Мемлекеттік тіл туралы шығарма
Әрбір ұлттың өз ана тілі бар. Тіл – ұлттың айнасы. Тіл арқылы ұлттың тарихы мен мәдениетін, салт-дәстүрін білеміз. Қазақстанның мемлекттік тілі – қазақ тілі.
Әлемде қаншама тілдер бар. Солардың ішінде қазақ тілі ең таза, шұрайлысы. Қазақ тілі сөздік қорға бай. Мұнда мәнді де мағыналы, әдемі сөздер өте көп. Негізінен қазақ тілі кирилл әріптерімен жазылады. Яғни, 42 әріптерден құралған әліпбие. Бірақ соңғы уақытта латын әліпбиеге ауысу жүзеге асып жатыр.
Мемлекеттік тіл арқылы әлем жұрты Қазақстанды танып, біліп жатыр. Елімізде көптеген әлемдік деңгейде іс-шаралар ұйымдастырылып, осы арқылы әлем жұрты қазақ тілін меңгеріп білуде. Қазақ тілімен өз еліміздің ақын-жазушыларының жауһар туындыларын оқып, білеміз. Мәселен, Мұхтар Әуезовтың «Абай жолы» эпопеясының өзінде қазақ халқының сөздік қорының байлығына, оның ғажаптығына көз жеткіземіз.
Президентіміз мемлекеттік тіл – қазақ тілін дамытуға көп мүмкіндік жасауда. Қазаұ тілінің болашағын жарқын ету мақсатында елімізде көптеген іс-шаралар жасалынуда. Әлемдік деңгейдегі құнды кітаптар мен шығармаларды қазақ тіліне аударуға зор ден қоюда. Қазақ жастарының пайдалы ілімге толы кітаптарды қазақ тіліне аударып, жастарды біліммен сусындатып жатыр. Мұның бәрі ел басшысының жастардың болашағының жарқын болуына жасаған мүмкіндіктері.
Әрбір өскелең жастар, біздер, еліміздің мемлекеттік тілің құрметтеп, қастерлеу біздің басты парызымыз.