Ашық сабақ. Қазақ тілі. 6 сынып. Одағай сөздер

Oinet.kz 05-10-2018 1291

Одағай

0 COMMENTS АШЫҚ САБАҚТАР

Ашық сабақтар
Одағай

Мақала авторы: Каражанова Бибигул Тулегеновна
Жұмыс орны: Ы.Мұхамеджанов атындағы орта мектеп
Лауазымы: қазақ тілі, әдебиеті пәндерінің мұғалімі
Порталға жариялану мерзімі: 08.11.2016


 

Сыныбы: 6

Уақыты:

          Сабақтың тақырыбы: Одағай

         Сабақтың мақсаты: білімділік ─ одағай түрлерін ажырату, тыныс белгілерін дұрыс қоюды, одағай мағыналарын ажырата білуге дағдыландыру;

тәрбиелік ─ оқушылардың танымын кеңейту, үлкенді сыйлау, құрметтеу, шапшаңдыққа, алғырлыққа баулу;

дамытушылық ─ хат жаза білуге машықтандыру, орфографиялық заңдылыққа сай одағайлы сөйлемді айта алуы, мәнерлеп оқу, шығармашылық жұмыс жүргізу қабілетін арттыру.

         Сабақтың түрі: жаңа тақырыпты меңгерту.

         Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, топпен жұмыс, топтастыру стратегиясы, практикалық.

Сабақтың көрнекілігі: сызба, суреттер, кесте, электронды оқулық, үнтаспа.

Сабақтың барысы.

І. Ұйымдастыру кезеңі.

Оқушыларды түгендеу, топқа бөлу, І топ, ІІ топ көңілді смайликтер арқылы топқа бөлу

Оқушылардың назарын сабаққа толық аудару.

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау.  Атауыш сөздер, көмекші есімдер

Үнтаспадан атауыш сөздер, көмекші есімдер туралы ережені қайталау. 75- жаттығу (көшіріп жазып, көмекші сөздердің астын сызыңдар, олардың неліктен көмекші сөз делінетінін дәлелдеңдер)

Жаңа сабақ:                                 Одағай сөздер

Одағай сөздер адамның әр түрлі көңіл күйін білдіреді немесе жан-жануарларды шақыру мәнінде қолданылады. Олар да сөйлем мүшесі бола алмайды. Толық мағынасы болмағандықтан, белгілі бір сұраққа жауап бермейді. Мысалы: Па, шіркін! Сөзің сөз-ақ екен!

Одағайлар ойға үстейтін мәніне қарай үш түрге бөлінетіндігін, тыныс белгілерінің қойылуын, мысал келтіре отырып слайд арқылы көрсету.

 Одағай   Көңіл күй,  Жекіру,  Шақыру болып үш түрге бөлінеді

  1. Бәрекелді,пәлі, ойпыр-ай, алақай, пай-пай, түу, уһ,аһ, ай, қап, әттеген-ай, беу, ау.

  2. Жә, тәйт, тек

  3. Шөре-шөре, құрау-құрау, көс-көс, айт, қош-қош, моһ-моһ, құр-құр, кә-кә, пырс, піш-піш. (үй жануарларының суреттерін көрсету арқылы түсіндіру)

  4. Бекіту кезеңі:

76-жаттығу (мәтіннен одағай сөздерді тауып, қандай мақсатта қолданылып тұрғанын дәлелдеңдер) І топ жаттығуды толық көшіріп жазып, ішінен одағайларды тауып, астын сызады. ІІ топ  жаттығудың схемасын жасайды. Одағайларды табады.

Электрондық оқулықпен жұмыс: слайд арқылы берілген тапсырмаларды оқушылар орындайды (одағай сөздер 64 тапсырма, М.Мақатаевтың «Туған жер» өлеңін тыңдату, одағайларды табу)

Тапсырма:(Әр топқа тілмеқағаздар таратылады мәтіннен одағайларды тауып, түрлеріне қарай ажырату)

І топ:

-Түу, есім жаңа кірді ғой!

–Ой, обал-ай!

-Тәйт, не тантып отырсың?!

-Апыр-ай, Мәрзияш, әйтеуір өзің амансың ба?

— Шөре-шөре, лағым, тастан тасқа секірген шұнағым.

-Қап, әттеген-ай, бекер барыпсың-ау!

ІІ топ:

-Аһ, серім-ай, омақаса құлап, домалаң асқан жерің осы шығар?!

-Тек, қорқытпай отыр баланы!

-Түу, бауырын сағынып қалыпты ғой!

-Ойпырм-ай, не деген әумесер немелер бұлар?

-Кә-кә, Ақтөс, келе ғой қасыма!

Сөздік диктант жүргізу:

  1. Ойпырмай, не деген керемет!

  2. Жә, жетер енді, тентектігім!

  3. Піш-піш, келе ғой, сүтіңді іше ғой!

  4. Жарқ-жұрқ етіп екеуі айқасады.

  5. Япырау, сонау жақтан келгені ме?

  6. Ақтөс, кә-кә!

  7. Тәйт, Қайрат, олай деме!

Сергіту кезеңі«Қалай шақырамыз?» ойыны

жылқы, қой, ешкі, түйе, сиыр, ит, тауық, мысық т.б.суреттен көрсете отырып, оларды қалай шақыратынын оқушыдан сұраймыз. Оқушы жауабы «дұрыс» болса үш шапалақпен мадақтаймыз

Жылқы ─ «моһ-моһ»

         Қой ─ «пұшайт-пұшайт»

         Ешкі ─ «шөре-шөре»

         Түйе ─ «көс-көс»

тілмеқағаздардағы салынған суреттерді мұғалім көрсетеді оқушылар үй жануарларын қалай шақыру керектігін айтады және дұрыс болса үш шапалақпен мадақтап отырады.

Тақтамен жұмыс: (тақтада ілінген кестеге оқушылар берілген одағайларды апарып орналастырады)

Көңілкүй одағайыЖекіру одағайыШақыру одағайы
АлақайТәйтКә-кә
Пай-пайТектҚұрау-құрау
БәрекелдіЖәПіш-піш,   моһ-моһ
Әттең-ай
Шөре-шөре

Қорытынды кезең: (әр топқа берілген тест жұмысы таратылады. Берілетін уақыт

3 минут)

«Одағай» тақырыбы бойынша алған білімдерін тексеру мақсатында қосымша сұрақтар қоямын:

  1. Одағай нені білдіреді?

  2. Одағай сөздерде толық (лексикалық) мағына бола ма?

  3. Не себепті одағайлар сөйлемде оқшау айтылады?

  4. Одағайдың сөйлем мүшесі бола алмауының себебі неде?

  5. Одағайдың қандай түрлері бар?

  6. Одағайлы сөйлемде қандай тыныс белгілері қойылады?

Оқушылар одағайдан түсінгендерін топтастыру әдісі   арқылы көрсетеді.

толық мағынасы жоқ                                                      көңіл-күйді білдіреді

сөз табы                                                                      сөйлем мүшесі бола алмайды

   оқшау сөз                                                                          оқшау айтылады

 ҮІ. Оқушыларды бағалау.

ҮІІ. Үйге тапсырмасырма беру.

1.Одағайға диалог құру.

  1. Ақындар өлеңінен үзінді жаттау. (одағайдың болуы шарт).


Ашық сабақ. Қазақ әдебиеті. Ыбырай Алтынсариннің өмірі мен шығармашылығы
Ашық сабақ. 0 сынып. 1-мамыр Қазақстан халықтарының бірлігі күні
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу