Ұлттық валюта туралы шығарма
Әр елдің мемлекеттік рәміздер болғаны секілді өзіндік валютасының болуыда заңды. Себебі, ұлттық валютаны енгізіп, оны айналымға жіберу тәуелсіздіктің айқын бір көрінісі болары анық.
Тәуелсіз Қазақстанның ұлттық валютасы – теңгесі 1993 жылы 15 қарашада айналымға енді. Ал, 1997 жылы 13 қарашада Елбасы алғаш теңгенің айналымға түскен күнін «Ұлттық валюта күні» деп жариялады. Алғашқыда қазақтың ақын-жазушылары мен тарихи тұлғалары бейнеленген теңге шығып жатса, кейіннен жаңа Қазақстанның айрықша көрікті жрлері бейнеленген теңге ауысты.
Адам өмірінде ақшаның алар өзіндік алар орны бар. Біз осы өзіндік валютамыздың бар екенінің арқасында әлемге жеке дара ел болып таңылдық. Кез келген затты сатып алу үшін әуелі қалтамызда теңгеміздің бар болғаны маңызды. Алайда өмірде ақшаға сатып алмайтын дүниелердің де барын ұмытпайық. Адамдардың бір-біріне деген сүйіспеншілігі мен махаббатын ешқандай ақшамен сатып ала алмаймыз.