Ашық сабақ. География. Жердің пішіні мен өлшемі

Oinet.kz 07-10-2018 857

Сабақтың тақырыбы: Жердің пішіні мен өлшемі
Ортақ мақсат: Оқушыларға Жер ғаламшары және оның пішіні мен өлшемі туралы түсіндіру.
Негізгі идея: Оқушылардың білімге, пәнге деген қызығушылығын арттыру.
Модульдер:
Табыс критерийі: Жердің пішіні мен өлшемін білді
Әдістер: Сын тұрғысынан ойлау. Көшбасшылық. АКТ. Оқыту үшін және оқу үшін бағалау

Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі.
а) Оқушыларды түгелдеу
ә) Оқу құралдарын тексеру
б) Топқа бөлу ( сурет қималарын құрастыру арқылы)
в) Үй тапсырмасын сұрау
г) Жаңа сабақ түсіндіру
Миға шабуыл

Жаңа сабаққа сілтеме
Жер – Күн жүйесіндегі, Күннен есептесек үшінші ғалашар. Шамамен 4, 5 - 4, 6 млрд жыл бұрын пайда болған. Алғашқы кезде улы газдармен қайнап - жанып тұрған тау жыныстарынан құралған аспан денесі болатын. Миллиондаған жылдар бойы. Жер біртіндеп суына бастайды. Жердің бетінде бұрынғы жалындап жанып - қызып жатқан массаның үстіне жұқа граниті қабат пайда болып, қызған кездегі су булары нөсер жаңбырларға айналып, толассыз Жер бетіне тұрды. Жаңбыр сулары Жер бетіндегі ойыстарды, төмен жатқан жерлерді суға толтырды. Бірақ уақыт өте келе су керек қайтып бұрынғы деңгейінен төмен түсті. Соның өзінде де Жер бетінің 2/3 бөлігі судан тұрады. Жер бетінің жалпы ауданы 510 млн км2, оның 71% су, қалған 29% құрлық алып жатыр.
Сіздер Жердің шар тәрізді екенін білесіздер. Ежелгі гректер сол кездің өзінде - ақ Күннің тұтылуына қарай отырып, оның Айдың бетіне дөңгеленіп түскен көлеңкесінен анықтаған. Бірақ біздің ғаламшарымыз дәл шар сияқты емес, бүйірлері аздап шығыңқы болып келеді. Жер шарының кішірейтілген моделін глобус деп атаймыз. Ол өзінің осі арқылы айналысқа түседі. Осы дегеніміз глобустың ортасынан жоғарыдан төмен қарай өткізілген сым темір Жер де өзінің өсінен айналады, бірақ глобустағы ось ойша, яғни сіздерге түсінікті болсын деп алынған. Осьтің екі шетін полюстер деп атаймыз. Жердің ең енді жерін экватор сызығы алып жатыр. Экватор (лат. теңестіргіш) - ол жер шарын екі жарты шарға бөледі.

Трагедия дегеніміз не?
Трагикомедия дегеніміз не?
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу