Соқыр туралы мақал-мәтелдер

Oinet.kz 02-01-2020 1742

Соқыр көбелекке тең.


Соқырдың тілегені - екі көзі.


Соқыр көзіне сенбейді, қолымен көреді.


Соқыр - сезгіш, саңырау - көргіш.


Соқыр кінәмшіл,

Саңырау секемшіл.

Картинки по запросу слепой

Гауһардың қадірін соқыр да қор қылады.


Қитар бір затқа қарап екі нәрсе көреді.


Соқыр көргенінен жазбас.


Соқырдың қолына түспе,

Саңыраудың астына түспе.


Керең адамның аузына қарар,

Соқыр адамның дауысын тыңдар.


Туа мүкіс қозғалмас.

Ем туралы мақал-мәтелдер
Таз туралы мақал-мәтелдер
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу