Кенесары қырғыздарға неге барды?
06-11-2023
Ана тіліміз – біздің басты байлығымыз. Тәуелсіздік алып, өз алдымызға жеке дара ел атанған күннен бастап ана тіліміз мемлекеттік тіл мәртебесіне ие болды. Бұл ана тілімізге деген зор құрмет. Туған тіл – әр ұлттың құдыретті қазынасы. Бұл анадан балаға сүт арқылы даритын, бесік жыры арқылы құлаққа сіңген әуезді ән секілді. Ата-бабалардан ұрпақтан ұрпаққа келе жатқан баға жетпес мұра. Демек әр адам ана тілің көзінің қарашығындай қорғауға, оны құрметтеуге тиесілі.
Қазақ тілі – әлемдегі ең бай тіл. Сөздік қоры мол. Мақал-мәтел, жаңылытпаш пен жұмбақтар, шешендік сөздер, аңыз-әңгімелер, жыр-дастандар бұл тілдің байлығының дәлелі. Ана тілі – халық боп жаралғаннан бері жан дүниеміздің айнасы, өсіп-өніп түрлене беретін, мәңгі құламайтын бәйтерегі,- деп Жүсіпбек Аймауытов айтқандай елін, жерін сүйген әрбір азаматтың көкірегінде ана тіліне деген сүйіспеншілік пен мақтаныш сезімі болуы керек.
1989 жылы 22 қыркүйек күні «Тіл туралы» заң қабылданған болатын. Бұл заңда Қазақ ССР-нің мемлекеттік тілі қазақ тілі, ал орыс тілі – ұлтаралық тіл деп бекітілген еді. Сол күннен бастап тілге деген құрмет артуда. Қазіргі таңда Қазақстанда 130ға жуық ұлт өкілдері өмір сүрмек екен, олардың өз тілі мен дәстүрі бар. Тілге деген құрмет – Отанға деген құрмет. Тіл - ұлттың жаны. Ал ұлттың болашағы - оның ана тілі. Тіл - халықпен бірге өмір сүріп дамиды, әр ұлттың тілі - оның бақыты мен тірегі. Елбасы Н.Ә.Назарбаев халықтың болашағы туралы тереңнен толғай отырып, «мемлекеттің ең басты дүниесі тек ғана байлық емес, сонымен қатар ана тіліміздің болашағы» деген болатын.
Қазір қазақ тілің дамытып, әлемдік тілдер санатына қосу біздің, өскелең жас ұрпақтың, міндетіміз әрі Отан алдындағы борышымыз.