Трагикомедия дегеніміз не?

Oinet.kz 07-09-2020 682

Трагикомедия – драмалық шығарманың бір түрі. Драмалық шығарманың басқа да түрлері сияқты трагикомедия да шиеленіскен оқиғаға құрылады, оқиға кейіпкер сөздері (монолог, диалог) арқылы өрбиді. Трагедияда қақтығыс-шиеленіс суреттеліп, шығарма көбіне кейіпкердің қазаға ұшырауымен аяқталса, комедия әзіл-оспаққа, күлкіге толы болады, мұнда адам мінезіндегі түрлі кемшіліктерді әжуалау, сықақ ету басым келеді. Ал осы екі түрге жатпайтын, сахнаға арналған басқадай шығармаларды ‘‘жалпылама драма’’ деп атай береді. Ал, трагикомедияда трагедияға да, комедияға да тән сипаттар кездеседі. Мысалы, А.С. Грибоедовтың “Ақылдың азабы” (“Горе от ума”) шығармасында трагедия да, комедия та сипат-белгілер бар. Шығарманың басты кейіпкері өз ортасынан орнын таба алмай, белді адамдармен ұғыса алмай, олардан қол үзіп, өз бетімен кетуге мәжбүр болады. Яғни, ауыр трагедиялық жағдайға ұшырайды. Сонымен қатар біршама кейіпкердің оғаш мінездері, надандығы, аңқаулығы әжуа-күлкімен беріледі, бұл шығармаға комедия сипат үстейді. Ахмет Байтұрсынұлы “Әдебиет танытқышта”: “Әуреленістің сүйініші адамның арын кетіріп, ыза қылып, күйдіреді, күйініші адамды мәз қылып, күлкісін келтіреді. Сөйтіп, әуреленістің ұстаушылары ұсақтығымен, адамшылығы аздығымен адамның намысын келтіріп, арландырады да, әурешілігімен күлкіңді келтіріп, көңіліңді көтереді” дейді. Трагикомедия - драмалық шығарманың бір түрі. Сахнаға арналған әдеби шығармаларда трагедия, комедия, драма деп үш түрге бөлінеді. Ал жіктемей - түгелдей алғанда бұлардың бәрін де драма, драмалық шығарма деп атай береді. Драмалық шығарманың қай түрі болсын, оларға ортақ басты сипат шиеленіскен оқиғаға құрылатыны және сол оқиға кейіпкерлерінің сөйлеген, өзара сөйлескен сөздері (монолог, диалог) арқылы баяндалып, өрбіп-өрістеп отыратыны. Ал трагедия, комедия, драма деп жіктегенде осы түрлердің әрқайсысына тән өзіндік ерекшеліктер ескеріледі. Трагедияда қатты қақтығыс-шиеленіс суреттеліп, шығарма әдетте кейіпкердің қазаға ұшырауымен аяқталады. Комедия болса, ол күлкілі, әзіл-оспаққа толы шығарма. Мұнда тұрмыстағы адамның бойындағы, мінезіндегі әр түрлі кемшіліктерді әжуалау, сықақ ету жағы басым болады. Ал осы екі бөлекше түрге енбейтін, басқадай сахнаға арналған шығармаларды өзінің жалпылама атымен драма деп атай береді. Трагикомедия деп аталатын шығармада трагедияға да, комедияға да тән сипат-өзгешеліктер кездеседі. 

Ашық сабақ. География. Жердің пішіні мен өлшемі
Ашық сабақ. Географиядан күнделікті сабақ жоспары. Жер табиғаты жайындағы ғылым
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу