Доллар тағы арзандады: 30 қаңтарға арналған валюта бағамы

Oinet.kz 30-01-2023 793

Қазақстанның Ұлттық банкі 30 қаңтарға арналған доллар мен рубльдің теңгеге қатысты ресми бағамын белгіледі, деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі.

Screenshot_4.jpg

Бүгін, яғни дүйсенбіде доллар бағамы тағы арзандап, 460,43 теңге болып бекітілді.

Айта кетейік, өткен аптаның соңында америкалық валюта бағамы 461,37 теңге болған еді.

Ресей рублінің ресми бағамы 6,69 теңге болды.

Қор биржасының мәліметінше, бүгін таңғы сағат 8.00-дегі жағдай бойынша Алматыдағы ақша айырбастау орындарында доллардың орташа бағамы 459,5 теңгеден сатып алынып, 463 теңгеден сатылып жатыр. Астананың ақша айырбастау орындарында орташа есеппен 459 теңгеден сатып алынып, 462,5 теңгеден сатылып жатыр.

Бүгінгі ресми валюта бағамы бойынша:

USD / KZT – 460,43 (АҚШ доллары)

EUR / KZT – 501,04 (еуро)

RUB / KZT – 6,65 (ресейлік рубль)

TRY / KZT – 24,47 (түрік лирасы)

CNY / KZT – 67,89 (қытай юані)

KGS / KZT – 5,35 (қырғыз сомы)

UZS / KZT – 4,08 (өзбек сомы).

Сайлауға қатысты үгіт-насихат материалдарының бағалары
Шымкенттегі танымал фитнес клубта бес жасар бала бассейнге батып кетті
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу