Гитлердің атасы еврей ме?
11-01-2024
Әрбір ұлттың өзіндік ұзақ тарихы бар. Қазақ халқының тарихы сонау заманнына бастау алады. Қалмақ, жоғар шапқыншылығы қазақ халқының қалыптасуына кері ықпал жасады. Қаншама жылдар қақтығысып, соғысып жатқын екі ел арасындағы қан төгістер мен соғыстар халық жадында мәңгі қалып, ұрпақтан-ұрпаққа жетуде. Осынау қантөгісті соғыстардың ішінде халық жадында мәңгі қалған, өр рухты қазақ жауынгерлерінің ерлігі баян етілген Аңырақай шайқасы.
Аңырақай шайқасы – біріккен қазақ қолының жоңғар басқыншылығына қарсы жүз жылдық азаттық соғысында бетбұрыс жасаған ең ірі жеңісі. Үш жүз жасақтары шешуші шайқас алдында Хантауында, Сұңқар тауында жиналды. Шайқас Солтүстік Балқаш, оңтүстік Отырар даласы, батысы Шу, шығысы Күртіге дейінгі аралықтағы жерлерде өткендігін тарих дәлелдейді. Аңырақай аталатын мекенде осы өңір. Ұрысқа бас қолбасшы болып Бөгенбай батыр сайланды. Үш жүз жасақтарының қимылын үйлестіру міндеті Қазыбек батырға табысталып, көптеген қазақ батырларының есімдері осы шайқаста аталған. Қаракерей Қабанбай, Шапырашты Наурызбай сынды елдің қамын ойлаған батырлар осы шайқаста елі, жері, халқы үшін жанаямай соғысып, жерін жау қолынан сақтап қалды.
Қазір батыр ата-бабаларымыздың арқасында осынау шекарасы мығым, бейбіт мекенде өмір сүріп жатырмыз. Ендігі біздің басты парызымыз, Аңырақай сынды үлкен соғыстарда жерімізді қорғап қалу үшін қаза тапқан ата-бабаларымыздың үмітін ақтап, жерімізді көркейтіп, елімізді әлемге таныту болып табылады.