Менің әжем. Шығарма
Менің әжем әлемдегі ең жанашыр жан. Әжемнің мейірімі мен жанашырлығын сезініп жүрген мен бақытты немеремін. Әжем жайлы бір шығарма емес, бірнеше кітап жазсам да аздық етеді. Маған өзінің құнды ақылың айтып отырады әркез.
Менің инабатты да ибалы, ақылына көркі сай сұлу болып бойжеткенімді қалайды. Сол себепті де әркез маған үлгі-өнеге көрсетіп отырады. Әжем ою ойып, құрақ құрастырып, киім тігеді. Мен әжеме әркез көмектесіп отырамын. Инеге жіп өткізу, матаны өлшеп қию секілді оңай жұмыстарды маған сеніп тапсырады. Әжемнің сенімі маған қанат бітіреді. Әжемнің мен үшін тіккен етек-жеңі ұзын әдемі көйлектерін меркелік кештер мен той-жиындарға киіп барғанымда бәрінің көзі менің көйлегімде болады. Мен әжемнің тігіп берген көйлегін киіп сұлуланып жүремін. "Шаш - қыз баланың көркі" деп менің шашымды кішкентай кезімнен қысқартпай, ұзын етіп өсіріп, әркез екі бұрыммен өріп қояды. Қыз баласының әдепті, ақылды, ер кісілердің алдын кеспейтін, үлкендердің сөзің бөлмейтін, жан-жағына күлімдеп, әркез жақсылық жасап жүру керектігін, жаман сөздер емес мәнді де мағыналы сөйлеу қажеттігі сынды көп ақыл кеңесін маған әркез айтып отырады. Менің бойыма нағыз қазақ қызыңа тән қасиеттерді сіңіруде. Әжемнің маған артқан сенімін ақтауға тырасамын. Әжемдей көргенді, парасатты Еланасы болғым келеді. Мен әжеммен мақтанамын әрі шексіз жақсы көремін.