Ашық сабақ. Қазақ әдебиеті. 5 сынып. Марат Қабанбай өмірі мен шығармашылығы
Қысқа мерзімді сабақ жоспары
Ұзақ мерзімді жоспардың тарауы: Адамгершілік –асыл қасиет | Мектеп :Ы.Кабеков атындағы орта мектеп
| ||||||
Күні: | Мұғалімнің аты-жөні: Слямова Гулнара Турусбековна | ||||||
Сынып: 5 | Қатысқандар: | Қатыспағандар: | |||||
Сабақтың тақырыбы
| Марат Қабанай «Бауыр»әңгімесіндегі кейіпкерлер портреті мен іс-әрекеті арқылы образын ашу | ||||||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары(оқу бағдарламасына сілтеме) | 5Т/Ж2 Әдеби шығарманың тақырыбы мен идеясын ашу 5.Т/Ж3.Көркем шығармадағы кейіпкерлер портреті мен іс-әрекеті арқылы образын ашу
| ||||||
Сабақ мақсаттары
| Барлық оқушылар орындай алады: Көркем шығармадағы кейіпкерлер портреті мен іс-әрекеті арқылы образын ашады | ||||||
Оқушылардың көпшілігі орындай алады: Көркем шығармадағы кейіпкерлер портреті мен іс-әрекеті арқылы образдарды салыстыра алады. | |||||||
Кейбір оқушылар орындай алады Көркем шығармадағы кейіпкерлер портреті мен образына сыни көзқарасын білдіре алады | |||||||
Бағалау критерийі | Ø Шығармадағы кейіпкерлер портреті мен іс-әрекетіне талдау жасайды. Ø Кейіпкер образына қатысты өзіндік пікір танытады. | ||||||
Тілдік мақсаттар | Оқушылар орындай алады: Шығармадағы кейіпкерле рпортреті мен іс-әрекетіне талдау жасайды. | ||||||
Пәнге қатысты сөздік қор мен терминдер: балалар үйі. дөңес мұрын , бокс, ішімдегіні тап, қыңыр, самарқау, бауырына басу | |||||||
Диалог құруға/шығарма жазуға арналған пайдалы тіркестер: | |||||||
Талқылауға арналған сұрақтар: 1. Жазушы не себепті әңгімені «Бауыр» деп атаған? 2. Манаптың балалар үйіне келуінің себебі не? 3. Не себепті Қали әскери ұшқыш болғысы келді деп ойлайсың? 4. Не себепті Қали ағасын суық қарсы алды деп ойлайсың? | |||||||
Ишара: авторға хат, эссе | |||||||
Құндылықтарға баулу | Қоғамымыздағы ұлттық бірлік, бейбітшілік пен келісім сияқты ұлттық немесе жалпы адамзаттық құндылықтарға баулу көркем шығармадағы кейіпкерлер портреті мен іс-әрекеті арқылы іске асырылады | ||||||
Пәнаралық байланыс | Қазақ тілі | ||||||
Алдыңғы оқу | М.Қабанбайдың өмірбаянымен таныс,«Бауыр» әңгімесін мазмұнын оқыды. | ||||||
Жоспар | |||||||
Жоспарланған уақыт | Жоспарланған жаттығу түрлері | Ресурстар | |||||
Сабақтың басы
8 минут | C 1.Сыныпты топқа бөлу . Әр түрлі смайликтер арқылы топқа бөлемін. Отыратын үстелдерінің артына түрлі –түсті смайликтер жабыстырып қоямын.Мысалы Көк–«Мейірім», Сары-«Сағыныш» Жасыл- «Қуаныш»,
Ж «Үш қадамды сұхбат» әдісі 1-топ Әңгімені қысқаша баяндайды. 2-топ Әңгімеде көтерілген негізгі идеяларды анықтайды. 3-топ. Әңғімеге қатысты өз көзқарасын білдіреді. Бағалау критерийлері: 1.Әңгімені баяндап айта алады. 2. Идеяларды анықтайды. Көзқарасын білдіре алады.
«Бағдаршам»әдісі
|
| |||||
Сабақтың ортасы
20минут
| Т Әңгіменің желісі бойынша суреттерді орналастыру(оқиғалар картасы) Бағалау критерийлері: 1.Суреттерін ретімен қояды. 2 Сурет бойынша портретін талдай алады.
2-топ.Манап пен Қалидың портретін шығармадан тауып жазу. салыстыру
Бағалау критерийлері: 1.Қали мен Манаптың портретін мәтіннен табады. 2.Манап пен Қалидың мінезін салыстыра алады.
3-топ.Манап пен Қалидың көңіл- күйлерін, іс-әрекетін толтырады. (эмоциялар графигі) Бағалау критерийлері 1.Манап пен Қалидың іс-әрекетін, көңіл – күйін талқылайды.
Т Саралау тапсырмалары: Мәтінді тыңдау. 1деңгей. Манаптың ішкі көңіл күйін іс-әрекетінөз ойларыңмен ортаға салады. 2деңгей. Мәтіндегі Қали бейнесімен , өз ойларындағы Қали бейнесімен салыстыра талдау жасайды. 3 деңгей. Балалар үйінде тәрбиеленген Қалидың тәрбиесі мен мінез-құлқы туралы сыни көзқарас жасайды. Бағалау критерийлері: 1 Берілген тақырып шеңберінде өз көзқарасын білдіре алады. 2.Өз ойларын басқалардың көзқарасымен салыстыра алады. 3. Сыни көзқарас жасай алады. Жеке оқушылармен жұмыс Қалидың қызығушылықтарыМенің қызығушылықта рымҚалидың ұшқыш болғысы келеді себебі. ....Мен ....болғым келеді, себебі...Қали және оның достарының жазғы демалысыМен және менің достарымның жазғы демалысы |
«Оқиғалар картасы»
«Қос құты»
| |||||
Сабақтың соңы
15 мин
Кері байланыс
2 мин | Жеке жұмыс Қалидың өмірін, мінез-құлқын, көңіл-күйін талдай отырып эссе жазу. «Екі жұлдыз, бір тілек»арқылы өзара бағалатамын Бағалау критерийлері: 1.Өз ойларын толық жеткізе алады. 2.Дәлелдемелер мен фактілер келтіре алады
Кері байланыс «Бес саусақ» әдісі 1. Бас бармақ – басты мәселе. Бүгінгі сабақта ең құнды мәселе қандай болды. 2. Балалы үйрек – бірлесу. Мен топта қалай жұмыс жасадым? Кімге көмектестім? Кімге риза болдым? 3. Ортан терек – ойлау. Мен бүгін қандай білім мен тәжірбие алдым? 4. Шылдыр шүмек – шынайылық.Сабақ маған ұнады ма? Неліктен? 5. Кішкентай бөбек – көңіл – күй ахуалы. Мен сабақта өзімді қалайша сезіндім. Үйге тапсырма: Авторға хат жазыңдар. |
| |||||
Қосымша мәлімет | |||||||
Саралау – оқушыға мейлінше қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілетті оқушыға тапсырманы қалай түрлендіресіз? | Бағалау – оқушы білімін тексеруді қалай жоспарлайсыз? | Пәнаралық байланыс – денсаулық және қауіпсіздік, АКТ-мен байланыс. Құндылықтарменбайланыс(тәрбиеэлементі) | |||||
Қолдауды көп қажет ететін оқушыларға саралау тапсырмаларын бере отырып өз ойларын ортаға салуына қолдау жасаймын. Қолдауды аз қажет ететін оқушыларға тың ойларды ойлап, түсіндіру әдісін ұсынуға жағдай жасаймын Қолдауды қажет етпейтін оқушылар оқиғаға қатысты кейіпкерлерге сыни көзқарастарын айтып, ұсыныс пен тығырықтан шығар жол көрсетулеріне жағдай жасаймын. | «Бас бармақ», «Бес саусақ» «Екі жұлдыз, бір тілек», «Бағдаршам»әдісі арқылы формативті бағалау түрлерін қолданамын. | Оқушылар қазақ әдебиетінің белгілі шығармаларымен танысады. Сол арқылы еркін қарым-қатынас жүргізуге мүмкіндік алады. АКТ-ның тиімділігіне көздері жетеді. | |||||