Ашық сабақ. Технология. 6 сынып. Шығармашылық жұмыс. Станокпен салфетка тоқу
Станокпен салфетка тоқу
COMMENTS OFF АШЫҚ САБАҚТАР
Ашық сабақтар
Станокпен салфетка тоқу
Мақала авторы: Аубаева Айнур Амангельдиновна
Жұмыс орны: Сарқан қаласының облыстық зерде бұзылыстары бар балаларға арналған арнайы мектеп-интернаты
Лауазымы: мұғалім
Порталға жариялану мерзімі: 18.09.2020
Сабақ жоспары.
6 сынып.
Сабақтың тақырыбы: Шығармашылық жұмыс. Станокпен салфетка тоқу.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушыларға станокта түрлі-түсті жіптермен салфетка тоқу тәсілін үйрету.
Коррекциялық: Оқушылардың ой-өрісін, ойлау қабілетін,көргендерін есте сақтауды және қайта жаңғыртуын, сызбалар бойынша жұмыс істеуге дағдыландыру,саусақ маторикасын, ауызекі сөйлеуін дамыту.
Тәрбиелік: Эстетикалық тәрбие, шығармашылықпен жұмыс істеуге, ұқыптылыққа, бастаған істерін төзімділікпен аяқтауға тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі: станокта тоқылған бұйымдар, нұсқау картасы, сызбалар.
Құрал-жабдықтар: ағаштан жасалған рамка, түрлі түсті тоқыма жіп,қайшы, түйреуіш.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
1.Сәлемдесу.
2.Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.
3.Кезекші есебі.
ІІ. Өткен сабақты қайталау:
Бүгінгі сабағымызды бастамас бұрын өткен тақырыптар бойынша сұраққа жауап беріп өткен сабақты қайталап өтейік. Мына тақтадағы күніміз бізге жылу шашып тұруы үшін мына күн сәулесіндегі сұрақтарға жауап беріп ілейік.Тақтамен жұмыс.
1.Тоқыма жіптерінің түрлері (Фабрикадан иірілген жіп,қолдан иірілген жіп).
2.Түрлі-түсті жіппен тоқылатын қол өнер түрі (Кесте тігу өнері).
3.Мата қиындыларынан тігілетін өнер түрі (Құрақ құрау).
4.Жіптен тоқылатын түкті бұйым (Кілем).
5.Қағаз бетіне жіппен бейнеленетін өнер түрі ( Жіппен бейнелеу).
6.Жүннен басылатын төсеніш (Сырмақ)
ІІІ. Жаңа тақырып.
Ал балалар сабағымызды жалғастырмас бұрын мен сендерге жұмбақ жасырайын, мықты болсақ шешуін тауып көрейік.
1.Ернi жырық–кiшкене сырық. (Ұршық)
2.Екі темір бірігіп,
Кесіп, пішіп береді,
Екеуі бірге жүрмесе
Жоқ қой бізге керегі.(қайшы)
3.Ақ күшігім жүгіре-жүгіре буаз болды.(ұршық)
4.Бір тышқанда екі құйрық. (ине, жіп)
5.Басыда екеу, аяғыда екеу.(қайшы)
Қазіргі кезде халықтық өнер қайта жанып, жаңа мақсатта қолданылуда. Халықтық ішінен әр түрі өнер иелерін кездестіруге болады. Олар халықтық өнер түрлерін бүгінгі күн талабына сай асқан шеберлікпен жасауда.
Ата-бабаларымыздың қалдырған асыл мұрасын сақтап, жетілдіріп ертеңгі күнге мұра ету біздің борышымыз. Ғасырлар бойы ата-бабаларымыздың қазақтың қол өнерінің бір түрі, жұмысты болған өнер түрін қыздарға үйретіп керегімізге жарату. Осы орайда станокта салфетка тоқудың бір түрін үйреніп жатырмыз. Бұл бұйымды күнделікті өмірде қолданамыз. Мысалы, онымен орындықтардың бетіне жабуға және вазаның, еттабақтың, шәугімнің, телефонның астына қоюға болады. Бұл бұйым үй жиһаздарына сән беріп тұрады. Салфетканы түйіндеп тоқуды әр адам өзі үйреніп тоқуға болады.
Мына венн диограммасында жіптің түрлері көрсетілген .
Венн диограммасы.
Табиғи жіпті жануарладан алған.
Жасанды жіп өсімдіктерден қоспасынан жасалады.
Біз салфетка тоқу үшін қандай жіп қолданып жатырмыз?
Салфетка тоқудың жасалу жолдары:
1. Кез келген бұрыштың 1-ші шегесіне жіпті байлаймыз. Жіпті 2-ші шегеге іліп, 3-ші шеге арқылы өтіп, 4-ші шегеге іліп жалғастырамыз.
2. Дәл осылай екінші бағытта жіпті орай бастаймыз.
3. Үшінші бағытты да осылай орындаймыз.
4. Үш бағытта айқасқан жіптердің қиылысы пайда болады.
5. Осылай жіптің үш түрлі түсін керіп болған соң, жобалаған кескінді қарап отырып әрбір жіптердің қиылысын байлау арқылы түйіндейміз. Бұл түйіндейтін жіп әркімнің қалауы бойынша немесе алдыңғы керген жіптердің түсімен түстес болса да болады. Жіптің ұзындығын 15-16см етіп қиып дайындап аламыз.
6. Қалаған кескінді түгел түйіндеп болғанымызды тексеріп шығамыз. Әрбір түйінделген жерде астыңғы түсті қалдырып, үстіңгі түстің әр тордың ортасынан қиып шығамыз.
7. Жіптердің ұштарын тарқатып, тегістеп тарап қоямыз.
8. Жіпті шегеге керген жерден қиып, кергіштен босатамыз.
IV. Сарамандық жұмыс.
Қауіпсіздік ережесін ескерту.
1. Кергішпен жұмыс істегенде өте сақ болу керек, өйткені оның әрбір алты бұрышында шегелер болады, ол шегелер қолды жарақаттауы мүмкін. Сондықтан ұстағанда тұйық жағынан және үстелдің бетінен көтеріп ұстауы қажет.
2. Қайшыны жолдасыңа бергенде сап жағынан бергені дұрыс. Себебі қайшы қолды жарақаттауы мүмкін.
3. Жіпті үзгенде қайшымен қиып үзген жөн. Егер жіпті қолмен немесе тіспен үзетін болса, онда тістің сыртқы қабатына зақым келеді, ал қолмен үзетін болса қолды қиып жіберуі мүмкін.
V.ІІІ-ІҮ топ оқушыларымен жеке жұмыс жүргізу.
ҮІ. Сергіту сәті.
Аралас сөздерден мақал-мәтел құрастыр.
Еңбек түбі зейнет.
Жұмыла көтерген жүк жеңіл.
Көз қорқақ қол батыр.
Еңбек бәрін жеңбек.
VІІ.Сабақты бекіту:
Карточкалардағы сұрақтар жауап беру.
1) Жұмысты бастау үшін қандай құрал-жабдықтар қажет?
2) Қандай жіп түрлерін білесіңдер?
3) Жіпті апаларымыз қалай дайындаған?
4) Салфетканы қайда қолданамыз?
5) Салфетка тоқитын рамада неше шеге болады? 56шеге
Бұйымды ақырғы өңдеуден өткізу. Кергіштен босату.
VІІІ. Сабақты қорытындылау:
Оқушылардың жұмысын бағалау. Жақсы орындалған жұмыстарды мадақтау.
Жұмыс орнын жинастыру.