Анамның 50 жасына - құттықтау

Oinet.kz 20-12-2019 2516

Елу жасқа толыпсың анам бүгін,
Түрлендірсін ақ тілек өмір гүлін.
Құтты болсын дүниеге есік ашып,
Алғаш рет сәби боп келген күнің.

туған күн.jpg
Орындалсын, анажан, басты арманың,
Жалындатсын нұрыңыз жастар жанын.
Ұлы тойға ұлассын туған күнің,
Жақсылыққа жайылып дастарханың.
 
Жеміс берсін тер төккен еңбегіңіз,
Бақыт болсын әрдайым көргеніңіз.
Жүзге жетіп баянды ғұмыр кешіп,
Арта берсін абырой беделіңіз.

Анама тілек
Әке-ана. Перзент тілегі (құттықтау-тілек)
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу