Туған күнге арналған тілектер
Саған айтар тілек. Таусылма еш жүдеп. Қиналсаң — төз. Жарыссаң — оз. Ойнасаң — ұт. Күрессең — жық. Ешкімді басынба. Басыңнан асырма. Табысқа тасыма. Намысқа жасыма. Ешкімді күндеме. Ешкімді тілдеме. Сөзіңнен танба. Қатарыңнан қалма. Біреуді даттама. Ешқашан кек сақтама. Біреуді сыртынан айдама. Өсекті тыңдама. Шынығып шыңдал. Жақсыдан үлгі ал!
Туған күн,
Гүл сыйлаған, дос қаумалап,
Шалқисың бәйгеге қосқандай ат.
Өзіңнің құрметіңе өмірдегі,
Айтылар не бір тілек, тостар ғажап.
Жалт етіп өте шығар бір жыл тағы,
Жоталар қол жетпеген қынжылтады.
Бір сәтке күйкі тірлік ұмыт болып,
Босатар бұғауынан мұң құрсауы.
Тілекке,
Ырза болып марапатқа
Боласың отырғандай дара таққа.
Бойыңа туған күнің қуат құйып,
Алады шомылдырып рахатқа.
Серпіліп ішкі әлемің құлазыған,
Қанасың кәусәр пейіл бұлағынан.
Туған күн
Бірер сағат төрде отырып,
Тірліктің дәм татасың шуағынан!
***
Өмір жыры таусылмасын мәңгілік,
Тұрсын алдан арайланып таң күліп,
Бақыт болсын әрқашанда жолығар,
Шаттығыңыз тау суындай молығар.
***
Тілеймін бақытты өмір ашық аспан,
Жалғанда тілек бар ма одан асқан.
Аман боп жанұяң мен бауырларың,
Жалғансын ақ таңдарын нұрын шашқан!
***
Мейірлі жүзің болсын, Дархан пейілің болсын. Қайсар жігерің,
Бауырмал мінезің болсын!
***
Көктемнің күлімдеген күні болшы, Өмірдің шешек атқан гүлі болшы, Қуанышты, көңілді өмір сүріп,
Өмірде ең бақытты жандардың бірі болшы!
***
Өзіңе қонар бақтың баяндысын, бітер дәулеттің көл-көсірлігін, келер ырыстың ысырап болмауын, жүрек гүлінің мәңгі солмауын, шаңырағыңа шаттық орнауын, Тәңірдің шексіз қолдауын тілейміз!
***
Тек шаттыққа толы күндер кешіп, бағыңда бақыт құсы сайрап,
сәулетіңе сай дәулет орнасын деп тілеймін.
***
Осы қуанышты күні Сізге деніңіздің саулығын,
шаңырағыңызға ырыс байлығын,
жүрегіңізге мәңгі жастық жалынын,
көңіліңізге сезімнің шалқыған шаттығын тілейміз.
Әрдайым осы тыңғылықты да тындырымды қалпыңыздан танбай,
табыстан табысқа жете беріңіз.
Отбасыңыздан ынтымақ, басыңыздан бақ таймасын!
Көңіліңіз ғұмыр бойы көтеріңкі болып,
өмір айдынында қайғы-мұңды білмей, еркін жүзе беріңіз.
Дос-жаран мен туған – туыс алдында абыройыңыз әрдайым артып,
аңсаған арманыңыздың асуларына жете беріңіз!
***
Абырой, амандығың арта берсін.
Бақ-дәулет қызығымен қатар берсін,
Қонағың жақсы көрген жиі келіп,
Таусылмас дәм-тұзыңды тата берсін.
Осындай ойын-сауық бол берсін,
Үй-іші той-думанға тола берсін,
Өмірдің гүл жайнаған жәннәтындай
Баршаңа бақыт құсы қона берсін.
Осы үйге көп-көп қылып бала берсін,
Балаға таудай талап, сана берсін,
Бәрі де балалардың өнерлі боп,
Бақыты барған сайын жана берсін!
Осы үйге сұлу мінез келін берсін,
Келінге адал ниет, пейіл берсін,
Ақ көңіл, ата-анаға мейірімді боп,
Қызығын бала-шаға түгел көрсін!
Жаныңда жақсы көрген көршің болсын.
(Көршіңіз жақсы болса – бейне төркін),
Ағайын, туған-туыс, жекжаттарың -
Баршасы сау-саламат, өсіп-өнсін!
***
Құдайым көктем берсін,
Көктем берсе – көптен берсін,
Құдайым жаздай берсін,
Жаздай берсе – жазбай берсін,
Құдайым күздей берсін,
Күздей берсе - үзбей берсін,
Құдайым қыстай берсін,
Қыстай берсе – қыспай берсін!
***
Күміс күлкі жүзіңнен арылмасын,
Болсын дейміз әрдайым бағың басым.
Отбасыңа тілейміз біз амандық,
Жаратқан дәйім Сізді жарылқасын.
***
.... туған күнің құтты болсын!
Ағайын-туысқанмен ортаң толсын.
Бір көрген адам Сізге көңілі толған,
Туысқан бауырларға сыйлы болған.
Тойыңыз әрқашанда тарқамасын,
Өзіңді балаларың арқаласын,
Жасыңа дәл осындай жас қосылып,
Көңілің дариядай жарқырасын.
***
Той-думан болсын өмірің сарқылмайтын,
Бақыт берсін ешқашан таусылмайтын.
Тілейміз сізге саулық, ұзақ ғұмыр,
Орындалсын ой-арман тілегіңіз.
***
Аспаныңыз ашық, жүзіңіз жарқын, шаттық-қуанышыңыз мол болсын.
***
Жұлдызыңыз жоғары, еңбегіңіз бағалы, мерейіңіз үстем болсын.
***
Мерейіңіз таси берсін, мәртебеңіз биіктей берсін.
***
Шаңырағыңызға береке-бірлік, шадыман шаттық-қуаныш тілейміз