіметі елдің ішін жауластырып қойды.


Ел -ақ, қызыл болып бөлінген азамат соғысы басталды. Ел екі жаққа бірдей жем болды. Алым-салық көбейді. Екі жылға созылған әуре – сарсаңда ел басына түскен зобалаң халықтың малын азайтып, азды – көпті адамын шығынға ұшыратып, еңсесін езіп жіберді.


Азамат соғысы аяқталғаннан кейін жаңа экономикалық с аяс ат деп аталатын саясат қолданыла бастады. Мал өсіріп, жан саұтап, жағдайды халық біршама дұрыстағанмен, елде дәйектілік, тұрақтылық болмады. Айқай – шу, асыра сілтеу, қарадай жалаға ұшырап, жазаға іліктіру күшейді. Әулекі белсенділер көбейді. Елдің алтын, күміс, қымбат тас, металдан жасалған бұйымдарын индустрияландыру қорына деп жинады. Қорға мал да аз түскен жоқ. Үгіт күшейді. Ел бірнеше жылда одақтың ойға алғандай орасан мықты мемлекет болатынына сенді. Жер, су реформасы, қосшы ұйымы, кооперативтердің, республикалардың жерін межелеу көңілге көптеген үміт ұялатқандай болды. Сөйтіп жатқанда коллективтендіру науқаны басталды. Әлді байлардың малды байларды тәркілеу, орташа кедейлердің малын қоғамдастыру, қоғамдасып өмір сүрудегі тәжірибенің жоқтығы, отырықшыландыруды бірден іске асырып, отырықшы ауыл құру идеясымен желігу – осының бәрі Қазақстанның теке сақал басшысы Голощекин билікке келген соң бұрын- соңды болып көрмеген қаталдықпен іске асырылды. Елдің берекеті кетті. Демократиялық құқ бойынша дұрыстыққа қайшы келетін нәрсені айтудың өзі қауіпті бола бастады. Ондайлар халық жауы атанып, қасіретке тап болып, қамауға алынып, айдалып, ауылынан, туған жерінен аласталатын болды. Осындай қорлықпен бірге елді сауаттандыру, қиқиған мектептергеауыл балаларын жинап оқыту, қызыл отау, қызыл керуен арқылы үгіт жүргізу сияқты шаралар іске асырылды. Әр түрлі бағытта, әр түрлі мазмұнда жүргізілген бұл үгіт-насихаттан жұрттың ұққаны көп болған жоқ. Байшылдықта, бай малының еңбексіз жиналғанын айыптау, кеңес өкіметіне қарсы сөз айтқанды, кеңестік саясатқа күмән келтіргенді ұстап беру, түрмеге тықтырып, жер аударту сияқты оқиғалар белең алды. 19281929 жылдардағы 1935-1937 жылдардағы қазақтың зиялыларын тұтқндау, жер аудару, көпшілігін «үштіктің» өкімімен атып құрту қазақ халқының бойында қорқыныш пен үрейге жол ашты. Осындай хал – ақуал тек Қазақстан емес бүкіл одақты жайлады[3].


Қазақстандағы мәдени құрылыс тақырыбына байланысты бірнеше ғалымдар өз еңбектерін арнады. Р.Б. Сүлейменов «Мәдени ревалюцияның тарихнамасы» атты мақаласында 40-жылдарға дейін жарық көрген әдебиеттерге талдау жасаса, 1917-1918 жылдар арасындағы жарық көрген әдеиеттерге А.Ю. Волкова мен А.Е. Ержановтың мақаласында, А.Н. Құдайбергеновтың докторлық диссертациясында талдау жасалған.


Мәдени ревалюцияны сипаттай отырып, авторлар оның страттық деңгейін төмендету, ал нәтижесіне келгенде асыра сілтеу байқалады. Дәлдеп айтқанда, оларда «мәдени ревалюцияның нәтижесінде СССР-дің барлық халықтары цивилицазияның шыңына көтерілді» деген тұжырым жасалған. Осы еңбектердің авторлары көптеген халықтардың тілінің, мәдениетінің, дінінің ерекшелігі құлдырап, құр сүлдері қалғанын тіпті кейбір сан жағынан көптеп саналмайтын халықтардың этнос ретінде де құрып кеткенін немесе соның ар жақ – бер жағында екенін көрмеді деуге болмайды[4].


Өйткені таяу уақытқа дейін мәдениетке төрешіл тұрғыдан қарау интернационалдықтың белгісі болып табылып келсе, ұлттық рухтың, сипаттың, тілдің және мәдени ескерткіштердің тағдырына алаңдаушылық, оны сақтауға деген қамқорлық ұлтшылдық деп танылды.Оның бір шарты азаматтық құндылықты ұлттық мәдениетке қарама-қарсы қою болса, екіншісі -мәдениетке тап күресі тұрғысынан қарау, яғни соцалистік мәдениетті халықтың ғасырлар бойы жинаған өзінің рухани мұрагеріне қарсы қою. Ол дегенің адамды өзінің ұлттық рухани мәдениетінен, түп тамырынан жырып алу болды. Адам сонда түбірі жоқ, заты жоқ мәңгүрт болып шыға келеді. Міне осындай жағдайда бірнеше ұрпақтар тәрбиеленді.


Сонымен мәдени ревалюцияның салдарынан тіл ім із, дініміз, салтымыз, тариха мұраларымыз, әсіресе орны толмайтын қасіретіміз – халқымыздың жартысына жуығы 1919-1921, 1931-1933 жылдардағы аштықтан опат болса, ең аяулы зиялыларымыз репрессияға ұшырады.


Шектен тыс орталықтандыру жүйесі орнаған соң Одақ құрған халықтардың тарихын бұрмалау патша заманындағыдан асып түспесе кем болған жоқ. Ал тарихымызды терең талдап, философия тұрғысынан ойластырған тарихшыларға ұлтшыл деп айдар тағып, репрессияға ұшыратқан.


Қазан ревалюциясына дейін Қазастанда дұрыс оқу жүйесі жасалды, мәдени дамуға жағдай жас алған жоқ деп айтуға болады. Патша үкіметі қазақ сияқты «бұратана бағындырылған» халықтарға білім беруге көзқарасы теріс, отаршыл пиғылда болды, қазақ балаларын оқытуға барынша кедергі жасады. Тек қана өмірдің туғызған қажеттілігіне байланысты төмендегі оқу орындарын ашуға мәжбүр болды. Ұлан байтақ қазақ жерінде бірде-бір жоғарғы оқу орны, ғылыми мекеме немесе қазақ тетры болып көрген емес, ал орта, арнаулы оқу орындарының өзі санаулы ғана болды Осы жөнінде көп басылымда келтірілген деректердің біреуін атап кеткен жөн. Бүкіл Қазақстанда бар болғаны 1 590 ауыл шаруашылық маманы, 244 дәрігер, 393 арнаулы 7 білімі бар медициналық қызметкер, 3 мың мұғалім жұмыс істген.Зертеушілердің пайымдауынша Қазақстанның Россияға қосылғаннан кейінгі дәуірде қазақ тілінде мыңға жетер – жетпес қана басылым шығарылған.


Осы орайда айтатын ең басты мәселе революцияға дейінгі Қазақстанда халықтың сана – сезімін оятудағы мәдениеттегі, білімдегі ұлттық интеллигенцияның рөлін зерттеудің және оны жарыққа шығарудың маңызы төмен. Революцияға дейін Қазақстанда интеллигенция болған жоқ, өйткені өлкеде не бары 22 ғана адамда жоғарғы білім болатын деген жауыр болған жаттанды пікір тарихи шындыққа жанаспайды. Бұл мәселенің принципті мәні бар, өйткені сөз қазақ ұлтының қалыптасуына аса зор үлес қосқан интеллектуалдық күш жайында болып отыр. Осы жерде Қазақ ССР-ның көп томдықэнциклопедиясын ақтарғанда, Октябрьге дейінгі кезеңде жоғары және аяқталмаған жоғары білімді 150- ден астам адам туралы мағлұмат алғанымызды айта кетуіміз керек. Екіншіден, ойшылдық, интеллигенттік тек жоғары оқу орнын бітірді деген куәлікпен ғана қамтамасыз ете ме? Ал жоғары білімі жоқтардың ішінде А.С. Пушкин, Л.Н. Толстой, Ш. Уәлиханов, Абай Құнанбаев бар типті М.Горькийді айтпағанда, оның тек қана шіркеу мектебін бітірген білімі болған. Яғни білімділік тек дипломмен шектелмейді.


Қазақ қоғамының дамуына, ұлттық интеллигенциясының қалыптасу процесіне орыстың демократиялық мәдениеті мен ғылымының әсерін тигізгенін ешкім жоққа шығара алмайды. Аса көрнекті ойшылдар, ақындар, жазушылар, оқымыстылар: А.С. Пушкин, А.И. Герцен, Н.Г. Чернышевский, Ф.М.Достоевский, Т.Г.Шевченко, В.И.Даль, В.В. Верещагин, Г.Н. Потанин және тағы басқалары қазақтың тарихына, мәдениетіне және келешегіне мейлінше назарларын аударып отырды. Олар қазақ халқының басылған правосын қорғауға және экономикалық, мәдени артта қалудың құтқаруға тырысты. Олардың прогрессивтік идеялары қазақ қоғамының демократтық элементтерін оятуға, олардың белсенділіктерін арттыруға әсер етті. Содан болу керек, ұлы Абай өз жұртын орыс халқымен бірлесіп, ынтымаққа болуға және оның тілін үйретіп білуге, материалдық және рухани мәдениетін игеруге шақырды.


Сонымен қатар орыс оқымыстылары мен саяхатшылары өлкеміздің географиясы мен минералдық ресурстарын, тарихы мен этнографиясын, қазақ фольклорын, тілі мен әдебиетін зерттеді. Россиядағы азаттық қозғалыс және қазақ жеріне жер аударылған революционерлер тұрпатындағы орыс қоғамының демоктариялық бөліг ін ің ықпалымен Шоқан Уалихановтан бастап, қазақ жастарының бірнеше ұрпағының дүниеге қөзқарасы қалыптасты.


Қазақстанның ғылыми, мәдени дамуының тарихында Шоқан Шыңғысұлы Уәлихановтың алатын орны ерекше. Өзінің творчестволық толғаныстарға, ғылыми ізденістерге толы қысқа өмірі ішінде Шоқан тарих, география этнография, лингвистика, археология, қоғамдық және саяси экономия ғылымдары саласында жемісті еңбек етіп, кейінгі ұрпаққа аса бай бағалы мұра қалдырды.


Ш. Уәлихановтың прогресшіл идеялары Абай Құнанбаевтың, Ы. Алтынсаринның еңбектерінен өз жалғасын тапты. Ұлы ақын асқан ойшыл, философ Абай творчествосымен қазақ халқының жазбаша әдебиетінің қалыптасуы аяқталған. Оның лирикасы қазақ халқының аса бай ауыз әдебиеті мен Шығыстың таңдаулы поэзиясы, орыс және Батыс классикасына негізделген, Абайдың әдеби, философиялық мұраларының қазақ халқының рухани дамуына еткен әсері ерекше зор.


Қоғамдық сана – сезімнің, мәдениеттің дамуына үлкен үлес қосты. Олар – Әлизан Бөкейханов, Ахмет Байтұрсынов, Мағжан Жұмабаев, Шәкәр ім Құдайбердиев, Жүсіпбек Аймауытов, Міржақып Дулатов, Бақытжан Қаратаев, Мұхаммеджан Сералин, Мәмбетәлі

Қазақстан Республикасының «Мәдени мұра» бағдарламасы: қазақ тарихы ғылымы
Баяндама: Ыбырай Алтынсарин – ағартушы, этнограф
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу