Қазақи құндылықтарды патенттеп алсақ...

Oinet.kz 10-08-2019 1276

Screenshot_56.jpg

Жас баланы сүндеттеу ислам дінінде парыздың бірі және қазақтың  ежелден келе жатқан дәстүрі. Ата-анасы «ұлым мұсылман болды» деп ерекше қуанып, ағайын-туысын жинап, дастархан жаяды. Баланың алдындағы парызды орындап той-думан жасайды. Мұсылман елдеріне ортақ осы бір дәстүрді қазір молдалардан гөрі медицина қызметкерлі көбірек атқарады. Жақында шардаралық дәрігер Әзірет Ерназаровтың сүндеттеудің тәсілін  патенттеп алғаны жайлы естідім. Алғашында түсініңкіремей қалғаныммен, кейіннен мұның құптарлық іс екенін ұқтым. Себебі... 

Қазір батыстың дамыған елдерінен киіз үйді жиі көретін болдық. Көшпенді қазақтың баспанасы болған киіз үйді де бір күні шетелдіктер «меншіктеп» алса таңқалмаймын. Әрине, сүндеттеудің тәсілін  батыстықтар жекешелендіріп алады деп қауіптену қисынсыз. Өйткені мұсылман елдерінен басқа мемлекеттердің наным-сеніміне  сүндеттеу тура келмейді. Дегенменде сақтықта қорлық жоқ.   Айтпағым, бүгінгі заманда мүмкіндігінше қазақтың салт-дәстүрлерін, ұлттық тағамдарымыз бен қазаққа ғана тән  құндылықтарымызды паттендеп алудың артықтығы болмас деп ойлаймын.

Орынбасар Кемелбаев, 

Мұрағаттан, 2016 ж

Ілия Жақанов тек бір тайпа құрметтейтін тұлға ма?
Аңшылық маусымы басталды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу