Ашық сабақ: Негізгі және туынды зат есім

Oinet.kz 01-09-2020 2244

Сыныбы: 3 - сынып

Пәні: қазақ тілі

Тақырыбы: Негізгі және туынды зат есім

Мақсаттары:

Білімділік: зат есімнің негізгі және туынды түрлерінің жасалу жолдарын, айырмашылықтарын ұғындыру. Сөз құрамы туралы алған білімдерін пысқтау, жетілдіру;

Тәрбиелік: Оқушыларды шапшаңдықққа, ұқыптылыққа, шыншылдыққа, өз бетінше тапсырмаларды орындап, нәтижеге жете білуге тәрбиелеу, мамандық иелеріне деген құрмет пен алғыс сезімдерін ояту;

Дамытушылық: танымдық қабілеттерін, сауаттылықтарын және көркем жазу дағдыларын дамыту;

Сабақтың типі: Білім, білідк, дағдыны жетілдіру сабағы

Сабақтың түрі: Проблемалық сбақ

Сабақтың технологиясы: ДОТ, ПОТ

Сабақтың әдіс - тәсілдері: түсіндірмелі – иллюстративті, сұрақ - жауап, ой қозғау, салыстыру, талдау - жинақтау, проблемалық әдіс, ойын, ассосация

Сабақтың көрнекілігі: суреттер, слайдтар

Сабақтың барысы:

І. Қызығушылықты ояту кезеңі

1. Ұйымдастыру

Амандасу

Оқушыларды және құрал - жабдықтарын түгендеу

Оқушылардың назарын сабаққа аудару

Сабақтың мақсат - міндетін түсіндіру

Психологиялық дайындық

Балалар, бүгінгі сабақта Арман деген жалқау балаға қазақ тілінен жаттығуларды орындауға көмек көрсетейік. Келісеміз бе?

2. Жаңа сабаққа дайындық

Тірек білімдерін жетілдіру

Негізгі түбірден болған зат есімді негізгі зат есім деп атайды.: ыдыс, кілем, аяқ.

Түбір сөздерге жұрнақ жалғану арқылы жасалған зат есімді туынды зат есім деп атайды: жұмыскер, ойыншық, күйші.

(Интерактивті тақтадан негізгі және туынды зат есімдерге мысалдар көрсету).

ІІІ. Ой толғаныс кезеңі

1. Оқулықпен жұмыс

1 - жаттығу. Ребусты шеш. Суреттегі заттардың атын үлгіде көрсетілгендей жаз. Оларға сұрақ қойып, мағынасын салыстыр.

Көз + ілдірік = көзілдірік

Балық + шы = балықшы

Ас + паз = аспаз

Дәрі + гер = дәрігер

2 – жаттығу. Өлеңді оқы

Іскерлер

Дәрігер бала емдейді,

Жолшы жолды жөндейді.

Ұстаз сабақ береді,

Бағбан жеміс егеді.

Ұста темір соғады,

Балташы ағаш жонады.

Диқан тыңды тіледі,

Ісмер кесте тігеді.

Кенші жерді қазады,

Ақын өлең жазады.

• Туынды зат есімдерді теріп жаз, сөз құрамына талда.

• Тағы қандай туынды зат есім болатын мамандық атауларын білесің?

Дәрігер, жолшы, балташы, ісмер, кенші.

3 – жаттығу. Негізгі зат есімдерді бір қатарға, туынды зат есімдерді екінші қатарға жаз.

Суретші, ойпат, сый, сыйлық, қалам, сызғыш, ағаш, өнер,

қапшық, сусын, су, балық, үйшік, мұз, сиыр, құлыншақ, асхана,

көл, коньки, суат.

• Туынды зат есімдердің түбірі мен жұрнағын белгіле.

Негізгі зат есімдер: ойпат, сый, қалам, ағаш, өнер, су, балық, мұз, коньки, көл.

Туынды зат есімдер: суретші, сыйлық, қапшық, сусын, үйшік, құлыншақ, асхана, суат.

4 – жаттығу. Түбір сөздерге тиісті жұрнақтарды қосып,

туынды зат есім жаса.

Кітап, дос, егін, орын, - шы, - ші, - лық, - лік,

таза, адам, мал, шебер - дық, - тық, - хана

Кітапхана, достық, егінші, орындық, тазалық, адамдық, малшы, шеберлік.

Сергіту сәті

Көрікті далама қарашы,

Тізілген орман, тау, қаласы,

Алтай мен Атырау арасы

Қазақтың кең байтақ даласы

Қазақтың кең байтақ даласы

Сабақты бекіту

«Ойлан, тап» ойыны

Интерактивті тақтадан бірнеше суреттер көрсетіледі. Сол суреттердің атын атап, жұрнақ жалғап, туынды зат есім жасау керек. Туынды зат есімдерді қатыстырып сөйлем құра.

Суреттер: қой, етік, үй, бес, домбыра, мүсін, қобыз, қой, жылқы.

Үй тапсырмасын беру

а) ережені жаттау

ә) 5 – жаттығу

б) туынды зат есімдерді қатыстырып «Кім болам?» тақырыбында шығарма жазу

Бағалау

Өзіндік жұмыстың қорытындысы бойынша және оқушылардың сабақ үстіндегі белсенділіктеріне қарай бағалау

Қызылорда қаласы

№217 Б.Шалғынбаев атындағы

орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі

Жақсыбаева Гүлдан Бауыржанқызы

Ашық сабақ. Бастауыштыпен қоштасу бағдарламасы. Бастауыш сыныптар үшін
Математикадан 4-ші сыныпқа логикалық ойлауға арналған тапсырмалар
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу