Анама тілек

Oinet.kz 20-11-2019 2678

Аяулы Ана! Шығар шыңдарыңыз, бағындырар биіктеріңіз, алар асуларыңыз көп болсын! Әрқашан Алланың назарында, бақыттың базарында шалқып тасып жүре беріңіз! Сізге сарқылмайтын денсаулық, таусылмайтын бақыт тілейміз! Арамызда бүгінгі күндей жарқырап, күліп-ойнап жүре беріңіз!
 
          Өмірдің әр қырынан іздеп арай,
          Бақыт құсы самғасын Сізге қарай.
          Алпыстың асуынан еркін асып,
          Сәтті қадам басыңыз жүзге қарай!

туған күн.jpg

Аяулы анамның туған күні!!!
Өз бақытын, қуанышын өзі өмірге әкелген перзенттерінің қылығынан, қызығынан іздейтін аяулы Анам менің! Сізге әлемдегі бар жақсы тілекті үйіп-төксем де аз. Алла сізге ең алдымен мықты денсаулық берсін! Әрқашан жүзіңізден мейірім нышаны кетпей, айналаңызға нұрыңызды шашып, Аналық баққытқа кенеліп жүре беріңіз!!!
 ***
Батыр да туған анадан, ақын да туған анадан,
Ананың биік тұғыры - анадан туған бар адам.
Пайғамбарымыз Мұхаммед ананы құрмет санаған,
Анаға мәңгі борыштар елдегі барлық дана адам.
Ақ сүтін беріп өсірген, бұзық болсам - кешірген.
Тілін алсам - айналған, күнәм болса -өшірген.
Ақ анашым,анашым, саған тәнті бала шын!
Мөлдір, кәусар бұлақсың, мен сүрінсем - жылапсың,
Шыңға шықсам - қуанып, мен құласам - құлапсың,
Ақ анашым, анашым, сенбей бар ма жанашыр.
 ***
МЕН СІЗДІ ҚАТТЫ ЖАҚСЫ КӨРЕМ!!!

Бүгін - анамыздың туған күні. Осыған орай, ардақты да асыл анашымызды шын жүрегімізден құттықтаймыз. Деніңізге саулық, шаңырағыңызға ырыс-байлық, көңіліңізге сезімнің шалқыған шаттығын тілейміз. Әрдайым осы қалпыңыздан танбай, жетістіктен жетістікке жете беріңіз. Отбасыңыздан ынтымақ, басыңыздан бақ таймасын. Жүзіңізден шуақ кетпей, ғұмыр бойы мәз-мейрам болып, өмірдің қызығына тоймай, ортамызда жүре беріңіз. Дос-жаран мен туған-туыс алдында абыройыңыз артып, аңсаған армандарыңыздың асуларына шыға беріңіз. Жұлдызыңыз жоғары, мерейіңіз үстем болып, қуанышқа кенеліңіз.

***

Ұл-қыз өсіріп, немерелерінің қымбатты анасы, сүйікті әжесі болып отырған 60-тың асуына шыққан .......... тұрғындары ........ пен ......... мерейтойларымен құттықтаймыз.

***

Артқан соң бала сенім,
Дертімнің дауасы едің,
Биік қой бұл өмірде,
Қадірің ана сенің.
 
Өмірге қадам мығым
Анашым – панам, күнім.
Баланың бақыты мен
Ойлаған амандығын.
 
Болған соң ұлтқа тірек,
Анада құт-қасиет.
Білемін ананы мен
Әлемнің тұтқасы деп.
 
Сен үшін атқан таң ақ,
Тек жалғыз хаққа аманат.
Ананы сүю керек
Мәңгілік баққа балап!
Сырым Әуезханов      

Туған күнге арналған тілектер
Анамның 50 жасына - құттықтау
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу