Аға туралы шығарма
Аға – бір ананың жатырынан таласып шыққан сенің ең жақын бауырың. Аға әркез саған қолдау көрсетіп, жаныннан табылып, сүрінгенде қайта тұруына көмектесетін бірден бір жан. Саған өзгелердің ауыр сөз айтқанын , саған жамандық пен әділетсіздік істелінсе жаны қиналатын, сені ойлап уайымдайтын жанашыр адамың.
Аға дегенде әуелі көз алдымызға ірі денелі, сөзі өткір, жүзіңде мейіріммен қоса қаталдылығы да бар жанды елестетеміз. «Ағасы бардың жағасы бар» деген сөздің астында терең мағына мен бауырлар арасындағы шексіз махаббат жатыр. Қиналған кезде әркез қасынан табылып, сен үшін жанын қиюға дайын болатын, сені өзінің қамқорлығына алып жүретін мейірімі шексіз ірі тұлға. Артынғы дөңгелек алдынғы дөңлектің соңынан жүреді дегендей, аға бастап берген сараптал жолмен өзінен кейінгі іні-қарындастарынында жүрері анық. Ағаға артылатын міндет пен жауапгершілік аса үлкен екенін осыдан да аңғаруға болады. Аға – ата-ананың қолғанаты, көмекшісі. Өзінен кейінгі іні-қарындастарына қарайтын, дұрыс жол бағыттап, адам болып қалыптасуына өзіндік зор ықпалын тигізетін жолбастаушы.