Ашық сабақ. 0 сынып. 1-мамыр Қазақстан халықтарының бірлігі күні

Oinet.kz 05-10-2018 1299

1-мамыр Қазақстан халықтарының бірлігі күні

0 COMMENTS АШЫҚ САБАҚТАР

Ашық сабақтар
1-мамыр Қазақстан халықтарының бірлігі күні

Мақала авторы: Ергебек Жазира Әбенқызы
Жұмыс орны: №4 М.Әуезов атындағы мектеп
Лауазымы: Тәрбиеші
Порталға жариялану мерзімі: 16.10.2016


2015жылдың сәуірайның 30жұлдызында О«в» сыныбында 1-Мамыр Қазақстан , бірлік күніне достық, ынтымақтастық, туған жер туралы өлеңдер айтылып, билер биленді.
1-мамыр Қазақстан халықтарының бірлігі күні

Мақсаты: 1- мамыр Қазақстан халықтар бірлігі күні екенін оқушыларға жеткізу; Ынтымақтыққа, достыққа, өз Отанын сүюге, қорғауға тәрбиелеу.
Әдемі әуен ойналады. Зал шарлармен, «1-Мамыр», «Достық», «Бірлік», «Ынтымақ» сөздерімен безендірілген.
Жүргізуші: Құрметті балалар, әріптестер!
Сіздерді 1- Мамыр – Қазақстан халқы бірлігі күні мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз! «Бірлік бар жерде- тірлік бар» дейді дана халқымыз. Бұл сөз тегінен тегін айтылмаса керек.
Ұлттар тұтастығы мен халықтар достығының арқасында бүгінде мемлекетіміз дамып келеді. Еліміз өркен жайып, әрбір шаңырақ шаттық пен қуанышқа кеңелсін.
Тәрбиеші: «Бірлік бар жерде бақыт бар»
Отан- әр адамның жүрегіне жылы тиер қасиетті сөз.Адам жүрексіз өмір сүре алмайды.Отан- біздің туған жеріміз, өзіміздің туған- туысқанымыз, дос- жаранымыз бен тұратын еліміз.
Біздің Отанымыз- Қазақстан.
Қазақстан гимні орындалады.
Республика халқының саны 15 миллиондай.
Жергілік ұлт қазақтармен бірге басқа да 130-дай ұлт өкілдері тұрады. Мұнда ұлтына, нәсіліне қарамай барлық халық өкілдері бір-бірімен туысқандай болып кеткен. Қазақстанның шаруашылығы мен мәдениетін дамытуға барлық ұлт өкілдері белсене қатысып,бірлесе еңбек етіп келеді.Сондықтан 1- мамыр Қазақстан халықтарының бірлігі күні болып аталады.Бүгінгі жиналған ұлт өкілдері өздерінің бірлік, достық мерекесін тойламақ.

Тәрбиеші: Өз сөзімдей жаңға жайлы сөздерің,
Өз көзімдей күлімдейді көздерің.
Дәм тұзымыз араласпыз әріден,
Дастарқандар жайылады сәнімен
Әдемі әуен ойналады. Зал шарлармен, «1-Мамыр», «Достық», «Бірлік», «Ынтымақ» сөздерімен безендірілген.

Қазақ халқы өте қонақжай халық. Келген қонағын қуана-қуана қарсы алады. Ендеше бірінші қонақтарымызды қарсы алайық.

Индия:(Аяулым,Сарбиназ,Рамамзан) Би: «Хатуба»
Ортақ мекен жер шары Төбемізде бір аспан
Барлық ұлттың баласы,
Достығымыз жарасқан
Ойын: «Теңге алу» Индиядан келген қонақтарға ұсыну.

Грузин:( Диас,Жангелді,Сезім) Би: «Лезгинка»
Ортақ бізге бір Отан,
Ортақ жердің байлығы.
Еңбек ортақ, жыр ортақ,
Ортақ бізге барлығы.
Ойын: «Асық ату».Грузиядан келген қонақтарға ұсыну.

Корея :(Айгүл,Күнайым,Аманжан) Би: «Ұлттық корей биі»
А .К.А Елім менің, жарқыраған, жайнаған,
Бақ біткенде бұлбұл құсы сайраған.
Елім менің биіктігі шарайнам,
Қыран құсы көгінде мың самғаған!
Ұршық иіру. Кореядан келген қонақтарға ұсыну.

Орыс: (Жанар,Мейіржан, Инабат)Би: «Калина»
Ағайын-туған – бар адам,
Адалдық үшін жаралған.
Бар қымбат туыстық,
Баянды болсын тыныштық!
Ұлттық биі «Қамажай» Ресейден келген қонақтарға билету.
Өзбек: (Оралхан,Батыр,Манзура,Айкөркем) Би: «Баригал»
Тілегі бір,
Жүрегі бір.
Достармен біз біргеміз.
Туыс барда құрыштан
Берік біздің іргеміз!
Ат жарысынан үзінді. Өзбек ағайындардың қатысуымен.

Қазақ: «(Ақниет,Арина.Досхан,Бейбіт)
Мен қазақпын, мың өліп, мың тірілген,
Жөргегімде таныстым мың тіліммен.
Жылағанда жүрегім күн тұтылып,
Қуанғанда күлкімнен күн төгілген.
Би. «Қара жорға»
Тәрбиеші: Достармен біз біргеміз.
Туыс барда құрыштан да,
Берік біздің іргеміз!
Жер – анамыз жасайды тарлық кімге,
Кетпеу үшін мәңгілік қалқып түнде.
Қайталанып, жаңарып айтылады,
Бейбітшілік деген сөз барлық тілде,- дей отырып,.
Тәрбиеші: Сондықтан да біздің мемлекет кешегі бабаларым табыстаған, сәт сайын, сағат сайын қарыштаған Тәуелсіз Қазақстан!
Хор «Атамекен»

Тәрбиеші: «Ел бірлігі – ең асыл қасиет. Бірлік, ынтымақ, сабырлылық пен парасаттылық, ең алдымен өзімізге – қазақтарға керек» деп көргенділікпен Елбасымыз айтқандай, біз сияқты көп ұлтты мемлекеттің даму болашағының бір көзі – Қазақстан халықтарының бірлігі.
Тәрбиеші: Қазақстан сияқты жас мемлекеттің өркендеуінің бір кепілі еліміздегі ынтымақтастық пен бейбіт өмір!
Тәрбиеші: Ендеше, бейбітшілік жасасын!
Тәрбиеші: Ынтымақтастық жасасын! Хормен
Тәрбиеші: Қазақстан жасасын!
Тәрбиеші: Қазақстан халықтарының бірлігі жасасын!
Тәрбиеші: Осымен, бүгінгі мерекелік кешімізді аяқтаймыз.
Сау — саламатта болыңыздар!

Тәрбиеші: Ергебек.Жазира
2014-2015 оқу жылы


Ашық сабақ. Қазақ тілі. 6 сынып. Одағай сөздер
Ашық сабақ. Ағылшын тілі. 7 сынып. My future profession
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу