Тесік құмыра туралы аңыз
28-06-2022
Ағайын алтау болса, адам тимейді,
Тура жүрсең, лебізің күймейді.
Ағайын мен жекжат арасын,
Майына мінген ат айырады
Немесе оқымаған бата айырады.
Екі ағайынды жігіттің,
Кере қарыс жалы бар.
Жалғыз басты жігіттің,
Шығар-шықпас жаны бар.
Көсеуің ұзын болса, күймес,
Ағайының көп болса, ешкім тимес.
Өзімде болмаса, ағайында болсын,
Ағайында болмаса, алғанымда болсын.
Жаттан жеген майлы астан,
Жақынның жұдырығы артық.
Алыс та жақын болар, жолын тапсаң,
Жақын да алыс болар, қолың қақсаң.
Алты Алашқа қорланба,
ағайынға қорлан